
- •Мазмұны
- •Астана 2014
- •Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модулдің атауы: Азаматтық-құқықтық модуль
- •Соөж және сөж орындау және тапсыру кестесі
- •Дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Азаматтық-құқықтық модуль Пәннің атауы: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •Дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары Модуль атауы: Азаматтық-құқықтық модуль Модуль пәнінің атауы: Азаматтық құқық (жалпы бөлім)
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Әдебиеттер
- •Сборники «Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика». Выпуски 20, 21, 22-37. Под ред. Диденко а.Г. Алматы, 1997-2012
- •Идрышева с.Қ. Қазақстан Республикасынынң нотариаты. – Алматы: Жеті жарғы, 2013 ж.
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Жоғары құқық мектебі
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары құқық мектебінің
директоры, з.ғ.д., профессор
___________________У.Шапак
"____" _________ 20___ ж.
ПӘН МОДУЛІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) пәні бойынша пәндердің модуль атауы
___________________________________
(модуль шифры)
Мамандық бойынша міндетті модуль
(Модуль типі )
5В030100 Құқықтану (3, 4 жылдық оқыту)
мамандану – сот билігі және прокурорлық қадағалау
Кредиттер саны: 3
Оқыту нысаны: күндізгі
Семестр 2, 3
Пәнді оқитындар саны ______________
Астана 2014
Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге жауапты тұлға: з.ғ.д., профессор Идрышева С.К., заң ғылымдарының магистрі, оқытушы Татебаева Г.С. (ғылыми/академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Ф. А. Ә.)
Азаматтық құқық кафедрасының мәжілісінде талқыланған. (кафедраның атауы)
Хаттама № _______ «____»______________20__ ж.
Каф.меңгерушісі ________________ «____»____________20___ ж. (қолы)
Жоғары мектептің ОӘК мақұлдаған _____________________ (жоғары мектеп атауы)
Хаттама № ________ «_____»_____________20__ ж.
Төраға ________________ «____»____________ 20___ ж.
Жаңартылған мерзімі «____»____________ 20___ ж.
|
|
Мазмұны
|
беті |
1. Типтік оқу бағдарламасы |
|
2. Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus) |
|
2.1. Оқытушылар туралы ақпарат |
|
2.2. Алдыңғы және кейінгі реквизиттер |
|
2.3. Пәннің сипаттамасы |
|
2.4. Дәрістердің тақырыптық жоспары |
|
2.5. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары |
|
2.6. ОСӨЖ орындау және тапсыру кестесі |
|
2.7. СӨЖ орындау және тапсыру кестесі |
|
2.8. Әдебиеттер тізімі |
|
2.9. Глоссарий |
|
2.10. Студенттердің білімін бағалау жөніндегі ақпарат |
|
2.11. Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі карта |
|
3. Дәрістер кешені |
|
4. Белсенді тарату материалдары |
|
5. Студенттердің білімдерін өлшеуіштер |
|
6. Курстық / дипломдық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар |
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Жоғары құқық мектебі
Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары құқық мектебінің
директоры, з.ғ.д., профессор
___________________У.Шапак
.
"____" _________ 20___ ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Пәннің атауы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім)
Мамандық Құқықтану
Барлығы 3 кредит
Курс 1, 2
Семестр 2, 3
Дәрістер 30 сағат
Семинар сабақтары 15 сағат
Аралық бақылау саны 2
СОӨЖ 23 сағат
СӨЖ 67 часов
Емтихан 2, 3 семестр
Еңбек көлемі 135 сағат
Астана 2014
Пәннің оқытылуын қамтамасыз ететін оқытушылар туралы мәлімет:
Идрышева Сара Кимадиевна - заң ғылымдарының докторы, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының профессоры, оқытушының ғылыми зерттеу, қызығушылық салалары: азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, рим құқығы, отбасылық құқық, халықаралық жеке құқық, меншік құқығы, нотариат.
Татебаева Гульдаурен Саттыгуловна – заң ғылымдарының магистрі, оқытушы, оқытушының ғылыми зерттеу, қызығушылық салалары: азаматтық құқық, интеллектуалдық меншік құқығы, заттық құқық.
Алдыңғы реквизиттер: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) пәнін игеру үшінРим жеке құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық пәндерін жетік білу қажет.
Кейінгі реквизиттер: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) пәні оқытылғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім), халықаралық жеке құқық, кәсіпкерлік құқық, тұрғын үй құқығы, кепіл құқығы, корпоративтік құқық сияқты пәндер оқытылады
Модуль пәні мазмұнын сипаттау: Азаматтық құқық жоғары заң оқу орындарында оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылады. Пәннің негізгі орны қазіргі қоғамдағы азаматтық заңнаманың басқа пәндер арасында алатын маңызымен тығыз байланысты. Бұл заңнама нарықтық экономиканың мығым негіздерін қалыптастыруға, тауар-ақша қатынастарының өсуі мен дамуына, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға бағытталған. Қазіргі кезде азаматтық заңнаманың көлемі басқа салалармен салыстырғанда ең ауқымдысы және күрделісі болып табылады.
Негізгі мақсат студенттердің негізгі азаматтық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды үйренуі, азаматтық-құқықтық нормаларды дербес талдап білуі және азаматтық-құқықтық құралдарды іс-жүзінде қолданып білу тәжірибесі болуы қажеттігі.
Азаматтық құқық курсы екі бөлімнен тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім) және Азаматтық құқық (ерекше бөлім).
Бұл бағдарлама ҚР-ның Азаматтық кодексі жалпы бөлімінің құрылымын есепке ала отырып құрылған.
Оқу материалы бекітілген сатылы түрде оқуға қажет өзара байланысты институтттардың бөлімдеріне бөлінген. Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі үш бөлімнен тұрады: Азаматтық құқықтың жалпы ережелері; Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар; Міндеттемелік құқықтың жалпы ережелері.
Тақырыптық жоспар (сағаттар бөлінуі) оқу жоспарымен қарастырылған дәріс және семинар (практикалық) сабақтарға бөлінген уақыт бюджетіне сәйкес жасалған.
Пәннің мақсаты нарықтық экономика талаптарына сай мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін сала бойынша білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Пәннің міндеттері ретінде құқықтың қажетті қайнар көздерімен таныстыру, нормативтік-құқықтық актілерді игеру және олармен жұмыс істеу, құқық қағидаттарын білу және нақты тәжірибелік сұрақтар туындағанда қолдану, теориялық ережелерді азаматтық құқықтың нормаларына сүйене отырып іс жүзінде пайдалану болып табылады.
Пән құрылымы ҚР азаматтық құқығы үш тараудан тұрады: Азаматтық құқық (жалпы бөлім), Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Халықаралық жеке құқық.
Бұл бағдарлама азаматтық құқықтың жалпы бөлімі бойынша жасалған және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің құрылымын ескергенімен, толық сай келмейді.
Модуль элементінің атауы
|
Азаматтық құқықтық қатынастар |
Дәрістер |
10 сағат |
Семинарлар |
5 сағат |
СОӨЖ |
8 сағат |
СӨЖ |
22 сағат |
Қорытынды бақылау |
жазбаша емтихан |
Мақсаты студенттің азаматтық құқықтың негізгі ережелерін меңгеруі болып табылады. Міндеті құқықтың қажетті қайнар көздерімен таныстыру, олардың нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруі, құқық қағидаттарын білуі және нақты мәселелі сұрақтарды шешкен кезде оны қолдана білуі, теориялық ережелерді тәжірибеде қолдануы болып табылады.