Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%B91.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.65 Кб
Скачать

Эпидемиологиялық зерттеу әдістерінің негізгі топтарының сипаттамасы.

Эпидемиологиялық әдіс - эпидемиялық процестің себеп-салдарлы байланысын анықтауда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер мен амалдардың жиынтығын басқаша айтқанда, ол- жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, берілу, таралу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бағалауда қолданылатын әдістердің жиынтығы.

Эпидемиологиялық әдістің құрылымы төмендегі бөлімдерден тұрады:

1. Дескриптивті (эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау). Мақсаты: жұқпалы аурулардың пайда болу жағдайы мен себебін анықтау; қауіп-қатердің алдыңғы себебін анықтау (қатерлі аумақ, объект); эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологясын дәлелдеу.

2. Аналитикалық. Мақсаты: қауіп-қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау және эпидемиологиялық диагноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты эпидемияға қарсы шаралардың бағытын анықтау.

3. Статистикалық. Мақсаты: сырқаттанушылық деңгейінің дұрыстық дәрежесін сандық бағалау; эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау.

4. Эксперименталдық. Мақсаты: Болжауды дәлелдеу; эпидемияға қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау.

5. Математикалық үлгілеу. Мақсаты: Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі бөлімдері.

В.Д. Беляков бойынша эпидемиялық процесс бұл белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайларда, адамдарда манифесті және симтомсыз формада жұқпалы аурулардын байқалуы, гетерогенді паразит популяция мен гетерогенді иесі популяциясы өзара байланысу (әсерлесуі) процесі.

Эпидемиялық процесс туралы ілім өзара байланысқан 3 тараудан түрады: (кесте №1)

  1. Эпидемиялық процестің факторлары. Факторлары ЭП неліктен пайда болады деген сұраққа жауап береді.

  2. Эпидемиялық процестің даму механизмі. ЭП қалай дамиды?

  3. Эпидемиялық процестің байқалуы (білінуі). ЭП немен байқалады, қалай көрінеді және оның белгілері қандай?

Эпидемиялық процестің биологиялық, әлеуметтік, табиғи факторлары. Олардың эпидемиялық процестің дамуына әсер етуі.

Биологиялық факторға жатады: гетерогенді паразит популяциясы мен гетерогенді иесі популяциясы. Осы популяциялардын ішкі қасиеттері ЭП биологиялық факторды анықтайды.

Биологиялық фактор – бұл эпидемиялық процестің даму себебі. Паразитизм – бұл түрлік қасиет.

Паразиттерді үш категорияға бөлуге болады: облигатты, факультативті, кездейсоқ.

  1. Облигатты паразиттер – тек тірі организмдер есебінен өмір сүреді, ал басқа жағдайларда тіршілігін жояды. Олар тек организм иесімен байланысты болады және олардың сыртқы ортада өмір сүруі мүмкін емес.

  2. Факултативті паразиттер - тірі организмдер есебінен де, өлі заттармен де қөректенеді (ботулизм, сіреспе).

  3. Кездейсоқ паразиттер – олар үшін сыртқы орта (топырақ, су, өсімдіктер және басқа да органикалық субстраттар) әдеттігі өмір сүру ортасы болып саналады.

Әлеуметтік фактор – бұл адамдардың өндірістік немесе тұрмыстық жағдайда өз-ара қатынасуы, қоздырғыштар паразитизміне мүмкіндік береді немесе бөгет болады (адамдардың шоғырлануы дәрежесі, тұрмыстық және енбек етудін санитарлық-гигиеналық жағдайлары, санитарлық мәдениеті, денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы); эпидемиялық процестінің даму мүмкіндігі мен ауқымын анықтайды және паразит эволюциясына ықпал тигізеді.

Табиғи факторлар – бұл климат пен ландшафт жағдайы. Әлеуметтік себебімен қатар, эпидемиялық процестің дамуына ықпал етеді немесе бөгет болады. Табиғи-ошақтық аурулармен кейбір трансмиссивтік, антропонозды аурулар кезінде үлкен мағынасы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]