
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық №3 тақырып: «Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау».
- •№3 Тақырып: «Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау».
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Оқытудың аралас әдісі
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау:
- •8.Тәжірибелік сабақтың жоспары мен ұйымдастырылу құрылымы
- •Тестік тапсырмалар
- •Тестік тапсырманың жауап эталондары
- •Ситуациялық есептер Есеп № 1
- •Есеп №2
- •Есеп № 3
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Жауап эталондары
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Амбулаторлық-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ Кафедрасы |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ |
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық №3 тақырып: «Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау».
Дайындаған: асс.Зулхажы А.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
№3 Тақырып: «Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау».
2.Мақсаты: Студенттерге ЭКД, ЛГД, ЖАД, мешел, ТТА диагностикасы, емі, диспансерлік бақылау мәселелері бойынша жүйелі білім беру.
Студенттерде осы аурулар бойынша қауіп топтарын анықтау және амбулаториялық емге көрсеткіштерін анықтау дағдысын қалыптастыру.
ЭКД, ЛГД, ЖАД, мешел, ТТА диагностикасы, емі, диспансерлік бақылау мәселелері бойынша алған білімдерін қолдану тәжірибісін қалыптастыру.
Қарап тексеру кезінде алынған клиникалық-зертханалық мәліметтерді зерделеу және ұқсас клиникалық симптоматикамен жүретін ауруларды дифференциалды диагностика жүргізу дағдысын меңгеру.
Клиникалық ойлау негіздерін, медициналық этика мен деонтология ережелерін сақтай отырып, науқаспен, олардың туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынас орната білу дағдыларын, кәсіби білімді алу қажеттілігін және пәнді оқу қызығушылығын қалыптастыру.
Студенттерде фондық патологиялары бар балаларды емхана жағдайында диспансерлік бақылау мәселелері бойынша кәсіби ептілік пен коммуникативтік дағдыларды қалыптастыр.
3. Оқыту міндеттері:
Студенттерді фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау тактикасына үйрету.
Зерттеу әдістерін негізді тағайындауға және зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасау принциптерін меңгеру.
Амбулаториялық жағдайда гипотрофиямен, паратрофиямен балаларды емдеу принциптерін және емдәммен емдеу үшін тамақты есептеуді үйрету.
Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау жоспарын құру және диспансерлік бақылау картасымен (ф.30) жұмыс істеу тәжірибелік дағдыларын үйрету.
Фондық патологиялардың алдын алу тәсілдерімен таныстыру.
Дәрігер-педиатрдың құқықтық және адамгершілік қалыптарын тәрбиелеу
Студенттерде науқаспен және оның туысқандарымен анамнезді нақты, әрі толық алу үшін сенімді қарым-қатынас орнату қабілеттілігін дамыту.
Студентте әріптестерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Фондық аурулардың этиологиялық факторлары және балаларды даму «қауіп топтарына» анықтау
- Гипотрофиямен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, алдын алу)
- Паратрофиямен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, алдын алу)
- Экссудативті-катаральді диатезбен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, алдын алу)
- Лимфатико-гипопластикалық диатезбен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, алдын алу)
- Жүйке-артритикалық диатезбен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, алдын алу)
- Мешелмен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, арнайы және арнайы емес алдын алу)
- Темір тапшылықты анемиямен балаларды диспансерлік бақылау (мерзімі, балаларды қарау жиілігі, емдеудің негізгі принциптері, зертханалық зерттеулер жүргізу жиілігі, арнайы және арнайы емес алдын алу)