
- •Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар Тақырып №8: «ддұ бағдарламасы бойынша балалар ауруларын біріктірген түрде жүргізу»
- •1.Тақырып № 8: ддұ бағдарламасы бойынша балалар ауруларын біріктірген түрде жүргізу»
- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту талаптары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқыту және үйрету тәсілдері: Оқытудың жиынтықты әдістері
- •Әдебиеттер
- •Бақылау:
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
- •Тестік тапсырмалар
- •Жауап эталондары
- •Ситуациялық есептер
- •Ситуациялық есептер
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
АмбулаторЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ КафедраСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ |
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныстар Тақырып №8: «ддұ бағдарламасы бойынша балалар ауруларын біріктірген түрде жүргізу»
5-курс
Дайындаған: асс. Смагулова А.Б.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012 ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.
1.Тақырып № 8: ддұ бағдарламасы бойынша балалар ауруларын біріктірген түрде жүргізу»
2. Мақсаты:
ЖРИ-мен науқас балаларды интегрирленген түрде жүргізу бойынша кәсіби шеберлігін, білім жүйесін қалыптастыру.
ЖІИ-мен науқас балаларды интегрирленген түрде жүргізу бойынша кәсіби шеберлігін, білім жүйесін қалыптастыру.
Студенттерде аурудың ауырлығын анықтау, амбулаторлық емдеуге, стационарға жатқызуға көрсеткіштерді және клиникалық көріністерді анықтауға мүмкіндік беретін, ары қарай бақылау үшін шеберлікті қалыптастыру.
ЖРИ және ЖІИ емдеу, ары қарай бақылау және диагноз қою мәселесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыру.
Клиникалық ойлау негіздерін, науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережесін сақтау дағдыларын, кәсіптік білім алу қажеттігіне және пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқыту талаптары:
Науқас балаларды интегрирленген түрде жүргізумен студенттерді таныстыру.
Бала жағдайын ДДҰ бағдарламасы бойынша бағалауды үйрету.
ДДҰ бағдарламасы бойынша «Ауруды жіктеуді»студенттерге үйрету.
Науқас баланың жасына және патологиясына сәйкес амбулаторлық жағдайда ДДҰ бағдарламасы бойынша ем жүргізудің сәйкес үлгісін таңдауды үйрету.
Анасына үй жағдайында арнайы емдік шараларды жүргізуді, анасына тамақтану жөнінде кеңес беру және қандай жағдайларда көмек шақыруды түсіндіру дағдыларын қалыптастыру.
Пациент және оның ата-анасымен қарым-қатынас дағдыларын үйрету.
Қанның зертханалық көрсеткіштеріне интерпретация жасауды студенттерге үйрету.
Дәрігер-педиатрдың құқықтық және адамгершілік тәқалыптарын тәрбиелеу.
Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.
Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Бала жағдайы туралы анасына сұрақтар.
- Науқас баланы қарау.
- Қиындаған тыныс және жөтелді жіктеу.
- Тамағындағы ауырсынуды жіктеу және бағалау.
- Вирусты инфекцияны жіктеу және бағалау.
- Пневмонияны жіктеу және бағалау.
- Диареяны жіктеу және бағалау.
- Қызбаны жіктеу және бағалау.
- Ауыр жіктелуі бар баланы жолдау.
- Стационарға жолдама қажет етпейтін балаларға ем тағайындау.
- Регидратация методикасы.