Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойы...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.55 Mб
Скачать

Семей қаласы физика-математика бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Ашимова Жұлдыздың «Wikimania 2014» халықаралық конференциясы бойынша есебі

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясынан күтілетін нәтижелер.

«Wikimania 2014» халықаралық конференциясы дүние жүзінің түкпір-түкпірінен Вики жобаларына белсенді түрде ат салысып жүрген қатысушылардың бастарын қосып, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң. Жер шарының тоқсанға жуық елінен жиналған мамандардың әрбірінен алатын мағлұмат пен ақпаратты мен өз кезегімде, Қазақ Уикипедиясын дамытып, болашақта кез-келген қолданушыға ыңғайлы болатындай етіп бейімдеу – алдыма қойған басты мақсаттардың бірі. Ендігі кезекте жеке өзім күтетін нәтижелерді тізбектейтін болсам,

  • Біріншіден, өзімізнің Қазақ Уикипедиясын дамыту үшін қажетті барлық мағлұматты алып, кейін оны белсенді түрде насихаттау.

  • Вики жобаларының дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі тұлғалардан маңызды кеңестер алып, тәжірибе бөлісу және берілген ақыл-кеңестерді жүзеге асыру.

  • Өзімді бұрыннан аса қызықтырған сұрақтарға жауап алу.

Лондонға қош келдік!!!

Ұлыбританияның астанасы – таңғажайып Лондон қаласында өткізілетін «Wikimania 2014» халықаралық конференциясына сапарымыз Алматы қаласынан басталды. Сапарға аттанбас бұрын, біздің Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінен тұратын делегация «Wikibilim» компаниясына жол тартты. «Wikibilim» компаниясы, Bilim Media Group компаниясымен қатар Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы, инновациялық компания. Білім беруге қажетті контентті жасау және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысады. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT- компаниялары, медиа құрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар (www.bilimmedia.kz). Компанияның бас офисында бізді аса қоңақжайлылықпен Нұрбек Матжани есімді «Wikibilim» АҚ президенті қарсы алды. Кездесу барысында біз «Wikibilim» АҚ және «Bilim Media Group» жобасының атқаратын істері жайлы үлкен ақпарат алдық. Атап айтатын болсам, олар: Қазақ Уикипедиясы, Bilim Land, iKitap, iTest, Twig Bilim және көптеген өзге де Қазақ тілін насихаттап, дамытуға арналған ірі-ірі жобалар. Аталмыш кездесу барысында біз тек қана қазақ тіліндегі жобалармен таныс болып қоймай, сонымен қатар болашаққа деген пайдалы нақыл сөздер мен кеңестер алдық. Менің ойымша бұл кездесу баршамыз үшін аса қажетті болды, біріншіден барлығымыз бір-бірімізді танып, толыққанды топ ретінде өзімізді сезіне бастадық. Екіншідіен, аталмыш кездесу біздің сапарамыздың қаншалықты маңызды екіндігін көрсетіп, алдымызды тұрған міндеттерді айқындады.

Тамыз айының бесінші жұлдызында біз Алматы қаласының халықаралық аэропортынан елордамамыз - Астаны қаласына аттандық. Астана қаласының халыхаралық аэропортына ұшып келген соң, бірден Еуропаның ең көрікті қалаларының бірі - Лондон қаласына жол тарттық.

Қайталанбас сәулетімен, көрікті ғимараттарымен, дамыған инфрақұрылымен, түрлі салалардағы үлкен жетістіктерімен танымал – Лондон қаласы біздерді бесінші тамыз күні, түскі сағат үште қарсы алды. Баршаға әйгілі Хитроу аэропортына келген сәттен бастап, Montcalm атты қонақ үйімізге қарай дейінгі бір сағаттық жолдың өзі, кішігірім экскурсия сынды болды. Міне, дәл сол сәттен бастап біздер нағыз Лондонның қайталанбас кейпін тани бастадық.

Вики жобаларына еңбек сіңірген тұлғалармен танысу

Конференция орын алатын Barbican ғимаратының ішіне кірген сәттен бастап-ақ, жергілікті халықтың қонақжайлылығы мен ашықтығы ерекше көзге түсті. Конференцияға тіркеуден өткен соң, біздер Hackathon жиынына қатыстық. Бұл жиын, Википедияға аса үлкен үлес қосатын, сонымен қатар Википедиямен тікелей байланысты, туыстас өзге де жобалармен айналысатын маңызды тұлғалардың қатысуымен өткізілетін жиналыс. Санаулы ғана тұлғалар қатыса алатын бұл отырыста мүше болу, біз үшін үлкен мәртебе болды. Отырысты жүргізген Quin Gil – дің алғаш болып сөз сөйлеуге біздің делегацияны, соның ішінде Динара Төребайқызын шақыруы біз үшін үлкен мақтаныш. Кездесудің басты бөлімі – танысу аяқталған соң, біздер бірнеше топқа бөлініп, өзімізді қызықтыратын жобалармен айналысатын азаматтармен сұхбаттастық.

  1. Бірінші сұхбаттасқан азамат аудару саласындағы жобалармен айналысатын Израиль азаматы Амир Ахорони болды. Алғашында, аудару саласындағы жобалармен таныс болып, біраз сұрақ қойдым, кейіннен сол кісінің өзінен аталмыш жобаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс алдым. Ендігі менің мақсатым – өзіміздің Қазақ Уикипедиясында әлі қазақша баламасы не аудармасы жоқ сөздерді аудару.

  2. Келесі сұхбаттасқан тұлғамыз Andy Mabbett болды. Ол кісіден біз өте ауқымды мағлұмат алдық. Атап кететін болсам, олар: ORCID веб – парақшасы мен жалпы ORCID жобасы, Microphone for audio spelling, Open Street Map жобасы қазіргі таңда талқылыау мен даму үстіндегі біріккен microphone мен photo жобаларының жаңа бағдарламасы.

  3. Таныс болған келесі жоба «Wiki Loves Monuments» жобасының бас жетекшілерінің бірі- Lodewijk Gelauff болды. Жоба жайлы қысқаша айтатын болсам, жобаның басты мақсаты әрбір мемлекеттегі ұлттық және тарихи құндылығы бар ескерткіштер мен ғимараттар жайлы мақалаларды сапалы суреттермен қамтамасыз ету, алайда бұл жобаның бір ерекшелігі, ол барлық суреттердің белгілі бір фотографтар ғана емес, сонымен қатар кез-келген азаматтың түсіре алу мүмкіндігі. Жүздеген сурет ішінен лайықты біреуін таңдау үшін ең алдымен сол ел ішінде арнайы сайыс өткізіледі, кейіннен өз елдерінің ішінде жеңіске жеткен бірнеше үміткерлер халықаралық қазылар алқасының алдына түседі. Екі кезеңнен сәтті өткен сурет авторы тек қана фотосуретінің Википедияда болу мәртебесіне ие болып қоймай, сонымен қатар бағалы сый-сияпатқа ие болады. Қазіргі таңда бұл жоба 50 елде іс атқаруда. Жобаның даму тарихына шолу жасайтын болсам, «Wiki Loves Monuments» өз бастауын 2010 жылы Голландияда алды. 2011 жылы Голландияның қатарына Еуропаның 8 мемлекеті қосылды, ал 2012-2013 жылдар арасында дүние жүзінің түкпір-түкпірінен қырықтан астам жаңа мемлекеттер қосылды. Айта кететін аса маңызды мәселелердің бірі, ол бұл жобаның үкіметпен бірлесе іске асуы, яғни бұл жобаға қатысатын барлық тарихи және мәдени ескерткіштер мен мұрағаттар тізімі мемлекеттің арнайы рұқсатымен бекітіледі. Сонымен қатар, мемлекет ішіндегі сайыстың бас демеушісі де сол мемлкеттің үкіметі. Қазіргі таңда бұл жобаның аясында 350 000-ға жуық ескерткіштер мен ғимараттар өздерінің қайталанбас суреттерін тапты. Болашақтағы бұл жобаның жоспарларының бірі халықаралық дәрежеде кеңейіп, барша халыққа ашық болу және жобаға қатысушы суреттерді еңгізу үрдісін кез-келген қолданушы үшін түсінуге оңай еткізіп, жеңілдету.

  1. Келесі кезекте бізбен «Wikimedia Foundation» организациясында жұмыс атқаратын Chris McMahon болды. Жұмысының едәуір бөлігі – «citation» болып табылатын бұл кісі, сұхбат барысының өзінде бізге прототипін, яғни дайынық үстіндегі нұсқасын көрсетті. «Page Object Ruby» атты бірнеше қос редакторлар мен бағдарламалау тілдерінің көмегімен іске асады. Мақаланың шынайлылығын айқындайтын, оқырман үшін дәлел бола алатын дереккөзінің растығын мен дұрыстығын қадағалау - бұл жобаның жұмысы.

  1. Аса қызықтырған жобалардың бірі «Citation» жобасы болды. Бізбен сұхбаттасқан маман, белсенді қатысушы – Daniel Mietchen. Жалпы бұл жобаның «Citation» саласында атқаратын еңбегі түрлі бағыттар мен салаларда өте көп. Алайда Daniel Mietchen жұмыс атқаратын бірден-бір сала – ғылыми мақалалар. Өз тікелей мамандығы ғалым болып табылатын Daniel өзге Вики жобаларының жанашырларымен бірлесе отырып, арнайы боттар жасап қана қоймай, қазіргі таңда өзге tools-тарды жасаумен айналысуда. Одан өзге бұл жобаның тағы бір міндеті ол биология, медицина және басқа да ғылыми салалардағы барша мақалаларды айқындауыш суреттермен, видеожазбалар мен аудиожазбалармен, өзге де керекті мультимедиялық компоненттермен қамтамасыз ету. Қазіргі таңдағы бұл жоба үшін басты мақсат – ауқымды мағлұмат дерекқорын құру.

  1. Вики жобалармен танысу барысында біз жобалардан тыс, мақалалар жазып және оларды өңдеумен айналысатын қарапайым Википедия қатысушыларымен таныстық. Соңғы сегіз жыл бойы Википедияға ерең еңбігін сіңіріп жүрген Michael Baker бізбен өз жеке тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа деген бірнеше маңызды кеңес берді.

  2. Одан бөлек, біз өзіміздің көршілес ел- Өзбекстанның азаматы – Нодир Атаев пен оның өз туған елінде атқарып жүрген жұмысымен де таныс болдық.

Жалпы, Вики жобаларының дамуына еңбек сіңірген тұлғалармен танысу біз үшін аса танымды болды. Біріншіден, өзім үшін бұрыннан қызық болып жүрген біршама сұрақтарға жауап таптым. Екіншіден, едәуір тәжірибесі бар азаматтардан маңызды да қажетті кеңестер алып, оны қалай Қазақ Уикипедиясына бейімдеу жолдарын іздестіру үстіндемін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]