
- •Лондонға қош келдік!!!
- •Вики жобаларына еңбек сіңірген тұлғалармен танысу
- •«Wikimania 2014» халықаралық конференциясының сессиялары
- •Тақырыбы: Machine aided article translation - The content translation project by wmf
- •Тақырыбы: The 7 biggest mistakes the Wikipedia Education Program has made — and what we’ve learned from them
- •Тақырыбы: Cooperation between the chapters: lessons from the past
- •Тақырыбы: Open Knowledge and the National Institutes of Health of the United States
- •Тақырыбы: Wiki loves parliaments in the European Parliament
- •Тақырыбы: How Commons made a quality photographer out of me
- •Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэлспен кездесу
- •Лондон сәттері
- •Конференция достыққа жетелейді
- •Қол жеткізілген нәтижелер
- •Ұсыныстар
Тақырыбы: The 7 biggest mistakes the Wikipedia Education Program has made — and what we’ve learned from them
Сипаты: презентация
Бағыты: оқу және білім
Жүргізушілері: LiAnna Davis (АҚШ)
Қысқаша мазмұны: «Wiki Education Collaborative» организациясының жұмыс істеп жүргендеріне бір жылға жуық уақыт болды. Осы мерзімде көптеген оқу мен білім беру салаларындаға жобалар жарық көрді, дегенмен де ешбір нәрсе қатесіз не қателіксіз болмайды, сондықтан қателіктерді мойындаудың өзі ермек. Жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді тапқан бұл топ оларды талдап, өзге қолданушылардың осы сынды қателектерді қайталамас мақсатында арнайы жеті басты қателіктерді айқындап, оларды болдыртпау жолдарын ұсынды.
Тақырыбы: Parsoid: Dealing with Wikitext so you don't have to™
Сипаты: презентация
Бағыты: технология, интерфейс және инфрақұрылым
Жүргізушілері: Gabriel Wicke (АҚШ)
Қысқаша мазмұны: Parsoid атты викимәтінді өңдеуге арналған көмекші құрылғы/программа. Бұл жобаның бас мақсаты өңдемелердің аудару, қателіктердің дұрыс өзгертілуі сапасын арттырып, бұл үрдістің кез-келген қолданушыға түсінікті етіп құрастыру.
Тақырыбы: Finding and fixing software bugs for Wikipedia
Сипаты: презентация
Бағыты: технология, интерфейс және инфрақұрылым
Жүргізушілері: Chris McMahon (АҚШ)
Қысқаша мазмұны: мақалаларды өңдеу барысында туындайтын қателіктерді шешу мен оларды болашақта болдыртпау жолдарына бағытталған. Жалпы бұл жоба қазірде қолданыста жүрсе де, күнделікті даму барысында. Бұған бірнеше себеп бар: біріншіден, жаңа мақалалардың санының күннен күнге артуы, екіншідіен мақала жазу мен өңдеу үрдісімен толықтай таныс емес қолданушылардың іс-әрекеттері және Википедияда «вандализммен» айналысатын адамдардың заңсыз әрекеттері. Осыдан, бұл мәселені шешу барысында аталмыш жобалар мен құрылғылар жарық көруде.
Тақырыбы: Ask the Developers
Сипаты: сұрақ-жауап
Бағыты: технология, интерфейс және инфрақұрылым
Жүргізушілері: Siebrand Mazeland (Голландия)
Қысқаша мазмұны: Вики жобаларының нағыз жанашырлары, бұл жобаның дамытушыларымен ашық түрдегі дискуссия болды. Негізгі сипаты сұрақ-жауап сессиясында талай-талай баршамызды қызықтырған сұрақтар өз жауаптарын тапты.
Тақырыбы: Humanitarian OpenStreetMap mapping workshop
Сипаты: шеберхана
Бағыты: ашық ақпарат
Жүргізушілері: Katie Filpert (АҚШ)
Қысқаша мазмұны: қазрігі таңда көптеген навигациялау бағытында онлайн және де оффлайн түрде карталар жарық көруде, алайда олардың көпшілігі дәлме-дәл ақпарат бере алмайды. Жағдайлардың көбінде карталардағы шартты белгілер мен атаулар түп нұсқаларынан мүлдем өзгеше. Өз кезегінде бұл жоба аталмыш қателіктерді жою мақсатында, картографтардан бөлек қарапайым халықты карталарды, соның ішінде баршасына бейім емес, бірақта аталуға тиіс орындарды атап көрсетуге зор мүмкіндік береді. Бұл жобаны құрудағы басты мақсат тек қана навигация емес, сонымен қатар табиғи апат кездерінде құрбандарды оңай, әрі тез табу үшін құтқарушыларға нақтыланған, толық қанды мағлұмат беру үшін құрылған. Атап атайтын мәселелердің бірі, ол бұл жобаны, яғни картаны жасауға кез-келген адам оңай түрде ат салыса алады. Ол үшін www.tasks.hotosm.org атты веб-парақшаға тіркеліп, кез-келген өзіңізге таныс ауданды нақтылап сипаттап шығуға болады. Қазіргі таңда бұл жоба тек қана веб-парақша ретінде, сонымен қоса мобильді құрылғыларда (ұялы телефондар, планшеттер) да үлкен қолданысқа ие. Шеберхана барысында, біз аталмыш веб-парақшаға тіркеліп, өзіміз мекен ететін қалалардың карталық нұсқаларын жасай бастадық. Болшақта, өз басым осы жобаны өз елімде насихаттауға барынша ат салысамын.