
- •1.1. Атмосфераның құрамы.
- •1.2.Атмосфераның құрылысы.
- •1.3. Ауа температурасы
- •1.4.Метеорологиялық құралдар
- •1.5.Ауа райын бақылау.Ауа райы күнделігін жүргізу.
- •Ауа райы күнделігінің деректерін жинақтау
- •Бақылау жүргізілген күннің орташа тәуліктік температура және орташа қысымның графигі
- •Әр бір бағыттағы желдің неше күн соққанын есептеген деректер кестесі-2
- •Бұлттар
- •1.7.Жауын-шашын түрлері
- •1.8. Жер бетіне атмосферадан шөгетін жауын-шашындар және қауіпті метеорологиялық құбылыстар
- •Метереологиялық глоссарий:
1.4.Метеорологиялық құралдар
Метеорологиялық құралдар - метеорологиялық өзгерістерді тіркейтін, тропосферадағы болатын өзгерістерді реттейтін құралдар. Метеорологиялық элементтерді (құбылыстарды) өлшеп, олардың мәндерін тіркейтін аспаптар мен қондырғылар. Ауа және топырақ температуралары әр түрлі метеорологиялық термометр, термографтармен; ауа ылғалдығы: психрометр,гигрометрмен; атмосфералық қысым: барометр, анероид, барограф және гипсотермометр аспаптары арқылы өлшенеді.Желдің шапшандығы мен бағытын: анометр, анемограф, анеморумбограф, флюгер арқылы өлшейді, сондай-ақ жауын-шашынның түсу мөлшері мен жауу жылдамдығын жаңбыр өлшеуіш, плювиограф және амбрографпен анықтайды.
Барометр :Грек сөзі Baros - ауырлық + Metreo – өлшеймін Барометр – атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. Барометр 2 түрге бөлінеді: сұйықтық және барометр-анероид.
Гигрометр - Грек сөзі Hygros – ылғал деген мағына береді.Гигрометр – ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. Негізгі түрлері: шашты, конденсациялық, салмақ гигрометрлері және тіркеуші гигрометр (гигрограф).
Жауын –шашын өлшегіш; Осадкомер – атмосфералық жауын-шашынды жинақтау және өлшеу құралы. Осадкомер метеоалаңға орнатылған, қатаң тәртіппен бірліктерге бөлінген цилиндрлік шелектен тұрады. Қатты жауын-шашын түрі еріп болған кезде өлшемі белгілі болады. Осадкомер конструкциясы тез буланудан және қардың ұшып кетуінен қорғау функциясы арқылы жасалған.
Қар өлшейтін рейка – метеобақылауларда қардың қалыңдығы мен қар жамылғысының мөлшерін анықтайды.
Облакомер – бұлттардың астыңғы және үстіңгі қабаттарының биіктігін анықтайтын құрал.
Анемометр -Грек сөзі Anemos - жел + Metreo – өлшеймін деген мағына білдіреді.
Анемометр – желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал. Анемометрдің негізгі түрлері: қолда ұстайтын және бағанда бекітіліп тұратын негізгі анемометр. Жел жылдамдығын қолма-қол тіркейтін анемометр (анемограф) деп аталады.
Флю́гер (нидерл. Vleugel) — желдің бағытын өлшейтін құрал
Метеорологиялық спутник – Жердің жасанды серігі, әртүрлі метеорологиялық ақпараттарды тіркейді және Жерге жібереді.Метеорологиялық спутник негізінен бұлттылықты, қар қабатының қалыңдығын, Күн сәулесінің радиация түрлерін бақылайды.
Метеорологиялық ракета – ракеталық аппарат, атмосфераның жоғары қабаттары мезосфера мен ионосфераны зерттеуге арналған. Құралдардың негізгі өлшейтін бөліктері: атмосфералық қысым, Жердің магниттік өрісі, космостық шағылысу, ауа құрамы. Құралдардың көрсеткіштері радиосигналдар арқылы беріледі.
Психрометр (көне грекше: ψυχρός — суық) — екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап. Термометрдің біреуі су ылғалына қаныққан шүберекпен оралған болады. Ылғадылық екі көрсеткіштің айырымы бойынша анықталады.Психрометр — ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан) солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен температураны көрсетеді. Екі термометрдің температурасын білгеннен кейін арнаулы кесте арқылы ауаның ылғалдығы анықталады.
Негізгі әдебиеттер:
Арашова Н.Қ. Метеорология және климатология пәнінен дәрістер жинағы-Ақтау 2010
Аверкеев М.С. Метеорология-М.1960.
Матвеев.Л.Т. Курс общей метеорологии. Физика атмосфера Л.Гидромет 1984.
Интернет ресурс:google. kzhttp://weather.about.com/b/200 7/11/24/what-is-convectionalrain.htm
http://www.wordiq.com/definitio n/Rainfall , http://weather.about.com/od/h/g/hail.htm
Тапсырма 1.Төмендегі сөздерді пайдаланып суретке орналастырып жаз.
Құралдар:Барометр, флюгер, термометр ,жауын-шашын өлшегіш,Ветер Носок ,Анемометр, Погода шар, гигрометр
Сипаттамасы:
a. ауа қысымын өшейді b. Желдің бағытын өлшейді c. Жауын-шашынның мөлшерін өлшейді d. желдің жылдамдығын өлшейді e. Әуе жайда желдің бағытын көрсетеді f. Ылғалдылықты өлшейді g.температураны өлшейді h. Температура,ауа қысымы, желдің жылдамдығы мен бағытын өлшейді
Тапсырма
2.
Суретте дәстүрлі максимум – минимум термометрі берілген. Суретке қарап, анықтаңыздар.
Максимум температура ...............°C
Минимум температура ...............°C
Орташа температура...............°C
Максимум – минимум термометрін қолданудың бір артықшылығын көрсетіңіз.
.............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................. ......................................... ....................................