Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тема 8 мет.рек.ОМ 5курс.каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.31 Кб
Скачать

Тестік тапсырмалар

1. Бала 1 жас 6 айда, кеуде қуысының төменгі бөлімі ішіне тартылған. Тыныс алу жиілігі 40. БАБЖ жіктелуі бойынша қандай диагноз дұрыс:

А) Ауыр пневмония

B) ЖРВИ, ЖТЖ ІІ-дәрежелі

C) ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

D) Жедел бронхит, ЖТЖ І

E) Обструктивті бронхит. ЖТЖ І

2. Бала 1 жаста. Ауырғанына 1 күн болды. Жөтелі құрғақ, үрген тәрізді. Тыныс алу жиілігі – 57. БАБЖ бағдарламасы бойынша осы жасқа сәйкес тыныс алу жиілігінің қандай көрсеткіштеріне қарап жиілеген тыныс туралы айтуға болады:

А) 49

B) 30

C) 61

D) 45

E) 38

3. БАБЖ бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда қандай мәселелер қаралады:

А) Диарея

B) Мұрын бітелуі

C) Бөртпе

D) Артралгия, миалгия

E) Түшкіру

4. Қабылдау бөлімінде дәрігер 2 жастағы ұл балада жиілеген тыныс, тыныштықта кеуде қуысының ішіне тартылуын анықтаған. БАБЖ бағдарламасына сәйкес осы жағдай қалай жіктеледі:

А) Пневмония, ЖТЖ ІІ-дәрежелі

B) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

C) Жайылмалы пневмония, ЖТЖ ІІІ-дәрежелі, ауыр ағым

D) Жедел обструктивті бронхит, ЖТЖ ІІ-дәрежелі

E) Өте ауыр пневмония

5. Қараған кезде балада пнвмония немесе өте ауыр аурудың белгілері болмаса, бірақ жөтел бар, дене қызуы 37,4 °С; БАБЖ бағдарламасына сәйкес қандай категория қойылады:

А) Бронхит

B) Ларинготрахеит

C) ЖРВИ

D) Пневмония жоқ, жөтел немесе тұмау

E) Трахеит

6. Қыз бала стационарға 37,8°С дене қызуымен, коньюнктивитмұрын бітелуі ылғалды жөтелмен түседі. Аускультативті: қатты тыныс,сырылдар. БАБЖ бағдарламасы бойынша диагноз қойыңыз:

А) Асқынған қызылша

B) Созылмалы қызба

C) Қызылша

D) Бактариялық инфекция болуы мүмкін

E) Ауыр асқынған қызылша

7. Бала 1,5 жаста,ауырғанына 1 апта болған. Сұйық нәжіс тәулігіне 5-6 ретке дейін, 1 рет құсу болған. БАБЖ бағдарламасы бойынша сусыздану дәрежесін анықтау үшін қандай белгіні табу керек:

А) Құсу

B) Жастың болуы

C) Іші тартылған

D) Тері қатпары тез қалпына келеді,өте тез,өте баяу

E) Диурезды тексеру

8. Бала 2 жаста. Диарея. Әлсіз,мазасыз,құсу 2 ретке дейін болған,сұйық нәжіс 3 рет,шырыш аралас. БАБЖ бағдарламасы бойынша қандай белгі бойынша сусыздану дәрежесін анықтайды:

А) Іші тартылған

B) Көзі ішіне кірген

C) Шырышты қабаттары құрғақ

D) Сфинктерит

E) Жастың болуы

9. Бала 5 жаста, қабылдау бөліміне 38,8°С дене қызуымен түсті,шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі байқалады. БАБЖ бағдарламасы бойынша қызба қалай жіктеледі:

А) Менингококкты инфекция

B) Белгісіз этиологиялы қызба

C) Өте ауыр фебрильды ауру

D) Менингит

E) Мүмкін бактериальды инфекция

10. Бала 1 жаста. Қызба 7-күн, ата-анасы дене қызуын парацетамолмен түсіреді, бірақ температура қайта көтеріледі. БАБЖ бағдарламасы бойынша бала диагнозы:

А) Асқынбаған қызба

B) Аса ауыр фебрильді ауру

C) Ұзаққа созылған қызба

D) Белгісіз этиологиялы қызба

E) Менингит

11. Баланың ауырғанына 2-күн, мұрнынан бөлініс бар,жөтел, дене қызуы 37,5°С жоғарлаған. Ұйқысы бұзылмаған. Антибиотиктер қабылдамайды. БАБЖ бағдарламасы бойынша қызба жіктеледі:

А) Аса ауыр фебрильді ауру

B) Белгісіз этиологиялы қызба

C) Менингит

D) Асқынбаған қызба

E) Ұзаққа созылған қызба

12. Баланы қару кезінде тыныс алу жиілігі минутына-45. Жасы 2,5-да, жөтелі бар. Тыныс алу жиілігінің қандай көрсеткіші жиілеген тынысты көрсетеді:

А) 32

B) 42

C) 36

D) 39

E) 20

13. Балада жиілеген тыныс және жөтел бар. БАБЖ бойынша мүмкін болатын диагноз:

А) Жедел бронхит

B) Белгісіз этиологиялы ЖРВИ

C) Жедел ринит

D) Вирусты-бактериальды пневмония

E) Жедел гайморит

14. 3 жастағы ұл бала қабылдау бөліміне тыныс алудың қиындауымен, жөтелмен түседі. Науқас балада интегрирленген түрде жүргізу бойынша (БАБЖ) жөтел мен тыныс алу қиындығының көрсеткішін анықтаңыз:

А) Жөтелдің сипаты

B) Тамақтың ауыруы

C) Кеуде торының төменгі бөлімінің тартылуы

D) Ес бұзылуы

E) Тамағында ақ жабынды

15. БАБЖ бағдарламасы бойынша тыныс алу жиілігін санауда келесі ережелерді сақтау керек:

А) 15 секунд ішінде санау, 4-ке көбейту

B) Фонендоскопты қойып 30 секунд ішінде санау, 2-ге көбейту

C) 20 секунд ішінде санау,3-ке көбейту, негізгі шарт-бала тыныш жағдайда болу керек

D) Фонендоскоппен санау, «көзбен» 1 минут ішінде, тек бала тыныштықта болу керек

E) 10 секунд ішінде санау, 6-ға көбейту

16. Бала 1,5 жаста. Тыныс алуы қиындаған. БАБЖ бағдарламасы бойынша астмоидты тыныс немесе обструкцияны есту үшін не істеу керек:

А) Фонендоскопты қойып –аускультацияны жүргізу

B) Бала ұйықтап жатқанда аускультацияны жүргізу

C) Баланың аузына құлақты жақындату керек, себебі ысқырық әлсіз естілуі мүмкін

D) Тынысты қашықтықтан бағалау керек

E) Белсенді жағдайда тынысты санау керек

17. Астмоидты тыныс кезінде БАБЖ бойынша қандай бронходилятор қолданылады:

А) Содалы ингаляциялар

B) Амтерсол

C) Сальбутамол

D) Амбросан

E) Лазолван

18. Қабылдау бөлімінде 2 жастағы балада тыныс алу қиындаған. Тыныштықта стридор. БАБЖ бойынша диагноз қойыңыз:

А) Суық тию

B) Пневмония

C) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

D) Бөгде зат

E) Демікпе

19. 11 айлық балада астмоидты тыныс. Дене қызуы 37,9с. Жөтел бар, сұйықтықты нашар ішеді. Тыныс алу жиілігі 58. БАБЖ бойынша диагноз қойыңыз:

А) Пневмония

B) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

C) Ауыр пневмония

D) Демікпе

E) Ауыр пневмония

20. Қабылдау бөлімінде бала асталинмен тыныс алды. 20 минуттан кейін жиілеген тыныс жоғалды. Тыныс алу жиілігі – 36. Жасы – 1,5. Температурасы – 37,2°С. БАБЖ бойынша диагноз қойыңыз

А) Жөтел немесе тұмау

B) Пневмония

C) ЖРВИ

D) Обструктивті бронхит

E) Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс

21. 3 жастағы балада астмоидты тыныс бар,кеуде қуысының төменгі бөлімінің тартылуы көрінеді.Дене қызуы 37,8°С. Жөтелі бар. БАБЖ бойынша диагноз қойыңыз:

А) Пневмония

B) Демікпе

C) Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

D) Обструктивті бронхит, ЖТЖ ІІ-дәрежелі

E) Жоғарыда айтылғандардың барлығы

22. БАБЖ бағдарламасы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесетін келесі мәселелерді қарастыруға болады:

А) Түшкіру

B) Мұрын бітелуі

C) Артралгия

D) Диарея

E) Миалгия

23. Балада 2 күн бойы қызба. Дәрігер БАБЖ бойынша асқынбаған қызба категориясын қойды. БАБЖ бойынша температураны төмендету үшін қандай препарат ұсынылады:

А) Аспирин

B) Нимез

C) Тайленол

D) Парацетамол

E) Тромбо – ас

24. «Қызба» алгоритмін өтуде БАБЖ бағдарламасына қандай ауа-тамшы инфекциясы еңгізілген:

А) Қызамық

B) Жаншау

C) Желшешек

D) Қызылша

E) Паротитті инфекция

25. Бала 1 жаста, стационарға ауыр жағдайда түседі. БАБЖ бойынша қандай жалпы қауіп белгілерінің болуын тексереміз:

А) Цианоз – бар немесе жоқ

B) Жұту және сору рефлекстерінің болуы

C) Мұрын бітелуінің болуы

D) Есінің болуы немесе болмауы

E) Перифериялық лимфа түіндерінің ұлғаюы