
- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша силлабус
- •Онын ішінде :
- •Емтихан: 3 семестр
- •Курстың қысқа мазмұны
- •Дәріс кешені
- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •4Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.
- •5 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •6 Тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.
- •9 Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •10 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •11 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары.
- •15 Тақырып. Экономикалық өсу
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Семинарлық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •Өж әдістемелік нұсқаулар
- •Өж күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •1 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •4 Өж тапсырмасы Келесі тақырыптардың ішінен 1 таңдап, реферат жазыңыз
- •2 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •4. Есеп. Кестені толтырып, ақша түсімін, икемділік түрін және оның коэффициенттерін анықтаңыздар.
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •3 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •4 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Емтихан сұрақтары
- •Аралық бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Глоссарий
- •«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.
- •4 Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.
- •5 Тақырып. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері.
- •6 Тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері.
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы.
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.
- •9 Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •10 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •11 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •14 Тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
- •15 Тақырып. Экономикалық өсу.
5 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.
3. Нарық тепе-теңдігі.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
5. Тұтышушылық мінез-құлқы.
Негізгі сөздер: сұраныс, ұсыныс, икемділік:
1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілетілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді. Сұраныс заңы- сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Сұраныска 2 фактор әсер етеді. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа ысырады. Бағадан тыс факторлар:
1. Тұтынушылар талғамының өзгеруі.
2. Сатыпалушылар санының өзгеруі.
3. Тұтынушылар табыстарының өзгеруі.
4. түйіндес тауарлар бағасының өзгеруі.
5. тұтынушылар күтүлерінің өзгеруі.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар.
Ұсыныс дегеніміз-сатушылардың рыноққа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс заңы- ұсыныс шамасының баға деңгеіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы улғаяды. Ұсынысқа 2 фактор әсер етеді. Баға әсері ұсыныс шамасын өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де,ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа, сол жаққа ығыстырылады. Бағадан тыс факторлар:
1. ресурстарға бағалардың өзгеруі.
2. Технологиялардың өзгеруі.
3. Субсидия және салықтардың өзгеруі.
4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі.
5. Ауа райы жағдайлары.
6. Өндірушілер санының өзгеруі.
3. Нарық тепе-теңдігі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А – нүктесі). Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу) пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кіріс мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз-бір айнымалының екінші айнымалының өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.
Икемді сұраныс. Баға төмендегенде сату көлемі өседі де, жалпы түсім (P.Q) артады.
Икемсіз сұраныс. Баға төмендеген сату көлемі азғана өзгереді, жалпы түсім төмендейді.
Жеке-дара икемділік. Бағаның төмендеуі өсумен өтеледіжәне жалпы түсім өзгермейді.
5. Тұтышушылық мінез-құлқы.
Әр тұтынушы алдында 3 сұрақ тұрады: 1. Не сатып алу керек? 2. Қанша тұрады? 3. Сауда жасауға ақшам жете ме? Бірінші сұраққа жауап беру үшін, заттың тұтынушыға пайдалылығын анықтап алу керек. Екінші сұраққа жауап беру үшін бағаны зерттеп, үшінші сұраққа жауап беруден тұтынушы табысын анықтау қажет. Осы 3- пайдалылық, баға және табыс проблемалары тұтынушы мінез-құлқы теориясының мазмұнын құрайды. Осылардың өзара байланысын анықтауға тырысайық. Игілік пайдалылығы-бұл экономикалық игіліктің бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің қанағаттандыру қабілеті. Зерттеу нәтижесінде ХІХғ. Мынадай заңдылық анықталады: біртіндеп тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады. Бұл кезде тұтынушылар қалауы тұрақты, ал тұтыну қызметі үздіксіз, сондықтан әр нуктеде дифференцияланады деп есептеледі.
Жалпы пайдалылық игілік саны өсуіне қарай біртіндеп өссе де игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы тоқтамастан азая береді. Жалпы пайдалылық максимум қанағаттандыру шекті пайдалылық нольге тең болғанда А нүктесіне жетеді. Бұл игілік қажеттілікті толық қанағаттандырады дегенді білдіреді. Егер ары қарай тұтыну зиян әкелсе жалпы пайдалылық төмендейді (АВ сызығы). Саны көбірек болған сайын осы игіліктің қосымша әр бірлігінің біз үшін құндылығы азая береді. Сонымен игілік бағасы жалпы емес тұтынушы үшін оның шекті пайдалылығымен анықталады.