
- •«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша силлабус
- •Онын ішінде :
- •Емтихан: 3 семестр
- •Курстың қысқа мазмұны
- •Дәріс кешені
- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •4Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.
- •5 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- •6 Тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.
- •9 Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •10 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •11 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары.
- •15 Тақырып. Экономикалық өсу
- •Экономикалық өсудің факторлары:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Семинарлық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •Өж әдістемелік нұсқаулар
- •Өж күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •1 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •4 Өж тапсырмасы Келесі тақырыптардың ішінен 1 таңдап, реферат жазыңыз
- •2 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •4. Есеп. Кестені толтырып, ақша түсімін, икемділік түрін және оның коэффициенттерін анықтаңыздар.
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •3 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •4 Өж материалдары
- •1 Өж тапсырмасы Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер
- •2 Өж тапсырмасы Есеп шығару
- •3 Өж тапсырмасы Тест сұрақтарына жуап беріңіздер
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
- •Емтихан сұрақтары
- •Аралық бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1 Аралық бақылау тапсырмалары
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Глоссарий
- •«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқып үйренуге арналаған әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері.
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі.
- •4 Тақырып. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс.
- •5 Тақырып. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері.
- •6 Тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясының негіздері.
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы.
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.
- •9 Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •10 Тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
- •11 Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.
- •13 Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.
- •14 Тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
- •15 Тақырып. Экономикалық өсу.
15 Тақырып. Экономикалық өсу
1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары
1.Экономикалық өсу түрлері және себептері.
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
2.Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның бос уақытының көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.