Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_A_1178_2kurs.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
818.18 Кб
Скачать

Соөж және сөж орындау және тапсыру кестесі

Модуль пәнінің атауы: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

Модуль элементінің атауы: Азаматтық құқықтық қатынастар

тақырып

СОӨЖ

СӨЖ

Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары

Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі)

Өткізу нысаны

Пән модулі мазмұнының тақырыптары мен сұрақтары

Тапсыру мерзімі (апта және сағат көлемі)

Өткізу нысаны

1

  1. Азаматтық құқық қайнар көздері

    1. «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» ҚР заңын үйрену.

    2. ҚР АК 1 бөлімі мен ҚР АК 1 бөліміне салыстыру жүргізу.

    3. «Азаматтық құқық қайнар көздері иерархиясы» сызбасын құрау.

    4. Рефераттар үшін тақырыптар (таңдауға):

1.4.1. Азаматтық құқық ғылымы: түсінігі және оның дамуының негізгі кезеңдері.

1.4.2. Азаматтық кодекс: оның мәні, құрылымы, азаматтық құқықтың басқа қайнар көздерінің ішінде алатын орны.

1.4.3. Азаматтық құқықтық реттеу тәсілдері

1.4.4. Сот прецеденті Англия азаматтық құқығының қайнар көзі ретінде.

1 сағат, 2-апта

Конспект, сызба, талқылаулар жасау

1. Азаматтық құқықтың түсінігі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің /ілгеріде – ҚР АК/ 1-7 баптары)

Есеп шығару: 1.1. Жоғары оқу орнына «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түскісі келген студентке болашақтағы мамандану салалары ретінде азаматтық құқық, салық құқығы, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық салалары ұсынылды. Енді ғана оқуға түскен студентке университет эдвайзері азаматтық құқық саласын таңдауға кеңес берді және оның өзге құқық салаларынан айырмашылығын түсіндірді.

1. Азаматтық құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?

2. Азаматтық құқық пен өзге сабақтас құқық салаларының негізгі айырмашылығын атаңыз.

3. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні мен әдістері қандай?

1.2. Оқуға қабылданған студенттермен кездесу өткізген университеттің ректоры және өзге де басшылары әр студенттің оқу орны қабырғасында және күнделікті өмірлерінде орын алатын қағидаттар (принциптер) жөнінде, соның ішінде, құқық салаларындағы қағидаттар туралы сөз қозғады. Бірінші курсқа жаңа түскен студенттердің басым көпшілігіне «қағидат және құқық салаларының қағидаттары» деген терминдер түсініксіз болғандықтан, білікті маман көмегіне жүгінді.

1. «Қағидат» термині нені білдіреді?

2. Азаматтық құқықтың қағидаттары қандай және оларға сипаттама беріңіз.

3. Азаматтық құқық қандай функцияларды атқарады?

4 сағат, 2-апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру

2.

2. Азаматтық құқықтық қатынастар

2.1. «Азаматтық құқықтық қатынастар» сызбасын құраңыз.

2.2. ҚР Конституциясынан азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі азаматтық құқықтар мен нормаларды көшіру.

2.3. «Заңды айғақтар» сызбасын құрастыру.

2.4. Есеп шығару.

1 сағат, 3-апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру. Есеп шығару.

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар

1.1. Есеп шығару: Бес жасар қызына дүкеннен бес мың теңгеге қуыршақ сатып алған анасы, бұл жөнінде жолдасына айтқан кезде ол ашуланып ойыншықты дүкенге қайтарып беру және ақшаны басқа пайдалы мақсатқа жұмсау қажеттігін айтты. Ол өз сөздерін отбасылық қатынастарда ерлі-зайыпты адамдардың кеңесуі мен келісуі болмаса, біржақты істелген сатып алуларды жоққа шығаруға болатындығымен дәлелдемек болды. Оның жұбайы болса, дүкенге қайтып бармайтындығын және әкесіне қарағанда қызына өзінің жақынырақ екенін жеткізді. Ерлі-зайыптылар заңгер кеңесіне жүгінді.

1. Азаматтық құқық пен өзге де сабақтас құқық салаларының айырмашылықтары неде?

2. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерін атап шығыңыз.

3. Туындаған дау бойынша қай тараптың дәлелдемесі заңға сай?

    1. Азамат Б. өз үйін өрттен сақтандырған болатын. Найзағайдың соққысы нәтижесінде үй өртеніп кетті.

  • Осы жағдайда қандай заңды айғақтар кездеседі?

  • Ол қандай құқықтық салдар туғызады?

2.3. 19 желтоқсан 2012 ж. соттың шешімімен Дауылбаевтар ерлі-зайыптыларының арасындағы неке бұзылды. 26 желтоқсан 2012 ж. Дауылбаев Т. өндіріс орнында қаза тапты. Ол қайтыс болғаннан кейін мұраға оның бұрынғы зайыбы Дауылбаева Қ., ортақ қыздары Дауылбаева Ф., және Дауылбаев Т. 2003 жылдан бері азаматтық некеде болған Жүсіпова Л. Мен олардың 2005 жылы 19 қаңтарда туынған ұлы Марат үміттенді.

- Қандай құқықтық қатынастар пайда болды?

- Пайда болған құқықтық қатынастардың субъектілері кімдер болады?

4 сағат, 3 апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру

3.

3.Азаматтар азаматтық-құқықтық қатынас субъектілері ретінде.

    1. «Ұсақ тұрмыстық мәмілелер» түсінігін анықтаңыз. ҚР АК қай баптарында қолданылады?

    2. Азаматтың әрекет қабілеттілігі толық көлемде пайда болуы үшін қажетті негіздерді атаңыз.

    3. 14 пен 18 жас аралығындағы тұлғалар өз бетінше жүзеге асыра алатын заңды әрекеттерді атап шығыңыз. ҚР АК осындай әрекеттердің тізімі көрсетілген баптарын көрсетіңіз.

    4. Мемлекеттік тіркелуге жататын азаматтың хал актілеріне мысалдар келтіріңіз.

    5. Мемлекеттің азаматтық айналымға қатысу нысандарын кесте түрінде сызып көрсетіңіз.

2 сағат,

4 апта

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыстарды тексеру

  1. Азаматтық құқық субъектілері.

Есеп шығару: 3.1. Амантай Қадыровтың қайтыс болуына байланысты заңды некеде тұрмайтын көңілдесі Наталья Сидоркина Амантайдан аяғы ауыр екенін және жүктілігіне төрт ай болғанын, ішіндегі баласы Амантайдың артында қалған мүлкінен мұра алуға құқылы екенін алға тартып, Амантайдың некелі жұбайы Жадыраға келді. Қайғылы жағдайда отырған Жадыра болса, Наталья талабына әзірше ештеңе айта алмайтынын және адвокатымен ақылдасуы қажеттігін айтты.

1. Азаматтың құқық қабілеттілігінің ұғымына, оның мазмұны және басталуы мен аяқталуына қатысты түсінік беріңіз.

2. Азаматтың құқық қабілеттігін шектеу нені білдіреді? Қандай жағдайларда азаматтың құқық қабілеттілігі шектелуі мүмкін?

3.2. 17 жастағы Маржанның неке жасы бекітілген тәртіппен азайтылған болатын және ол некеге тұрды. Ол пәтер сатып алу үшін атасы сыйға тартқан саяжайын сатып жіберді. Атасы бұл туралы білген кезде сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап берді, себебі Маржан кәмелет жасына толмаған, ол жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені өз бетінше жасай алмайды, деп түсіндірді.

- Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? Негізделген жауап беріңіз.

2 сағат, 4 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

4.

4. Азаматтық құқық объектілері

4.1. Сызбалар құрастырыңыз:

а) азаматтық құқық объектілерінің түрлері;

б) заттардың түрлері;

в) жылжымайтын мүлік түрлері;

г) шығармашылық қызмет нәтижелерінің түрлері.

4.2. Бағалы қағаздардың әр бір түрінің белгілері мен ерешеліктерін ескере отырып, бағала қағаздар түрлерінің кестесін құрастырыңыз.

4.3. Берілген тізімнен келесілерді таңдаңыз:

а) жылжитын және жылжымайтын заттар;

б) жай және күрделі заттар;

в) басты зат және керек-жарақ;

г) жеке белгілерімен және тектік белгілерімен анықталған заттар;

д) тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар;

е) бөлінетін және бөлінбейтін заттар.

Егістігі бар жер учаскесі, құлып пен оның кілті, пәтер; сауда кәсіпорны; сурет, кітап, гараж; коляскалы мотоцикл; қару; сиырлар үйірі; срипка және оның футляры; ас үй жихазы.

4.4. Есеп шығару.

1 сағат,

2-апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру, есеп шығару

4. Азаматтық құқық объектілері

4.1. Сызба құрастыру: «Мүлік түрлері».

4.2. «Азаматтық құқықтағы мүлік» тақырыбына баяндама әзірлеу.

3 сағат, 3-4 апта

Жазбаша тапсырмаларды орындау

5.

5. 5. Мәмілелер

5.1. Аталғандардың қайсысы мәміле, қайсысы деликт, оқиға немесе іс-әрекетке жататындығын анықта:

а) азаматша Елкина өз көлігін жүргізу үшін қызы А.Ивановаға сенімхат берді.

б) С. Соснин, 10 жаста, ағашқа өрмелеп, өз апасынан уақытша пайдалануға алған күртешесін жыртып қойды.

в) Жалақыны көтерсін деген талаппен кеншілер шеруге шықты.

г) Касимов жағалаудан алтын сырға тауып алды және оны заңды иесіне берген жоқ.

5.2. Төмендегі мәмілелердің қайсысы ауызшы және қайсылары жазбаша жасалуы тиіс:

а) Кәсіпкер Степанов жаппай сауда дүкеніне 60 қорап судың ақысын төледі, оларды автофургонға артты және жүріп кетті.

б) Жусуповтың мұрагерлері мұрадан бас тарту туралы өтініш білдірді.

5.3. Есеп шығару

1 сағат,

5-апта

Дискуссия, есеп шығару

  1. Мәмілелер

    1. Нақты мысалдарымен сызба құрастыру: «Мәміленің жарамдылық талаптары».

    2. ҚР АК сілтеме жасай отырып сызба құрастыру: «Жарамсыз мәмілелердің түрлері».

Есеп шығару: 5.3. Сергей Сафонов өзіне тиесілі мотоциклді Алмас Мақановқа сатпақ ниетте сатып алу-сату шартын жасау үшін нотариусқа барды. Нотариус екі жақтың да жеке бастарын растайтын жеке куәліктерін немесе паспорттарын көрсетулерін өтінді. Алмас Мақанов кәмелетке толуына екі ай қалғанын айтса да, нотариус шартты куәландырудан бас тартты және жеке куәлігіңізді алғаннан соң келерсіз, сол кезде рәсімдеп беремін, деп уәде етті. Тараптар алдын-ала шарт жасай берейік, кейіннен рәсімдеп алармыз, деп кепілпұл шартын жасасты.

1. Мәміле мен шарт бір ұғым ба, болмаса олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар ма?

2. Мәміленің жарамды болу жағдаяттары (алғышарттары) қандай?

3. Нотариустың бас тартуы дұрыс па?

4. Тараптардң кепілпұл шартын жасауларына не дейсіз?

5. Қолданыстағы заңнамаға сай, туындаған дау қалай шешілуге тиіс?

5.4. Сарман Тасымов меншігіндегі автокөлігін жиені Сағатбекке өсиетке қалдыруға ниеттенгенде, Сағатбек оған сыйға тарту шарты бойынша беруіңізге болады ғой, деді. Сарманның өсиет бойынша автокөлікті ақысыз аласың ғой, деген сөзіне, Сағатбек сыйға тарту шарты да сондай, деген жауап берді. Ештеңе түсіне қоймаған, Сарман заңгердің көмегіне жүгінбек болды.

1. Мәміленің түрлері қандай?

2. Ақысыз (өтемесіз) және ақылы (өтемелі) мәмілелерге түсінік беріңіз.

3. Өсиет пен сыйға тарту шартының айырмашылықтары неде?

3 сағат, 5 апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру

6.

6. Өкілдік және сенімхат

6.1. Өз атыңыздан екі сенімхат құрыңыз: бірі істі сотта жүргізу үшін, келесісі сотта жеңіп алған іс бойынша ақша қаражаттарын алу туралы.

Сұрақтың жауабын беріңіз: Сіздің қолыңыздың түпнұсқалығын куәландыруға кімнің құзіреті бар, және сенімхат қандай мерзімде жарамды болады?

6.2. Келесі сенімхаттардың мерзімін атаңыз және олардың қайсысы жарамсыз екендігін анықтаңыз:

- ең ұзақ мерзімге берілген;

- мерзімі көрсетілмей берілген;

- әрекет ету мерзімі көрсетілген, бірақ, берілген уақыты көрсетілмеген.

1 сағат, 6 апта

Ауызша сұрау, есеп шығару

  1. 6.1. Өкілдік және сенімхат

    1. Нотариалды куәландырылған сенімхатпен теңестірілетін сенімхаттарды атаңыз.

    2. 6.2. Келесі тақырыптарда рефераттар әзірлеңіз:

  • - ҚР заңы бойынша өкілдік.

  • Коммерциялық өкілдік

4 сағат, 5 апта

Жазбаша тапсырмаларды тексеру

7.

7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

7.1. Кесте құрастырыңыз: «Талап қою қолданылмайтын талаптар»

7.2. Төменде көрсетілген жағдайларда уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуының күнтізбелік мерзімін, және уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің аяқталуының күнтізбелік мерзімін көрсетіңіз:

1) Скороходов 28 ақпан 2003 жылы өз үйін Ливневке үш жылға жалға беру туралы шарт жасады.

2) Галимов Марковтан 31 наурыз 2002 жылы бір ай мерзімге қарызға ақша алды.

3) «Дизель» зауыты 2001 жылы двигателдерді автомобиль зауытына әр тоқсанның соңында жеткізіп тұру туралы келісім- шарт жасады. Келісім-шарт 2000 жылдың 18 желтоқсанында үш жыл мерзімге жасалды.

4) Жакупова 31 қараша 2003 жылы өз пәтерін Селимоваға жарты ай мерзімге жалға берді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне сәйкес келді.

5) Литвинова Окуневамен 1 қаңтар 2004 жылы өмір бойы асырауында ұстау шартына отырды.

7.3. Есептерді шешу.

1 сағат, 7-апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру, есептерді шешу

  1. 7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

7.1. Келесі сұрақтар бойынша конспект әзірлеу:

1) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі.

2) Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әдістері.

3) Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шектері.

4) Қорғау құқығы: түсінігі, мазмұны

5) Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері.

6) Азаматтық құқықтарды қорғау тәртібі.

2 сағат, 7 апта

Жазбаша жұмыстарды тексеру

8 сағат

22 сағат

Модуль элементінің атауы

Заттық құқық

Дәрістер

10 сағат

Семинарлар

5 сағат

СОӨЖ

8 сағат

СӨЖ

22 сағат

Қорытынды бақылау

Жазбаша емтихан

Мақсаты: Осы модуль студенттердің пән бойынша және оның негізгі санаттары бойынша білімін қалыптастыруға, сондай-ақ мәселелі сұрақтарды шешкен кезде азаматтық заңшығарушылық нормаларын пайдалану дағдысын қалыптастыруға арналған.

Міндеті:

1) Құқықтық байланыс түрлерін анықтауды үйрену.

2) Осы құқықтық қатынас түріне заңмен қойылатын талаптарды анықтай білу.

3) Заттық құқықтың субинституттарын реттейтін нормативтік материалдармен еркін жұмыс жасай білу.