Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экон теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.06 Mб
Скачать

«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар

1 Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Мақсат: экономикалық теорияны пән ретінде қарастыру және оның дамуы мен әдіс-тәсілдерін талдау.

Жоспар:

  1. Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.

  2. Экономикалық теорияның әдістері мен қызметтері.

  3. Позитивті және нормативті экономика.

Әдістемелік нұсқаулар

Бұл тақырып жалпы экономикалық теория құрылымында ерекше орын алады, себебі ол осы оқып, білетін курсқа өзіндік әдістемелік кіріспе болып табылады. Тақырыпты орындау барысында экономикалық теорияның мәнін және зерттеу бағыттарын жаттап алу керек. Әр бір оқулықтардағы экономикалық теорияға байланысты анықтамаларды талдаңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я . Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.

Мақсат: қоғамдық өндірістің негіздерін талдау және оған сипаттама беру.

Жоспар:

1. Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс жағдайлары (факторлары).

2. Қоғамдық өндірістің құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс.

3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.

Әдістемелік нұсқаулар

Өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну кезеңдерін анық білу және әр кезеңге мысал келтіріп түсіндіре білу керек. Материалдық және материалдық емес салаларды ажырата білу. Өндіріс факторлары, ресурстар және табыстар кестесін толтырып, соны талдаңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я . Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.

Мақсат: нарықтық экономика жағдайындағы меншіктің көп түрлілігін талдау және оның қажеттілігі мен ерекшеліктерін көрсету.

Жоспар:

1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары.

4. ҚР-да меншік қатынастарынын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Әдістемелік нұсқаулар

Жекешелендіру және мемлекет иелігінен айыру (алу) ұғымдарын анықтаңыздар, өйткені осы ұғымдар бойынша көптеген студенттер толық анықтама бере алмайды. Қазақстандағы жекешелендіруді өткізудің ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз.

1.Мауленова С.С. Экономикалық теория.Алматы,2003.

2.Экономикалық теория. Аубакиров Я . Алматы,1999.

3.Осипова А. Экономикалық теория. Алматы, 2002.

4.Жүнісов Н, Нарықтық экономика негіздері. Алматы, 2000.

4 Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.

Мақсат: натуралды шаруашылық мәнін талдап, нарықтық (тауар шаруашылығы) экономиканың қалыптасуын айқындау.

Жоспар:

1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы.

2. Ақша жалпылама эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері. Ақшаның айналым заңы.

Әдістемелік нұсқаулар

Ақшаның пайда болуын айырбас қатынастарының дамуынан қарастырыңыз. Алтынға деген қөзқарас әр қоғамда қандай болғанын талдаңыз. Тауарға деген әр мектептің көзқарастарына көңіл аударыңыз.