Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_A_1178_2kurs.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
818.18 Кб
Скачать

Соөж және сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

Модуль элементінің атауы: Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері

Тақырып

СОӨЖ

СӨЖ

Модуль пәні мазмұнының тақырыбы және сұрақтары

Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі)

Өткізу нысаны

Модуль пәні мазмұнының тақырыбы және сұрақтары

Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі)

Өткізу нысаны

1

  1. Міндеттеме туралы жалпы ережелер

    1. Міндеттемелердің түрлерін сызбамен көрсетіңіз.

    2. Міндеттемені орындаудан бір жақты бас тартуға заңмен жол берілетін бірнеше жағдайларды мысал ретінде келтіріңіз.

    3. Келесі жағдайларда міндеттеме туындай ма, анықтаңыз:

1) К., жанып тұрған газдан інісің үстіне түскен өртті сөндіру үшін, оның құрбысының тонын үстіне жаба салды. Нәтижесінде тон бүлініп қалды.

2) А. өзінің құрбысы әрі эстрада жұлдызы П.-мен үйінде отырып достарымен және таныстарымен бірге оның әнін тыңдап отыруға алдын ала сөз байласты. А. сусындар мен тағамдар сатып алып әзірленді, бірақ іс-шараның басталуына бір сағат қалғанда П. телефон соғып, келе алмайтынын, өз үйінде қалып футбол матчын көруді қалайтынын айтып ескертті. А. болса, П. келісімді бұзды деп талаппен сотқа шағымданды. Ол өзіне келтірілген материалдық және моральдық шығындардың орнын толтыруды талап етті.

1.4. ҚР АК-ден кәсіпкерлердің міндеттемесін орындау ерекшеліктері туралы нормаларды теріп көрсетіңіз.

1 сағат, 11 апта

Пікірталас, жазбаша жұмыстарды тексеру, ауызша сұрау

  1. Міндеттеме түсінігі.

    1. Бірлестікке кіретін үш коммерциялық фирма консервы зауытымен консервы жеткізіп тұру туралы келісім шартқа отырды. Екі фирма өздерінің үлесін қабылдап, толығымен төлем жасады. Ал, үшіншісі өз үлесін қабылдаудан бас тартты. Оның үлесін қабылдап, төлем төлеуді зауыт қалған екі фирмадан талап етті.

  • Осы талап негізді ме?

Бірнеше тұлғаның міндеттемесі қалай орындалуы тиіс?

    1. «Міндеттемеде тараптардың ауысуы» тақырыбына баяндама әзірлеңіз.

4 сағат, 11- апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

2.

2. Міндеттемелерді орындау

2.1. Келесі жағдайда міндеттеме тоқтатыла ма: 1) Банкрот деп танылған ұйымның несие берушісінің берген талабы борышқор таратылған кезде, соңғысының барлық несие берушілермен есеп айырысуға қаражаты жетпегендіктен қанағаттандырылмай қалды.

2) Өмір бойы асырауында ұстау шарты бойынша басқа тұлғадан шарт бойынша рента төлемін алып отырған және соңынан өз пәтерін рента төлеушінің меншігіне беруге тиіс болған азамат шарт жасағаннан кейін 7 айдан өткенде қайтыс болды.

2.2. Келесі жағдайларда міндеттеме қандай негіздер бойынша тоқтатылады:

  1. Л. өз құрбысынан 6 ай мерзімде бөліп төлеу шартымен алмаз тасты екен деп алтын сақина сатып алды. Бірақ, 5 ай өткен соң ол асыл тастың бриллиант емес фианит екендігін білді.

2) У. өзінің алыс зейнеткер туысына 9 ай мерзімде бөліп төлеу шартымен кір жуғыш машинасын сатты. А. 8 ай бойы қарызын уақытында төлеп тұрды. Бірақ, тоғызыншы айда төлем жасай алмай қалды. Себебі, оның зейнетақысы 2 ай мерзімге кешіктірілген еді. У. оның жағдайын түсініп, А. қалған төлем соммасын төлемеуге де болатынын айтты.

1 сағат,

12 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру. Есеп шешу.

  1. Міндеттемені қамтамасыз ету.

К.-ге шұғыл ақша қаражаты қажет болды, және ол 60 мың теңге екі айға қарызға А.-дан сұрады. Бірақ, А. кепіл ретінде К.-ның үйінде тұрған әйгілі суретшінің туындысын кепілге беруін талап етеді. Заем шарты қолхатпен куәландырылды, және жазбаша шартты тараптар рәсімдеген жоқ. Суреттің бағасы 170 мың теңгеге бағаланды. Үш ай мерзім өткен соң К. өзі алған 60 мың теңге ақшаны А.-ға алып келеді. Бірақ, А. ақшаны қайтып алудан бас тартты, себебін К.-ның қарызды қайтару мерзімін өткізіп алғандығымен және сурет оның меншігіне айналғандығымен түсіндірді.

  • Дау қалай шешіледі?

Егер кепіл туралы шарт жазбаша рәсімделген болса, даудың шешімі өзгере ме?

4 сағат, 12 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

3.

3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

3.1. ҚР АК-нен міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұстап қалуға рұқсат беретін нормаларды көшіріп алыңыз.

3.2.«Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Олардың арақатынасы» сызбасын құрастырыңыз.

3.3. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 23.12.1995 ж.заңмен танысып алыңыз.

3.4. «Жылжымайтын мүлікке кепілді тіркеу туралы» 30.06.1998 ж. ҚР заңымен танысып алыңыз.

3.5. Есептер шешу.

2 сағат,

13 апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру, есептерді шешу

  1. Міндеттемелерді орындау

    1. Міндеттемені тиісінше орындау шарттарын жазыңыз.

    2. Міндеттеменің тоқтатылу негіздеріне бірнеше мысалдар келтіріңіз.

    3. Міндеттемені тоқтатудың негіздерін жазыңыз.

    4. Т. «Сезам» ЖШС-не тиесілі дүкеннің сырғанақ еденінде тайып құлап, азамат Қ. қолын сындырып алды. Сот, сараптама қорытындысы негізінде осындай плитка дүкеннің еденіне төселмеуі тиіс екендігі және ол осындай мақсатқа арналмағаны анықталып, сот ЖШС-ті талапкердің денсаулығына келген зиян үшін ай сайын төлем төлеуге міндеттеген болатын. Бірақ, 11 ай өткеннен кейін ЖШС құрылтайшылардың шешімімен таратылды, дегенмен азамат Қ.-ға төленетін төлемнің мерзімі аяқталмаған еді. Міндеттеме тоқтатыла ма?

    5. Суретші С. азаматша Ж.-мен оның портретін жасау туралы келісім шарт жасасты. Сонымен қатар тапсырыс беруші алдын ала 50% төлем жасап қойған болатын. Суретші портертті жасады, бірақ қалған сомманы алғанға дейін журегі ұстап қайтыс болды.

- Міндеттеме тоқтады ма?

- Егер суретші жұмысын аяқтамай тұрып қайтыс болғанда, есептің шешімі өзгерер ма еді?

4 сағат, 13 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

4.

4. Азаматтық-құқықтық шарттар

4.1. Сызба құрастырыңыз: «Азаматтық-құқықтық шарттар түрлері».

4.2. Шарт жасасудың тәртібін көрсетіңіз.

4.3. Шартты өзгерту және тоқтату тәртібі туралы баяндама әзірлеңіз.

2 сағат, 14 апта

Ауызша сұрау, есеп шешу

  1. Шарттар

Келесі тақырыптарда рефераттар әзірлеңіз:

  1. Қазіргі заман талаптарында алдын ала шарттың түсінігі және маңызы.

  2. Азаматтық құқықтағы шарттардың топтастырылуы.

  3. ҚР-дағы мемлекеттік тапсырыс бойынша шарт жасаудың тәртібі.

  4. Азаматтық құқықтағы жария шарты мен қосылу шартының құқықтық сипаттамасы.

5 сағат, 14 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

5

5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік.

5.1.Сызба құрастырыңыз: «Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің пайда болу негіздері және талаптары.

5.2.ҚазГЗУ кітапханасындағы әдебиеттер каталогын пайдаланы отырып, «Азаматтық-құқықтық жауапкершілік» тақырыбындағы бір ғылыми жұмысты табыңыз және ол бойынша қысқаша конспект әзірлеңіз. Осы жұмыстың мазмұнымен танысыңыз және оны талдаңыз.

1 сағат, 15 апта

пікірталас

  1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

Ауа райы күтпеген жағдайда қатты суып кетуіне байланысты Қазақстанның солтүстік өңірінде егінді үсік алып, астықтың мөлшері жоспарланғаннан анағұрлым аз алынды. «Таңшолпан» шаруа қожалығы тауар жеткізілімі шарты бойынша «Адай» ЖШС-на жеткізілуі тиіс болған 150 тонна астықты жеткізе алмай қалды. «Адай» ЖШС шартты бұлжытпай орындай алмағаны үшін және астықты шартта көрсетілген мөлшерде жеткізе алмағандықтан шаруа қожалығының үстінен сотқа талап арыз берді.

  • Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?

-Борышқорды шартты бұлжытпай орындаудан босататын мән-жайлар бар ма?

2. келесі тақырыптарда рефераттар әзірлеңіз:

  1. Шарттық жауапкершілік.

  2. Азаматтық құқықтағы шарттан тыс жауапкершілік.

  3. Ақшалай міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік.

  4. Шығындардың орнын толтыру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы әдісі ретінде.

  5. Кәсіпкерлердің жауапкершілігі.

  6. Мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

6 сағат, 15 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

8 сағат

22 сағат

Пәнді толық игеру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттердің тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда, 2011ж. 2 ақпандағы өзгерістер мен толықтырулар).

  2. ҚР-ның азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994ж.

  3. ҚР-ның "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 24.03.1998 жылғы заңы

  4. ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қаулысы 27 желтоқсан 1994ж.

  5. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003ж.

  6. ҚР-ның "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 02.07.2003 жылғы заңы

  7. ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 28.04.1997 жылғы заңы

  8. "Қозғалмайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы ҚР заңы

  9. ҚР-ның "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 20.12.1991 жылғы заңы

  10. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 19.06.1995 жылғы ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы

  11. ҚР-ның "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңы 22.04.1998 жылғы заңы

  12. ҚР-ның "Банкроттық туралы" 21.01.1997 жылғы заңы

  13. ҚР-ның "Инвестициялар туралы" 08.01.2003 жылғы заңы

  14. ҚР Шаруашылық серіктестіктер туралы 02.05.1995 жылғы заңы

  15. ҚР-ның "Мемлекеттік мүлік туралы" 01.03.2011 жылғы заңы

  16. ҚР-ның "Өндірістік кооператив туралы" 05.10.1995 жылғы заңы

  17. ҚР-ның "Акционерлік қоғамдар туралы" 13.05.2003 жылғы заңы

  18. ҚР-ның "Шаруа /фермер/ қожалығы туралы" 31.03.1998 жылғы заңы

  19. ҚР-ның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 16.04.1997 жылғы заңы

  20. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы заңы.

  21. «Лицензиялау туралы» Қазқстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы.

  22. “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” ҚР Заңы. 2005ж 13 маусым.

  23. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. 2011 ж. 26 желтоқсан.

  24. «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы. 2011 ж. 01 наурыз

  25. Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы

  26. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы. 14.07.1997 ж.

  27. «Бәсекелестік туралы» ҚР заңы - 25.12.2008 ж.

  28. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы. 04.05.2010 ж.