
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Амбулаторлық-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ Кафедрасы |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ |
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
№6 тақырып: «Балалар емханасында жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру. Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері».
5-курс
Дайындаған: асс. Зулхажы А.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
1. №6 тақырып: «Балалар емханасында жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру. Шала туған нәрестелерді дәрігерлік бақылау ерекшеліктері».
2. Мақсаты: Студенттерде балалар емханасы жағдайында жетіліп туған және шала туған жас нәрестелерге емдеу-алдын-алу көмегін ұйымдастыру, жүргізе білу бойынша білімін, дағдысын қалыптастыру.
Студенттерде нәрестелер денсаулық жағдайын анықтауға және қатер топтарын ажыратуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыпастыру.
Жаңа туған нәрестелерді диспансерлік бақылау сұрақтары бойынша алған білімдерін қолдану тәжірибесін қалыптастыру.
Жаңа туған нәрестелерді қарап тексеру кезінде алынған мәліметтерді зерделеу және жас нәрестелердің физиологиялық ерекшеліктерін бағалай білу дағдысын меңгеру.
Клиникалық ойлау негіздерін, медициналық этика мен деонтология ережелерін сақтай отырып, науқаспен, олардың туысқандарымен, әріптестермен қарым-қатынас орната білу дағдыларын, кәсіби білімді алу қажеттілігін және пәнді оқу қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
Балалар емханасында жүкті әйелдерді бақылауды ұйымдастыру принциптерін үйрету;
Дені сау нәрестенің дене, жүйке-психикалық даму ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; Жас нәрестенің күтімі принциптерін үйрету (тамақтануы, гигиена, уқалау, гимнастика);
Қауіп тобындағы шала туған нәрестелерді бақылауды ұйымдастыру принциптерін үйрету;
Жас нәрестеге үйде патронаж жасау тәжірибелік дағдыларын үйрету;
ҚР ДМ-ні 2007ж.22 қарашасындағы № 691 бұйрығының негізгі ережелерін үйрету;
Нәрестелердің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін үйрету
Шала туған жас нәрестелерді бақылау ерекшеліктерімен таныстыру
1 жасқа дейінгі балалардың диспансерлік бақылау жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру және бекіту.
Студенттерде жас нәрестенің ата-анасымен, оның туысқандарымен анамнезді нақты, әрі толық алу үшін сенімді қарым-қатынас орнату қабілеттілігін дамыту.
Студенттерде әріптестерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту.