Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тема 5 мет.рек. ОМ5курс.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.14 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Амбулаторлық-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ Кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Тәжірибелік сабаққа арналған

Әдістемелік нұсқаулық

№ 5Тақырып: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас

Балаларды жүргізу ерекшеліктері»

5-курс

Дайындаған: асс. Мамбетова И.З.

толықтырған: доц.Сарбасова Ж.О.

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

1.Тақырып: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»

2.Мақсаты:

Амбулаторлық жағдайда диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқастарды жүргізу туралы студенттердің білім жүйесін қалыптастыру.

Диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен науқас балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтау дағдыларын, амбулаторлық жағдайда емдеу көрсеткіштерін және қатер тобын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқастарды жүргізу жөніндегі алған білімдерін қолдану тәжірибесін қалыптастыру.

Клиникалық белгілері ұқсас аурулармен дифференциялдық диагноз қою дағдылары мен алынған клиникалық-зертханалық мәліметтерді сыни түрде талдай білу дағдыларын игеру.

Клиникалық ойлау, науқаспен, оның туыстарымен қарым-қатынас дағдылары, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау негіздерін, кәсіптік білім алу қажеттілігін және пәнді оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттерге диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу тактикасын үйрету.

Балалардағы диспепсиялық синдром, бауыр ауруларына диагноз қоюда дұрыс негіздеп, зерттеу әдістерін тағайындау, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру;

Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен ауыратын балаларды емдеу және диетотерапия принциптерін оқыту.

Диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен балаларды диспансерлік бақылау жоспарын құру принциптерін үйрету.

Балалардағы бауыр аурулары мен диспепсиялық синдромның дамуының алдын алу жүргізілетін әдістермен таныстыру.

Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Педиатр-дәрігер қызметінің құқықтық және құлықтық нормаларына тәрбиелеу.

Нақты және толық клиникалық-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- Балалар емханасындағы гастроэнтерологиялық бөлменің жұмыс принципі.

- Гастроэнтеролог-дәрігердің функционалды міндеттері.

- Емшек жасындағы балаларда диспепсиялық синдромның даму себептері.

- Ересек жастағы балаларда диспепсиялық синдром дамуының этиологиялық фокторлары.

- Балалардағы асқазанның жара аурулары, 12 елі ішектің ойық жара ауруларына диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

- Балалардағы созылмалы гастрит, гастродуоденит диагноз қою критериялары, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

- Жедел және созылмалы колит, энтероколитке диагноз қою критериялары, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

- Балалардағы жедел және созылмалы панкреатит диагнозын қою критериялары, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

- Балалардағы жедел және созылмалы холецистит, холецистохолангит диагноз қою критериялары, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

- Балалардағы гастроинтестинальды жүйенің функционалды бұзылыстарына (функционалды диспепсия, өт қабының дискенезиясы, тітіркенген ішек синдромы) диагноз қою критериялары, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;

- Балаларда бауыр ауруларының даму себептері (Вильсон ауруы, кистозды фиброз, гепатиялық порфириялар, аутоиммунды гепатиттер,созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы);

- Бауыр аурулары бар балаларды кешенді зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: