Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
География 11 класс Сборник - метеорология. Раз...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.17 Кб
Скачать

1.3. Ауа температурасы

 1. Ауаның жер бетінен жылынуы. Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі – Күн. Бірақ күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де, оны тікелей қыздырмайды. Күн сәулелері алдымен жер бетін қыздырады, содан кейін барып жылу ауаға таралады. Сондықтан ауаның жер бетіне таяу қабаты көбірек жылынады да, биіктеген сайын температура төмендей береді. Тропосфера қабатында температураның биіктік бойынша төмендеуі содан. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді.

2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі. Жер бетіндегі ауаның температурасы үнемі бірқалыпты күйінде қалмайды, ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады.

Температураның тәулік ішіндегі өзгерісі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Күн шығып, көкжиектен биіктеген сайын жер беті жылына түседі де, соған орай ауаның температурасы да жоғарылайды. Түстен кейін Күннен келетін жылудың мөлшері азая бастайды. Бірақ ауаның температурасы көтеріле береді. Өйткені Күннен келетін жылудың орнын жерден таралатын жылу әлі де молынан толықтыра түседі. Сондықтан ауаның тәулік ішіндегі ең жоғарғы температурасы түстен 2–3 сағат кейін байқалады. Осыдан соң температура бірте-бірте келесі Күн шыққанша төмендейді.Тәулік ішіндегі осы ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын температураның тәуліктік амплитудасы дейді (латынша амплитуда – кеңдік, жайылушылық).Амплитуда – температураларды көрсететін цифрлардың жай айырмасы емес, олардың бір-бірінен алшақтығы. Жер шарының әр жерінде ауа температурасының тәулік ішіндегі өзгерісі түрліше. Бұл айырма әсіресе құрлық пен су үстінде айқын көрінеді. Құрлық беті суға қарағанда екі есе тез жылынады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда әлдеқайда үлкен.

3. Тәуліктік және айлық орташа температуралар. Ауа райын бақылайтын стансаларда ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеу нәтижелері қосылып, бақылау санына бөлінеді. 0°С-тан жоғары (+) және төмен (–) температуралар болса, олардың әрқайсысы бөлек нақталады. Көп саннан аз сан алынады да, шыққан айырма бақылау санына бөлінеді. Алынған нәтижеге көп санның таңбасы «+» немесе «–» қойылады.

Мысалы, сәуірдің 20 күні ауаның температурасын бақылау нәтижелері: сағат 1-де +5°С, 7-де –2°С, 13-те +10°С, 19-да +9°С.

Тәуліктік жиынтығы 5°С–2°С+10°С+9°С=22°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С: 4= +5,5°С.

Тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температура шығарылады. Ол үшін тәуліктік орташа температуралардың жиынтығын айдағы күн санына бөледі.

Мысалы, қыркүйектегі тәуліктік орташа температуралар жиынтығы +210°С болды делік. Қыркүйектегі күн саны 30. Сонда айлық орташа температура +210°С: 30=+7°С.

4. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура. Температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты (жыл мезгілдерінің ауысу себептерін естеріңе түсіріңдер).

Әр айдың орташа температурасы бір жылдан екінші жылға ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан неғұрлым көп жылдық орташа температуралар алынады. Бұл жағдайда бірнеше жылғы орташа айлық температуралар жиынтығы жыл санына бөлінеді. Сонда айдың көп жылдық орташа температурасы шығады.Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады. Ол үшін айлық орташа температуралардың жиынтығы ай санына бөлінеді.Оң (+) температуралар жиынтығы + 90°С. Теріс (–) температуралар жиынтығы –45°С. Сонда орташа жылдық температура (90°°С–45°С): 12 » +3,8°С.

Негізгі әдебиеттер:

  • Арашова Н.Қ. Метеорология және климатология пәнінен дәрістер жинағы-Ақтау 2010

  • Аверкеев М.С. Метеорология-М.1960.

  • Матвеев.Л.Т. Курс общей метеорологии. Физика атмосфера Л.Гидромет 1984.

Интернет ресурс: http://images.google.com , http://www.vtaide.com/png/atm osphere.htm ,http://www.eoearth.org/article/A

tmospheric_composition

Интернет ресурс көзі: (http://89.218.153.154:280/CDO/BOOKS/Geo/FizGeo-6/Project/Data/kz4_2_3.htm)

Тапсырма 1.

  1. Төменде нысандарда өлшенген ауа температурасы (° C)

  1. Үш күндік ауа температурасы (сағат 08.00 және 15.00) өзгерісі көрсетілген кестені пайдалана отырып, кестені сипаттаңыздар. Өз жауаптарыңызда кесте мәліметтерін пайдаланыңыздар. .............................................................................................................................. .............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. G және H нысандарының орташа температурасын белгілеңіздер ......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. Сурет 4.-тің өзіне орташа ауа температуасы графигін сызыңыздар.

  1. Қандай болжам жасауға болады:

Ғимаратқа жақындаған сайын ауа температурасы өсе ме? Жауап жазу үшін кесте1 және сурет 4 пайдаланыңыз.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. Суреттерді пайдалана отырып, әртүрлі нысандардағы ауа температурасы өзгеруінің екі себебін жазыңыз.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  1. Кестеде салыстырмалы ылғалдылық нәтижелері берілген. Ылғалдылық дегеніміз не? ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ Ылғалдылықты өлшейтін құрал: .................................................................. .......................... ..........

  2. Кестеде салыстырмалы ылғалдылық нәтижелері берілген.Кестені пайдаланып сұраққа жауап жаз.

Жер бетіндегі өсімдіктер өскен аймақтарда салыстырмалы ылғалдылық қандай болады?

Өсімдіктер өскен аймақтардағы орташа салыстырмалы ылғалдылық

............................................................. ............................................................. ............................................................. .............................................................

Өсімдіктер өспеген аймақтардағы орташа салыстырмалы ылғалдылық

............................................................. .............................................................

Жер бетіндегі өсімдіктер өскен аймақтарда салыстырмалы ылғалдылық жоғары бола ма?

Сіздің жауабыңыз

............................................................. ............................................................. ............................................................. ............................................................. ............................................................. .............................................................