Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жоба АЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.9 Кб
Скачать

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Құрылыс ауданының табиғи жағдайының мінездемесі.

1.1. Аймақтың бедері.

1.2. Климаттық шарттар.

1.3 Жел соғу бағыты.

2. Жолдың техникалық көрсеткіштерімен категорияларын анықтау.

2.1. Автомобиль жолдарының классификациясы.

3. Жолдың жобадағы және профильдегі элементтері.

3.1 Жол жобасы, сызықтар.

3.2 Жол бетінің белгілерін анықтау.

3.3 Жолдар жобасы, қмсықтар.

3.3.1 Бұрылу бұрышын графикалық тұрғызу.

3.3.2 Бұрылыстың бұрышын аналитикалық жолмен анықтау.

3.4 Жолдың бойлық профилі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

\

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарының маңызын олардың жалпы көліктік жұмыс пен әкімшілік және мәдени қамтамасыздандырудағы рөлі көрсетеді.

Көлік кез келген өндірістің ажырағысыз элементі болып табылады, ол ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің, өнеркәсіптің жеке түрлері мен жеке кәсіпкерлердің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Көлік Қазақстан Республикасындағы экономикалық даму үрдістерінің барлығына дерлік ықпалын тигізеді: өндірістік күшті орналастыру, жаңа аудандар мен табиғи байлықтарды игеру, тауар айналымын дамыту, халықтың өмірлік деңгейін және мәдениетін жақсартады.

Жүк көлеміне қарай автомобиль көлігі біздің Республикамызда бірінші орынға ие, себебі автомобильдер жүкті басқа автомобильдерге қарағанда көбірек тасымалдайды. Автомобиль көлігі өнеркәсіпте және ауышларуашылығындағы технологиялық үрдістерді қамтамасыз етеді, толықтай дерлік жергілікті тасымалды ұйымдастырады, ал қол жетімсіз қиын таулы аймақтарында жолаушылар мен жүк тасымалдаушының негізгі көзі болып табылады.

Автомобиль көлігінің негізгі артықшылықтарына келесілер жатады:

  • Кез келген аймақта көлік құралдарын жинақтайтын үлкен жылжымалылық және маневрлік;

  • Тиеу-түсіру жұмыстарының қажеттілігінсіз жүктерді белгіленген орындарға жеткізу және жіберілу орнында оларды қабылдау;

  • Теміржол және өзендік жолдарға қарағанда жолға тәуелсіздігі.

Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту – халықтық шаруашылықты дамыту мен автомобиль тасымалдарының өзіндік құнын азайтудағы ең негізгі мақсат.

  1. Құрылыс ауданының табиғи жағдайының мінездемесі

    1. 1.1. Аймақтың бедері

Жол аймағының бедері топографиялық карта бойынша қиылысқан болуы мүмкін. Бұл аудан жеке кішкене жыралар мен арқалықтар түрінде тілінген еңістері бар көтеріңкі плато түрінде көрсетілген. Бұл аймақтағы ең көп белгі – 160,00; кішісі –110,00-нан кем емес. Жоғарыда аталған кедергісі бар аймақтар жоқ. Жалпы аймақ бедері онша биік емес үйіндісі бар жер төсемін жобалауға мүмкіндік жасайды.

      1. 1.2. Климаттық шарттар

Климаттық шарттар бойынша аймақ Қазақстанның жеткіліксіз ылғалды зонасына жатады, аудандық жол-климат картасы бойынша ІҮ климаттық зонасына кіреді.

Аудан климаты бірқалыпты континенттік. Ауаның орташа жылдық температурасы 9,6oС. 0o C-дан төмен температура орташа15 желтоқсаннан 5 наурызға дейін 80 күн бойы сақталады, 5o-тан жоғары – 229 күн орташа 31 наурыздан 15 қарашаға дейін,10o-тан жоғары – 184 күн 24 сәуірден 25 қазанға дейін сақталады. Жаз ыстық, құрғақ, шілденің орташа айлық температурасы 22,1оС. Жылдық жауын-шашынның жалпы мөлшерінен 330-350 мм жаз айларында 104 мм түседі, ең көп мөлшері маусымда – 43 мм. Күз айларында жауынның жалпы мөлшері 84 мм-ден аспайды. Қыс едәуір аяз, орташа айлық температура - -20-28oC. Ең төмен температура ақпан айында -38oC. Топырақтың қату тереңдігі ақпанда 157 см-ге дейін жетеді. Қар жамылғысы бар күндер саны 72. Қыс айларында солтүстік-шығыс бағыттағы жел басымырақ.

      1. 1.3. Жел соғу бағыты

Қар ұстағыш құрылымдарды жобалағанда қыстық мезгілдегі желдің жылдамдығы мен бағытын есепке алу керек, ал асфальтты-бетонды зауыттың орналасу жағдайын таңдағанда және сызықтық жол қызметтерінің және қозғалыс қызметінің өндіріс ғимараттарын ауыстырғанда жаздық көрсеткіштерді есепке алу қажет. Желдің есептік жылдамдығын білу сонымен қатар беріктік пен жол белгілері және жол жабдықтарының тұрақтылығын есептеуде қажет.

Жел бағыттарын тұрғызғанда солтүстіктен солтүстік-шығысқа дейінгі жел бағыттарының қосындысы 100%-ға тең,сандар жылдық жел күндерінің жалпы пайызының бір бөлігін көрсетеді. Жел бағытын тұрғызудағы масштаб 1%=1 мм деп қабылданады.

Қаралып отырған аудан үшін қысқы мезгілде екі өзара перпендикуляр бағыттар қарастырылады: оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс-оңтүстік-шығыс, осыдан жол трассасының кез келген бағытындағы қар ұстау шараларын жобалау кажеттілігі туындайды. Жазғы мезгілде батыс бағыттағы жел басымырақ, демек ғимараттар мүмкіндік бойынша жолдың батыс жағынан орналасуы қажет, ал санитарлық құрылымдар – олардан шығысқа қарай.

Қыстың ең суық үш айларында желдің орташа жылдамдығы 3,4 м/c тең. Боран кезінде ол 4,6 м/c дейін жетеді. Боранды күндер саны- 26. Боран кезінде жел жылдамдығына байланысты қар ұстағыш дуалының тор саңылаулылығы 60% деп тағайындаймыз. Қысқы уақыттағы 1 мм қар ұстағыш жолаққа келетін қар мөлшері 70-75 м3/м-ге тең. Бұдан дуал қалқандарын жер бедерінің қасынан 50 м-ден жақын емес қашықтықта орнату керек.

Жаздың ең ыстық үш айларында желдің орташа жылдамдығы 3,3 м/с-ке тең, яғни қысқы желдер жылдамдығына жақын. Құрылым есептеулерінде жел жүктемесі үлкен мәнін қабылдаймыз – 3,4 м/с.