
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар
- •1.№7 Тақырып: «Иммундық алдын алу».
- •2. Мақсаты:
- •3.Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- •5.Оқыту және үйрету тәсілдері: Оқытудың аралас әдісі
- •6. Әдебиеттер
- •Бақылау: Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
- •Тестік тапсырмалар
- •Есеп № 2
- •Есеп № 3
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Ситуациялық есептер жауап эталоны
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
АмбулаторЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ КафедраСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР |
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар
№7 тақырып: « Иммундық алдын алу».
5-курс
Дайындаған: асс.Смагулова А.Б.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012 ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
1.№7 Тақырып: «Иммундық алдын алу».
2. Мақсаты:
Жұқпалы ауруларға арнайы иммундық алдын алуды жүргізу мәселелері бойынша студенттердің білім жүйесін қалыптастыру.
Студенттердің егуге көрсеткіштерді анықтауға қажетті шеберліктерін қалыптастыру.
Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу мәселесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыру.
Егу алдында алынған клиникалық-зертханалық мәліметтерді сыни тұрғыдан түсіну шеберлігін қалыптастыру.
Клиникалық ойлау негіздерін, науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережесін сақтау дағдыларын, кәсіптік білім алу қажеттігіне және пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
3.Оқыту міндеттері:
Студенттерді балалар емханасының иммунолог дәрігерінің міндеттерімен таныстыру.
ҚР ДМ 30.12.2009 ж. №2295, 25.04.2011 ж. №218 «Туберкулезге қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы», 17.04.2011 ж. №404 бұйрықтарымен таныстыру.
Егу жүргізуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштермен таныстыру.
Жеке егу жоспарын жасауға үйрету.
Егу жүргізу техникасымен таныстыру.
Вакцинамен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережесімен таныстыру.
«Суықтық желісі» жаңа түсінігін енгізу.
Егу алдында қанның зертханалық талдауына интерпретация жасауды үйрету.
Балаларды амбулаторлық қабылдау және баланың даму тарихын (112/у ф.) толтыру дағдыларын қалыптастыру.
Балалармен және оның ата-анасымен әңгімелесі үшін коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
Жұқпалы аурулардың алдын алуға байланысты тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізе білуге үйрету;
Педиатр дәрігер қызметінде құқықтық және адамгершілік нормасын сақтауға тәрбиелеу;
«Фондық аурулары бар балаларға жеке егу күнтізбесін жасау» тақырыбына презентация дайындаудағы студенттің өзін өзі дамытуы.
Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.
Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
4. Тақырып бойынша тапсырмалар:
- ҚР-дағы егу күнтізбесі,
- алдын алу егу жоспарын құрастыру;
- балаларды егуге жіберу мақсатымен тексеру әдістемесі;
- БЦЖ вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина енгізу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар, асқынуы);
- полиомиелитке қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцинаға мінездеме, күнтізбелік мерзім, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар,асқынулар);
- АКДС вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзім, вакцина енгізу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);
- гепатит В-ға қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзім, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);
- ККП вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер,вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);
- гемофильді инфекцияға қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);
- иммунолог дәрігердің міндеттері;
- егу бөлмесінің құжаттары;
- егу жүргізгеннен кейін баланы бақылау.