Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тема 8 мет.рек.ОМ 5курс.каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.31 Кб
Скачать

Жауап эталондары

1 – С

2 – D

3 – А

4 – B

5 – D

6 – C

7 – D

8 – B

9 – C

10 – C

11 – D

12 – B

13 – D

14 – C

15 – D

16 – C

17 – C

18 – C

19 – А

20 – E

21 – С

22 – D

23 – D

24 – D

25 – D

Ситуациялық есептер

1 есеп

Бала 3 айлық, дене салмағы 5 кг, секреторлы диареямен ауырады. Қараған кезде мазасыз, су ішкенде тез, асығып ішеді,ауызы мен тілі құрғақ, тері қатпарлары тез жазылады, көздері аздап ішіне кірген.

Тапсырма:Диагноз қойып, дәрігер тактикасын таңдаңыз:

А) аздап сусыздану, ауыз арқылы регидронды тұз (ПРС), мырыш дәрілерін тағайындау, тамақтану үлгі бойынша (Б жоспары)

B)ауыр сусыздану, қажетті антибиотиктің алғашқы дозасын беріп, дееру стационарға жіберу

C) ауыр созылмалы диарея, стационарға жіберу алдында сусыздануды емдеу

D) дизентерия, 3 күн бойы ципрофлоксацин беріп, сусыздануды емдеу және мырыш беру

E) мүмкін бактериальды инфекция, антибиотик тағайындау.

2 есеп

Бала 8 айлық. Жөтелгеніне 1 айдай уақыт болғанына анасы шағымданады. Учаскелік педиатр қараудан кейін пневмонияның немесе ауыр аурудың белгілерін тапқан жоқ. Қойылған диагноз: суық тию, жедел бронхит.

Тапсырма: Дәрігердің тактикасын таңдаңыз:

А) үйде емдеуді жалғастыру

B) баланы профилакторийге жіберу

C) баланы ары қарай тексеруге және жағдайын бағалау үшін стационарға жіберу

D) баланы санаторийге жіберу

E) баланы күндізгі стационарға жіберу

3 есеп

4 жастағы баланы қараған кезде ылғалды жөтелі бір апта бойы мазалайды, тыныштықта жиілеген тыныс бар, стридор жоқ, кеуде қуысының төменгі бөлімінің ішке тартылуы жоқ. БАБЖ бағдарламасы бойынша келесі категория таңдалды-пневмония.

Тапсырма: БАБЖ алгоритмі бойынша емдеу тактикасын таңдаңыз:

А) кеуде қуысының R-графиясын жасап, стационарға шұғыл жіберу

B) ауыз арқылы 3 күн антибиотик беру, тамағын жұмсартып, жөтелді жеңілдету, дәрігерге 2 күннен кейін келеді

C) кеуде қуысының R-графиясын жасамай, тексеруге жіберу

D) кеуде қуысының R-графиясын жасап, келесі қабылдау 5 күннен кейін

E) кеуде қуысының R-графиясын жасамай, оральды регидротацияны жүргізу

4 есеп

Машаға 14 ай. Анасының айтуынша, балада 3 апта бойы диарея. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Үлкен дәретінде қан жоқ. Қарағанда бала жылайды, мазасызданады. Көздері ішіне қарай кірген. Су ішкенде тез, асығып ішеді. Тері қатпары тез жазылады.

Тапсырма: Бала жағдайын бағалаңыз:

А) сусыздану жоқ

B) аздаған сусыздану

C) ауыр сусыздану

D) дизентерия

E)ауыр ұзаққа созылған диарея

5 есеп

Бала 7 айлық. Анасының айтуынша, 5 күн бойы қан аралас сұйық нәжіс тәулігіне 2-3 ретке дейін,қайталап құсқан. Бала мазасыз, жылайды, әлсіздеу, мүлдем тамақ жемейді, көздері ішіне кірген,тері қатпарлары баяу жазылады.

Тапсырма:Бала жағдайын бағалап, учаскелік дәрігердің тактикасын таңдаңыз:

А) дизентерия, антибиотик, мырыш тағайындап, сусыздануды емдеу, келесі қабылдау 2 күннен кейін

B) аздаған сусыздану, регидрон ішкізу

C) сусыздану жоқ, келесі қабылдау 5 күннен кейін

D) ауыр ұзаққа созылған диарея, ауруханаға жатқызу

E) ұзаққа созылған диарея, регидрон ішкізу