Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
%B91.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.65 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/02

Ип №6 умс при КазГма

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: «Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары».

Пәні: БДО 26 Epid – 3226 «Эпидемиология»

Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»

Курс: 3

Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды – 2011ж.

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ___1___

"___01___" _____09_____ 2011ж.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

Тақырыбы: «Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары.».

Мақсаты: эпидемиологияның теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Эпидемиологияның медициналық және эпидемиялық процесс туралы ғылым ретінде қалыптасуы.

2. Эпидемиологияның құрылымы және медициналық ғылым жүйесіндегі орны

3. Эпидемиологияның қазіргі кездегі мәселелері және тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы маңызы.

4. Эпидемиологиялық зерттеу әдістерінің негізгі топтарының сипаттамасы.

Дәріс тезистері:

Эпидемиологияның медициналық және эпидемиялық процесс туралы ғылым ретінде қалыптасуы.

Эпидемиология ежелгі медициналық ғылымдардың бірі болып саналады. Медицинаның алғашқы даму сатыларында ол эпидемиялар жайлы ғылым ретінде танылды. Эпидемиология термині (грек. ері-іші, арасы; demos-облыс, ел, жұрт; logos-ғылым) "ел ішіндегі" деп аударылады. Бұл, аурумен тек жеке индивидумның зақымдалу жөнінде емес, тұрғындар жиынтығының немесе олардың топтарының аурумен зақымдалуы жөнінде деген ұғымды білдіреді.

Эпидемиология эпидемия туралы ғылым (ілім) немесе эпидемиялық процестің заңдылықтары туралы ілім. Өз кезегінде эпидемиялық процесс - адамдар ортасында инфекциялық аурулар мен жағдайлардың пайда болуы және таралу процессі ретінде қалыптасады. Инфекциялық аурулардың пайда болуын және таралуын анықтайтын заңдылықтар бұл аурулардың профилактикалық шараларын құрастыру, олармен күресу әдістерін, аталған шаралардың тиімділігін анықтау үшін ғылыми негіз болып саналады.

Эпидемиология жалпы медициналық ғылым ретінде -тұрғындарда сырқаттанушылықтың қалыптасу себептерін, жағдайларын және даму заңдылықтарын зерттейді, ол бұл аурулардың профилактикасы әдістерін құрастыру мақсатында оның территорияда, уақыт аралығында және тұрғындардың әр түрлі топтары арасында таралуына талдау жасау жолымен жүргізіледі (слайд 2).

Инфекциялық аурулар эпидемиологиясы - инфекциялық аурулардың алдын-алуға және жекелеген инфекциялық ошақтарды жоюға бағытталған, эпидемияға қарсы шараларды құрастыру мақсатында эпидемиялық процесстің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Егер эпидемиология жалпы медициналық ғылым ретінде қалыптасу үстінде болса, эпидемиология эпидемиялық процесс жайлы ғылым ретінде инфекциялық ауруларды эпидемиялық процесінің заңдылықтары жайлы пәндердің қатаң тәртібіне бекіді және сырқаттанушылықты төмендету мен жекелеген инфекцияларды толық жою бойынша шараларды құрастыру бағытында даму үстінде. Мұнда жалпы және жеке эпидемиология бөлінеді:

Жалпы эпидемиология - өзара байланысқан төрт тараудан тұрады (слайд 4):

Бірінші тарау - инфекциялық патология мәселелерін популяциялық (әлеуметтік) тәсіл теориясын құрастыратын, эпидемиялық процесс жайлы ілім.

Екінші тарау - эпидемиологиялық диагностика мұның дербес тарау болғанына көп болған жоқ.

Үшінші тарау - эпидемияға қарсы шаралар жүйесі, мұнда эпидемиялық процеске әсер ететін құралдардың жиынтығы және оларды пайдалану әдістері қаралады.

Төртінші тарау - эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру (инфекциялық аурулар профилактикасы, эпидемияға қарсы қызмет көрсетуді ұйымдастыру).

Жеке эпидемиология - бұл жалпы эпидемиологияның төрт тарауының қағидалары негізінде инфекциялық аурулардың жекелеген нозологиялық формалары және олармен күресу шаралары жайлы білімдер жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]