
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1.№7 Тақырып: «Иммундық алдын алу».
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •5.Оқыту және үйрету тәсілдері: Оқытудың аралас әдісі
- •6. Әдебиеттер
- •Бақылау: Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
- •Тестік тапсырмалар
- •Есеп № 2
- •Есеп № 3
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Ситуациялық есептер жауап эталоны
Есеп № 2
Балаға 3 ай, V АКДС + ВПП жасалды, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ санындажергілікті гиперемия, тығыздалу байқалады.
Тапсырма:Иммунизацияның қандай тактикасын таңдайсыз және қандай диагноз қоясыз:
А)жергілікті поствакцинальды реакция, инъекция орнына йодты сетка, спиртті компресстер жасап, уқалау қажет.Балаға егу алдында 3-4 күн бұрын және егуден кейін 3-4 күн антигистаминді препарат беру қажет.
B)жалпы поствакцинальды реакция,парацетамол беру қажет. Егу алдында 1 ай бұрын және егуден кейін 1 ай антигистаминді препаратты береміз.
C)дені сау, вакцинация жассына сәйкес.
D)поствакцинальды реакция, инъекция орнына антигистаминді инъекция, спиртті компресстер жасап,уқалау қажет. Балаға егу алдында 3-4 күн бұрын және егуден кейін 3-4 күн антигистаминді препарат беру қажет.
E) поствакцинальды реакция,еш нәрсенің қажеті жоқ.
Есеп № 3
Балаға 4 ай, шала туды, салмағы 1600 г. Босану үйінде БЦЖ егуі вакцина болмауына байланысты жасалған жоқ.
Тапсырма:Иммунизацияның тактикасын таңдаңыз:
А) 1 айға дейін балаға БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз, 1 айдан кейін Манту сынамасымен жасалады.
B)балаға БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз жасайды.
C) 2 айға дейін балаға БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз, 1 айдан кейін Манту сынамасымен жасалады.
D)6 айға дейін балаға БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз, 6 айдан кейін Манту сынамасымен жасалады.
E)1 жасқа дейін балаға БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз, 1 жастан кейін Манту сынамасымен жасалады.
Есеп № 4
8 жастағы бала қызылшамен ауырып қалды, жанұяда тағы 2 бала бар. Біреуі 1 жаста,екіншісі 6 жаста. 1 жастағы бала қызылшаға қарсы егу алған жоқ, 6 жастағы бала да қызылшаның RV –алған жоқ. Қазіргі уақытта балалар қызылша бойынша байланыста болғандар.
Тапсырма:Қызылшамен ауырған науқас баланың ошағында қандай шаралар тактикасын таңдайсыз:
А)балаларды екпейді,қатынаста болғандарды бақылайды, науқас баланы бөлектейді немесе 14 күнге ауруханаға жатқызады
B)14 жасқа дейінгі байланыста болған балалардың барлығын қызылшаға қарсы егу керек, науқас баланы изоляциялайды немесе 45 күнге ауруханаға жатқызады
C)байланыста болғандарды екпейміз,байланыста болғандарды 25 күн бақылаймыз,науқас баланы изоляциялайды немесе 7 күнге ауруханаға жатқызады
D)мектепке дейінгі егілмеген байланыста болған барлық балаларды егу керек, 1 жастағы балаға қызылшаға қарсы, 6 жастағы балаға қызылша ревакцинациясы жасалады, науқас баланы изоляциялайды немесе 21 күнге ауруханаға жатқызады
E)25 жастағы барлық байланыста болғандарды қызылшаға қарсы егеміз. 1 жастағы балаға қызылша вакцициясын, 6 жастағы балаға қызылша ревакцинациясын жасау керек.науқас баланы изоляциялайды немесе 17 күнге ауруханаға жатқызады
Есеп № 5
Бал 3,5 айлық, жасына сәйкес егілген. Қараған кезде сол жақ иықтың үштен бір бөлігінде 20 мм инфильтрат, ортасында жараға айналған.
Тапсырма:Иммунизацияның қандай тактикасын таңдайсыз және қандай диагноз қоясыз:
А)егуге қалыпты реакция,ревакцинацияжасына сәйкес
B) поствакцинальды жергілікті реакция,емделуі учаскелік педиатрмен,ревакцинация жасына сәйкес
C) поствакцинальды жергілікті реакция, фтизиатрдың кеңесі,ревакцинацияжасалмайды
D) поствакцинальды жергілікті реакция, фтизиатрдың кеңесі,ревакцинация жасына сәйкес
E) поствакцинальды жергілікті реакция, иммунологтың кеңесі, ревакцинация жасалмайды