
- •Ип №6 умс при КазГма
- •Қарағанды – 2011ж.
- •Берілу механизмнің қағидасы, негізгі түсініктерге анықтама.
- •Эпидемиялық процестің факторлары: биологиялық, әлеуметтік, табиғи
- •Иесі (адамдар) популяциясының сипаттамасы.
- •Берілу механизм 3 фазамен іске асады:
- •1. Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі тараулары
- •Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі тараулары.
- •Эпидемиялық процестің қарапайым ұяшығы.
Ф КГМУ 4/3-04/02
Ип №6 умс при КазГма
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Эпидемиялық процесс туралы ұғым».
Пәні: БДО 26 Epid – 3226 «Эпидемиология»
Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»
Курс: 3
Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат
Қарағанды – 2011ж.
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама № ___1___
"___01___" _____09_____ 2011ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.
● Тақырыбы: «Эпидемиялық процесс туралы ұғым».
● Мақсаты: эпидемиологияның теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру
● Дәріс жоспары:
Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізгі тараулары
Эпидемиялық процестің биологиялық, әлеуметтік, табиғи факторлары.
Эпидемиялық процестің қарапайым ұяшығы.
● Дәріс тезистері:
Берілу механизмнің қағидасы, негізгі түсініктерге анықтама.
Эпидемиялық процесс негізгі 3 тараудан тұрады:
тарау – эпидемиялық процестің факторлары
- биологиялық
- әлеуметтік
- табиғи
тарау эпидемиялық процестің даму механизмі
Эпид. процесстің 2-ші тарауда даму механизмінде 3 қағида анықталды:
Л.В. Громашевскидің (1947ж.) берілу механизм қағидасы.
Е.Н. Павловскидің (1939ж.) табиғи-ошақтық қағидасы.
В.Д. Беляковтың (1983ж.) паразитарлық жүйенің өз бетінше реттелу қағидасы.
3. тарау Эпидемиялық процестің білінуі (байқалуы)
- деңгей бойынша
- аймақтар бойынша
- уақыт бойынша
- тұрғындар топтары бойынша
Эпидемиялық процестің факторлары: биологиялық, әлеуметтік, табиғи
– бұл эпидемиялық процестің 1-ші тарауы.
Биологиялық факторға жатады: гетерогенді паразит популяциясы мен гетерогенді иесі популяциясы. Осы популяциялардын ішкі қасиеттері ЭП биологиялық факторды анықтайды.
Биологиялық фактор – бұл эпидемиялық процестің себебі. Паразитизм – түрлік қасиет. Паразиттерді келесі топтарға біріктіруге болады:
Адамдардың облигатты патогенді паразиттері.
Адамдардың шартты-патогенді паразиттері.
Адамдар үшін патогенді, жануарлардың облигатты паразиттері.
Адамдар мен жануарлардың шартты-патогенді факультативті паразиттері.
Паразит популяцияның полиморфизмі мына белгілерімен сипатталады:
Патогендік – паразиттің, қоздырғыштың түрі қасиеті. Бұл спецификалық иесінің сырқаттануын туындату қабілетін сипаттайды (яғни қалыпты физиологиялық процестердің бұзылуын, сонымен бірге ауруды туғызуы).
Патогендік (гр. pathos – қасірет, ауру, genes – тууы) – бұл қоздырғыш-паразиттің жеке ерекшеліктері иелерде, кейбір жағдайда тән емес иелерде қалыпты физиологиялық процестерді бұзуы, яғни ауру туғызу. Патогендік қасиет адгезия, инвазия, көбею және таралу, сонымен қатар функциялық белсенді ерекше заттарды (патогендік факторды, улы заттарды) шығару механизмдері арқылы қамтамасыз етіледі.
Вируленттік – бұл патогендіктің өлшемі. Адам организмі арқылы өткен сайын микроорганизмдердің вируленттілігі өзгеріп отрады: бір жағдайда ол төмендейді, кейде артады. Яғни вируленттіктіңөзгеруін тек динамикада зерттегенде анықтауға болады (мысылы Эль Тор тырысқақпен жаппай сырқаттану кезінде).
Вируленттік (лат. virulentus - улы) – қоздырғыштың патогендік өлшемі
(дәрежесі). Ол патогендік қасиеттің ішкі түрі (популяция – аралық)
және популяцияшыл құбылмалығы арқылы анықталады. Ол науқастың
ауыртпалығы бойынша білінеді. Лабораторялық жағдайда тәжірибе
жасауға пайдаланылған (микропопуляциясын) енгізу арқылы өлшенеді.
Антигендік: микрорганизмдер антигендігі бойынша біркелкі немесе біркелкі емес болуы мүмкін, мысалы: Флекснер дизентериясының қоздырғышы өзінің антигендігі бойынша полиморфизмдігімен сипатталады, ал Зонне дизентериясының қоздырғышының антигендік құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты сипатта. Адамдар арасында микроорганизмдер варианттарының айналымы неғұрлым жоғары болса, осы адамдар популяциясында микроорганизмдер соғұрылым тұрақты болады.
Иммуногендік – қоздырғыштың түр тегіне байланысты ие
организмінде иммунитеттің бір түрін тудыратын қасиеті.
Антибиотиктерге, дезинфектанттарға төзімділігі: антибиотиктерді, вакциналарды, иммуноглобулиндерді, дезинфекциялық құралдарды ұзақ және кеңінен қолданғанда пайда болады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде емдеу және дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін антибиотиктерге төзімді штаммдарды білу өте маңызды. Микроорганизмдер культураларының барлық түрлерінің антибиотиктерге төзімділігін анықтайды.