
- •Лондонға қош келдік!!!
- •Вики жобаларына еңбек сіңірген тұлғалармен танысу
- •«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының сессиялары
- •Тақырыбы: Machine aided article translation - The content translation project by wmf
- •Тақырыбы: The 7 biggest mistakes the Wikipedia Education Program has made — and what we’ve learned from them
- •Тақырыбы: Cooperation between the chapters: lessons from the past
- •Тақырыбы: Open Knowledge and the National Institutes of Health of the United States
- •Тақырыбы: Wiki loves parliaments in the European Parliament
- •Тақырыбы: How Commons made a quality photographer out of me
- •Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэлспен кездесу
- •Лондон сәттері
- •Конференция достыққа жетелейді
- •Қол жеткізілген нәтижелер
- •Ұсыныстар
Ұсыныстар
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының арқасында мен үлкен мүмкіндікке ие болдым. Ол тек қана Вики жобаларымен шектелмейді. Ауқымды түрде жалпы өміріміздің бар салаларындағы мәселелердің Отанымызда дами алу мүмкіндігінің зор екенін байқаған соң, оларды іске асыру жолдарын ойластыра бастадым. Нәтижесінде менің басымда бірқатар стратегиялар мен жоспарлар пайда болды. Ендігі кезекте әрбіреуіне жеке-жеке тоқталатын болсам:
Бірінші ұсыныс – Вики жобаларын Қазақстан ішіндегі тек қана Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ғана емес, сонымен қатар барша орта білім беретін мекемелерде және жалпы халық арасында белсенді түрде насихаттау. Атап кететін болсам, қазіргі таңда Қазақ Уикипедиясында қазақ тілінде 208 333 мақала, 35 505 қатысушы тіркелген. Өзге Википедиялармен салыстырмалы түрде алатын болсақ, бұл өте төмен көрсеткіш. Мұны өзгерту мақсатында менің ұсынысым бұл жобаға барынша көп адамдардың назарларын аударту және оларды осы жобаға белсенді ат салысуға шақыру.
Екініші мәселе, ол адамдарды сапалы мақала жазып, өзге мақалаларды өңдеуге шақыру мақсатында ынталандыру. Ол белгілі бір сый-сияпат не атақ болуы мүмкін.
Сонымен қоса, жобаға енді ғана қадам басқан жаңа қолданушылар үшін мастер-класс не шеберхана сипатында бірнеше бастапқы ашық сабақтарды ұйымдастыру.
Мектеп қабырғасындағы Уикипедия жобасын жетілдіру жоспары: ең алдымен балалардың арасында міндетті түрде кішігірім Уикипедия жайлы қарапайым сауалнама жүргізу керек. Сауалнаманың аясында Уикипедия жобаларымен айналысатын, ынталары мен қызығушылығы бар балаларды бөлек іріктеп алу. Іріктелген балалардың арасынан екінші сауалнама жүргізу қажет. Ендігі сауалнама балаларды қызықтыратын Уикипедия тарауларымен таныстырып, әрбір жеке бала үшін қызық бөлімін анықтау. Мысалға, бір бала үшін мақала жазу қызық, екіншісі үшін оны өңдеу әлдеқайда қызығырақ, ал басқа біреуі үшін тіпті мультимедиялық контент енгізу танымды болуы мүмкін. Сол себепті жоба шын мәнінде даму үшін, әрбір қолданушы өз үлесін мүдде ретінде емес, қызықтыратын іс ретінде өткізгені абзал, сондықтан оларды айқындау қажет. Мектеп ішінде іріктелген балалардын тұратын Уики-клубтардағы орындалуға тиіс жұмысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспар етіп бөліп, сол жоспарларға сүйену қажет.
Жоспарлардағы әрбір қойылған мақсат пен міндетке жеткен кезде, міндетті түрде рефлексия жүргізу керек. Егер осы мақсатқа жету барысында белгілі бір қиыншылықтар туындаса, оларды талдап, болашақта оның алдын алу жолдары мен амалдарды қарастыру маңызды.
Орындаған: Семей қаласындағы физика-математика
бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 «А» сынып оқушысы Ашимова Жұлдыз