Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойы...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.55 Mб
Скачать
  1. Тақырыбы: Cooperation between the chapters: lessons from the past

Сипаты: презентация мен дискуссия

Бағыты: Вики-мәдениет пен қоғам

Жүргізушілері: Ziko van Dijk (Германия, Голландия)

Қысқаша мазмұны: Wikimedia қозғалысы үш негізден тұрады: Wikipedia, Wikimedia Foundation және өзге де Wikimedia организациялары. Өз кезегінде әрбір мемлекеттің өзіндік жеке Wikimedia Chapters Association атты мекемелері болады. Олардың басты мақсаты мемлекеттің ішінде орын алатын Вики жобаларын дамытып, туындайтын мәселелерді шешу және өзге мемлекеттерді өзге Chapters- тармен бірлесе отырып, Вики жобаларын халықаралық деңгейде жетілдіру. Презентация барысынды, Ziko van Dijk біздерді Chapters- тармен таныстырып қана қоймай, олардың алдында, кезінде туындаған қиындықтармен де таныс қылып, оларды болдыртпау жолдарымен бөлісті. Біздер үшін ол аса қажетті мағлұмат еді, себебі біздің елімізде қазіргі кезеңде әлі осы сынды Қазақ Уикипедиясының Chapter-і жоқ. Ендігі кезектегі біздің мақсаттардың бірі – Қазақ Уикипедиясын халықаралық деңгейге жеткізіп, өзіміздің жеке Kazakh Chapter құру.

  1. Тақырыбы: Open Knowledge and the National Institutes of Health of the United States

Сипаты: презентация

Бағыты: ашық ақпарат

Жүргізушілері: Daniel Mietchen (Германия)

Қысқаша мазмұны: The National Institutes of Health (NIH) дүние жүзіндегі ғылыми зерттеу бағытындағы ең ірі инфрақұрылымдық мекеме. Көптеген зерттеу мекемелер сынды NIH – та Вики жобаларымен бірлесе отырып, жұмыс атқаруда. Өз кезегінде NIH «WikiProject NIH» атты жоба аясында түрлі медицина мен биология саласында ақпаратты тарату мен оны қолданушыларға ыңғайлы болатындай етіп, ғаламтор жүйесінде еңгізу болып саналады. Қазірде осы жобаның арқасында аса ірі «Wiki Hates Cancer» есімді жоба орын алуды. Бұл жоба адамдары ісік жайлы ақпараттандырумен қатар, осы дертке шалдыққан адамдарға көмек беру жолдарын ұсынады, алайда өзге көптеген жобалар сынды, қазіргі таңда олар тек қана бірнеше тілдерде жұмыс істеуде. Болашақтағы NIH мақсаты: жер шарының бар тілдерінде ашық түрде мағлұмат беру.

  1. Тақырыбы: Wiki loves parliaments in the European Parliament

Сипаты: презентация

Бағыты: Вики-мәдениет пен қоғам

Жүргізушілері: Olaf Kosinsky (Германия )

Қысқаша мазмұны: Wiki loves parliaments атты қозғалыс өз бастауын 2009 жылы еуропаның 14 мемлекетінде алған болатын. Бұл қозғалыс Вики жобаларының үкіметпен бірлесе жүзеге асырған қозғалыстарының алғашқысы емес, алайда бұл жобаның ерекшелігі ол – біріншіден, жобаға қатусышу саясаткерлер Вики жобаларымен тек қана сөз жүзінде жұмыс істемей, өз кезектерінде мақалалар жазумен де айналысады. Бастапқысында, өз елдеріндегі саяси жағдайлар жайлы ақпарат берген саясаткерлер мен өзге де үкімет органдары, қазірде Wikimedia қозғалысының ірі Commons және WikiTv жобаларымен бірлесе үлкен жұмыс атқарады. Осы бірлескен жұмыс аясында, 19 түрлі мемлекеттен 766 саясаткердің, 2000-нан астам фотосуреттері, 200 видеожазбалары ғаламтор жүйесінде жарық көрді.

  1. Тақырыбы: How Commons made a quality photographer out of me

Сипаты: презентация

Бағыты: Вики-мәдениет пен қоғам

Жүргізушілері: Diego Delso (Испания)

Қысқаша мазмұны: Commons - Вики жобаларының фотосурет пен видео және аудиожазбаларды (мультимедиялық контентті) авторлық құқытарды сақтай отырып еңгізуге үшін арналған ең ірі, әрі танымал жобалардың бірі. Өз кезегінде сессияны жүргізген Diego Delso біздермен өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. 2008 жылы Commons жобасында волонтер жұмыс істей бастаған Diego, қазіргі таңда Wikimedia Foundation организациясында мүшелік етеді. Жалпы бұл презентацияда қалайша Commons жобасында жұмыс істеу жайлы толық қанды ақпарат берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]