
- •Ип №6 умс при КазГма
- •Қарағанды – 2011ж.
- •Берілу механизмнің қағидасы, негізгі түсініктерге анықтама.
- •Эпидемиялық процестің факторлары: биологиялық, әлеуметтік, табиғи
- •Иесі (адамдар) популяциясының сипаттамасы.
- •Берілу механизм 3 фазамен іске асады:
- •1. Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі тараулары
- •Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі тараулары.
- •Эпидемиялық процестің қарапайым ұяшығы.
Берілу механизм 3 фазамен іске асады:
ауру адамнан қоздырғыштың шығуы
сыртқы орта қоздырғыштарының уақытша болуы
қабылдағыш организмге енуі
Берілу механизмінің екінші және үшінші фазасы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады.
Берілу факторлары - бұл қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне таралуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар.
Берілу факторлары болып: ауа, топырақ, су, тағамдар, үй жабдықтары, өндіріс құралдары және буынаяқтылар саналады.
Берілу факторлары деп нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе факторлар жиынтығын айтады.
Жұқпалы аурулардың жіктелуінде берілу механизм қағидаларының маңызы. Берілу механизмдерінің түрлері:
аэрозольді (аспирациялық, аэрогендік, респираторлық)
фекальді-оральді
трансмиссивтік
жанасу
вертикальді
Аэрозольді беріліс механизмінде қоздырғыш тыныс органдарының кілегей қабаттарында орналасады, сыртқы ортаға деммен шыққан ауа құрамындағы аэрозольмен шығады, ал сау адамға ластанған ауамен демалғанда енеді. Аэрозольдік берілу механизмі екі жолмен іске асады: ауа-тамшы (мысалы, менингококк, қызылша вирустар) және ауа-шаң (туберкулез микобактериясы). Беріллу факторлар: ауа, шаң, тамшы.
Кейбір жағдайда, ауа фактор ретінде, үлкен роль атқарады (мысалы, лабораториялық жұғу байқалса немесе бактериологиялық қару қолданылса). Мысалы, бруцеллез, рикетсиоз, күйдіргі қоздырғыштары осылай жұғуы мүмкін.
Фекальді-оральді берілу механизмі.
Қоздырғыштар ауру адаммен үлкен дәрет, зәрі, құсықпен шығады. Келесі сау организмге ауыз арқылы микробтармен ластанған суды, тамақты ішкенде енеді. Санитарлық жағдай нашар болғанда қоздырғыштың таралуында шыбын тасымалдаушы болады.
Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық-қатынас жолдары.
Берілу факторлары: су, әртүрлі тағамдар, жеміс-жидек, лас ыдыс-аяқ, орамал, ойыншықтар, қол, горшок, шыбын және басқа заттар.
Трансмиссивтік берілу механизмі.
Қоздырғыштар тәндік орналасуы қан тамыр жүйесінде орналасса оның жұқтырған адамнан сыртқы ортаға шығуы қансорғыш буынаяқтылардың (маса, бит, кене, бүрге) көмегімен жүреді.
Берілу жолдары: қансорғыш жәндіктер, механикалық тасымалдаушылар, плацента арқылы, парентеральді жолы.
Берілу факторлар: буынаяқтылар, қан, медициналық жабдықтар.
Жанасу беріліс механизмі.
Қоздырғыштың тәндік орналасуы тері қабатында және кілегей қабаттарында болса (ас қорту, демалу жүйесінен басқа), оның басқа организмге өтуі қоздырғыш көзімен тікелей емес жанасу арқылы іске асады (мысалы, күйдіргіде топырақ арқылы, микоздарда тұрмыстық заттар, киім-кешек, төсек-орын).
Вертикальді берілу механизм - бұл анасынан ұрпаққа берілу (цитомегалия вирусы, токсоплазмоз, герпес вирусы, қызамық, АИВ-инфекциясы, т.б.).
Бұдан басқа ерекше "жасанды" (қолдан істелген) жұғу жолдары бар. Оған мысал ретінде биопрепараттар жасау кезінде технологиялық тәртіп сақталмаған, техника қауіпсіздігі ережелері бұзылғандағы немесе апат болғандағы жұғу жағдайлар жатады. Кейбір медициналық тексерулерді жүргізгенде (эндоскопия), парентеральдық процедура (егу, қан құю, операция, т.б.) жасағанда да іске асады.
Табиғи ошақтық қағидасы.
Бұл қағиданы Е. Н. Павловский (1939) дүниеге әкелді. Бұл қағиданың мәні мынадай: қоздырғыштар жабайы жануарлардың популяциясында, адамның қатынасынсыз, шексіз өмір сүріп таралуының арқасында кейбір жұқпалы аурулардың табиғи ошағын құрайды. Егер осы ошаққа адам келсе, белгілі бір жағдайда, ол қоздырғышты жұқтырады. Мұндай ошақтың шекарасы жануарлардың және қоздырғыштар тасымлдаушы жәндіктердің өмір сүретін ареалына сәйкес болады.
Табиғи ошақ болу үшін, 3 шарт қажет: қоздырғыш-паразит, қабылдағыш-жануар популяциясы және қоздырғышты тасымалдаушылар (кене, бүрге, маса, т.б.). Оны Е. Н. Павловский табиғи ошақтың "үштігі" деп аталады.
Осы "үштікке" кіретін тірі үш биологиялық компоненттер өздігінен өзі реттелетін биологиялық жүйе, яғни биоценоз деп аталады.
Табиғи "үштік" биоценозы ұзақ уақыт сақталуы үшін тағы бір шарт қажет. Ол бірқалыпты жағдайда сақталатын (ауа райы, өсімдіктер популяциясы, т.б.) табиғи орта, яғни белгілі бір географиялық ландшафт учаскесі.
Табиғи ошақ - географиялық жер көрінісінің аймақтық бөлігі, осы аймақтағы қоздырушның донордан реципиентке берілуі.
Л. В. Громашевскидің анықтамасы эпид. ошақ - жұқпалы аурулар көзінің болуы және сол аймақтағы қоршаған ортада қоздырушылардың таралуы.
Популяция жағынан келетін болсақ, эпид. ошақ - бұл қоздырушы популяциясымен қатар иесі популяциясының өмір сүруі.
Қоздырушы табиғи ошақта тасымалдаушы болады, инфекцияның резервуары көп уақыт бойы табиғи жағдайда адамның эпизоотиялық процесске қатысы жоқ.
Синанироптық ошақ - үй жануарлары арасында зооноздар қоздырғыштарының циркуляциясымен сипатталады.
Антропургиялық ошақ - адамның іс әрекетімен пайда болған, яғни адамның табиғатты меңгеру қимылдарының әсерінен паида болған ошақ.
Паразитарлық жүйенің өздігінен реттелу қағидасы.
Бұл қағиданы алғаш рет В. Д. Беляков және оның әріптестері 1983 жылы жариялады. Ол кейбір анторопоноз инфекцияларының эпидемиялық процесінің ішкі реттелу механизмдерін зерттеу барысында жасалды. Осы қағиданың маңызы эпидемиялық процестің биологиялық бөлшегінің (паразитарлық жүйенің) өз бетінше реттелу механизмдерінің қаралуы болып табылады.
Бұл қағида бойынша паразитарлық жұйенің өз бетінше реттелуі мынадай төрт механизммен іске асады:
бір-біріне қатысу белгілері жағынан паразит пен ие популяцияларының генотиптік және фенотиптік біркелкі еместігі;
бір-бірімен әрекеттестігі нәтижесінде популяциялардың биологиялық қасиеттерінің өзара байланысты өзгерушілігі;
эпидемиялық процестің дамуының біркелкі еместігін, паразит популяция фазасына өз бетінше өзгеруін анықтау;
эпидемиялық процестің фазалық өзгеруіне табиғи және әлеуметтік жағдайдың реттеушілік әсері.
Паразит пен ие популяцияларының біркелкі еместігі (гетерогенді) - барлық
тірі организмдердің универсалдық қасиеті.Осы қасиеттің арқасында эволюциялық даму жүзегге асады.
Қоздырғыштардың өзгерушілік қасиетін оның бір популяциясының ішіне кіретін түрлерін (клондар, штамдар) бір-бірімен салыстыру арқылы зерттейді. Олардың фенотиптік өзгешелігі генотиптік қасиет арқылы тұрақталады. Мысалы, микроорганизмдердің патогендігі оның вируленттік дәрежесімен анықталады, яғни қоздырғыштың улылығы сырқаттылықтың қаншалықты ауыр екенін білдіреді.
Қабылдағыш ие жайына келсек, оның фенотиптік және генотиптік ерекшеліктері табиғи қарсыласу қабілетімен және иммунитетпен сипатталады.
Қарсыласушылық (лат. resistere - қарсыласушылық) - бұрын қоздырғышпен кездеспеген жеке организмнің қабылдаушылық дәрежесі. Ол мұрагерлік жағынан негізделген және генотиптік ерекшелік қасиет. Мысалы, ит, құс обасын тудыратын қоздырғыштар адам үшін қауіпсіз. Бұл қасиет осы ие популяциясының генофондысында тұрақталған.
Адамның жұқпалы аурулар қоздырғыштарына қарсыласушшылық қасиеті оның өсіп, даму барысында (жасының өзгеруіне) және сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады. Сондықтан адамның инфекцияға қабылдаушылық қасиеті жағынан іріктеулі генотиптік қасиетпен ғана емес, фенотиптік қасиетпен де анықталады.
Организмнің генотиптік қабылдамаушылығқ қасиеті қоздырғыштарға қарсы иммунитеттің болуы және болмау қасиетіне байланысты. Бұл қасиеттің деңгейі мен күштілігі де әр адамға әртүрлі болады.
Паразит пен иенің өзара әрекеттілігінің арқасында өзгергіштігі паразитарлық жүйенің өз бетінше реттелуінің негізгі болып саналады. Осы әрекеттестіктің барысында паразитарлық жүйенің әрбір компоненті (иеде, паразитте) өзін сақтау үшін болған жағдайға бейімделу қасиеттерін дамытады.
Мысалы, қоздырғыштың кейбір микропопуляциясы инфекциялық процестің барысында ауырған адамдағы инфекциялық процестен кейінгі иммунитетті тудырады, ауру бірте-бірте жазылады. Осы иммунитеттің көмегімен вирулентті қоздырғыштар организмнен кетеді, оның вируленттік деңгейі азаяды, сонымен бірге бірте-бірте вируленттігі аз популяциялар жинақталады. Қоздырғыштың былай өзгеруі (вируленттігінің азаюы), макроорганизм иммунитетінің әсерінен, оның біржола құрып кетуі үшін жасаған өзгеріс әрекеті болып табылады. Сонымен иммунды организмде осы ортаға бейімделген гомогенді, аз вирулентті қоздырғыштардың микропопуляциясы пайда болады. Осы популяциялар тасымалдаушы организмінде белгілі бір жағдайға дейін өмір сүре береді. Бірте-бірте оның вируленттілігі өсіп, тағы да манифесті ауру тудырады. Осылай паразитарлық жүйенің құрамдас бөліктері бір-біріне әсер ету арқылы фазалық өзгеріске ұшырайды және осылай эпидемиялық процесс өз бетімен іштей реттеледі.
Паразит популяциясының өз бетінше фазалық өзгеруі ие популяциясының иммундық статусының өзгеруіне байланысты төрт фаза өтеді
резервация
қоздырғыштардың эпидемиялық штамдардың қалыптасуы
қоздырғыштардың эпидемиялық таралуы
резервациялық фазасына өтуі
1 фаза - резервация: микроорганизмдер әлсіреген түрде болады. Егер сырқаттанғандар аз немесе жоқ болса,онда қоздырғыш бұл фазада әртүрлі тасымалдаушылар организмінде тіршілік етеді.
2 фаза - қоздырғыштардың эпидемиялық штамдардың қалыптасуы, қабылдағыш организмдер көлемінің белгілі бір деңгейге жеткенде ғана басталады. Микроорганизмдерде гетерогенді өзгерістермен қайта құрылу процестері жүре бастайды, қоздырғыштың негізгі түрі пайда болады. Бұл эпидемия басталар кезең: ауру әлі басталмаған, бірақ оның алғашқы белгілері бар. Антиденелер түзіле бастайды.
3 фаза - қоздырғыштардың эпидемиялық таралуы, инфекцияның ошақтарында бір ұжымнан екінші ұжымға таралуы. Берілу механизмінің күшеюі жұру қаупін арттырады - бұл сырқаттанушылық деңгейін жоғарылатады.
4 фаза - ауырғандардың көпшілігінде иммунитет пайда болады, қоздырғыштар вируленттігі төмендеп, резервация фазасына өтеді.
Эпидемиялық процестің фазалық өзгеруі әлеуметтік және табиғи жағдайлардың реттеушілік әсері арқылы басты үш себеппен іске асады:
адамды әртүрлі араластыру факторларының ықпалы;
қоздырғыштың берілу механизмін үдету (күшейту) факторларының ықпалы;
иммунитеті және қарсылласушшылықты төмендететін фактордың ықпалы.
Осы үш факторлардың қай-қайсысы болса да жоғары қабылдағыштық қасиеті бар организмдер тобының көбеюіне аллып келеді және ол осы популяцияның ішкі өзггерістерінің хабарлаушысы болып саналады. Егер ұжымды алдын ала иммундаса және қоздырғыштың резервацияялық түрінің қалыптасуына жағдай жасалады.
Қоздырғыштың эпидемиялық түрінің және оның вируленттік потенциялының құрылу жылдамдылығын анықтайтын негізгі факторллары дегеніміз - жаңадан құрылған ұжымның мөлшері мен қоздырғыштың берілу механизмінің белсенді салалары, яғни қабылдағыш адамдардың қоздырғыштың таралу тізбегіндегі саны. Ұжымдағы адамның саны неғұрлым көп болса, сырқаттанушылықтың деңгеиі де соншалықты жоғары болады. Мысалы, ұйықтайтын бөлме жатақханада, демалыс орындарында, балалар бақшасында үлкен болса, ондағы адамның саны да көп болады, яғни осы орындар эпидемиялық қолайсыз фактор болып есептеледі.
Осы қағида туралы жоғарыда келтірілген жорамалдар тек қана қоздырғыштың берілу механизмі оның тұрақты көп таралуын қамтамасыз ететін инфекциялар жағдайында және иммунитет арқылы ие мен паразиттің қарым-қатынасын реттеуге болатын жағдайда ғана пайдалануға болатынын айқын көрсетеді. Көптеген гельминтоздарда, тіпті бактериалдық инфекцияларда (бруцеллез, дизентерия, сальмоноллез және т..б.) инфекцияялық иммунологиялық қарым-қатынас нашар болады, сондықтан қоздырғыштың вируленттігі мен иммундық деңгейі арқылы ішкі реттелі осы науқастарда басты роль атқарады деп айту қиын. Бруцеллез қоздырғышы адам организмінде өзінің вируленттігін оншалықты өзгертпейді және оның иммуногендік қасиеті де онша емес. Сондықтан бұл жерде ішкі реттелу механизмін тек инфекциялық - иммунологиялық көзқараспен түсіндірлу, қалай айтқанда да жеткіліксіз.
● Иллюстрациялы материалдар: (кестелер, слайдтар)