Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рахат Ғ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.9 Кб
Скачать

Кредит 2. Тема 3. Ддұ бағдарламасы бойынша ботулизммен, тырысқақпен күресу шаралары.

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

Ботулизм алдын- алуы және ошақтағы шаралары:

2014 жылдың 7 айында республикада ботулизмнің 27 жағдайы тіркелді, жапа шеккендер негізінен оңтүстік өңірлерде тіркеліп отыр: Оңтүстік Қазақстан облысында – 14, Алматы облысында -2, Жамбыл облысында – 9 және Қарағанды облысында – 2. Ақтөбе облысы бойынша ботулизм жағдайы тіркелген жоқ.

Ботулизмнің алдын  алу мақсатында облыс халқының назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді:

1. Ботулизмнiң негiзгi алдын-алу шаралары қоздырғыштың шикiзатқа түсуiнен қорғауға, дұрыс жылумен өңдеуге (стерилизация), дайын консервiленген өнiмде қоздырғыштың көбеюi мен уыт бөлуiн ескертуге бағытталу керек.

2.Айқын бұзылыс көрiнiстерi бар банкiдегi сұйықтың лайлануы, қақпағының томпаюы, қақпағын ашқан кезде өнiмнiң бетiнiң ақ қара көгеру көрiнiстерi бар консервiлердi тағамдық мақсатта қолдануға болмайды.

3.Үй жағдайында ет, балық, саңырауқұлақ герметикалық жабық банкаларда консервiлеуге болмайды.

4.Консервiлеуге арналған ыдыс пен өнiмдердi батпақ пен шаңнан мұқият тазалау.

5.Үй консервiлерiн төмен температурада сақтау.

6. Тұз, қант және қышқылдың рецептте ұсынылған дәрежелерiн қолдану, олар токсиннiң жиналуына қарсы әсер етедi.

7.Үй жағдайында дайындалған консервiленген өнiмдердi қолданар алдында бөлек ыдысқа салып, 15-20 минут қайнатып, кейiн суытып қолданған жөн.

8. Қайта қайнату кезiнде токсин бұзылады, бұл ботулизмнiң алдын-алудың негiзгi шарасы болып табылады.

9.Үй консервiлерiн және қолдан жасалған ет, балық өнiмдерiн даладан, базардан сатып алуда абай болу керек.

Тырысқақ алдын -алуы және ошақтағы шаралары:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес бекітіледі.

ДДҰ мәліметтері бойынша 2011 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тірекелген: Африка: Бурунди, Гана, Замбия, Зимбабве, Камерун, Конго, Кот-д Ивуар, Мозамбик, Намибия, Нигерия. Азия: Ауғаныстан, Бирма, Үндістан, Қытай ,Оңтүстік Корея, Малайзия, Непал, Пәкістан, Папуа-Новая Гвинея, Тайвань, Филиппин. Америка: Венесуэла, Гаити, Доминикан Республикасы, Канада, Мексика, АҚШ. Еуропа: Испания, Украина. 2010 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың 31 шілдесіне дейін Гаитида 415765 жағдай тіркелген, соның ішінде 5500 өлімге алып келген. Канада, Корея, Тайван, Мексикада басқа елдерден жұқтырылып әкелінгендер 1 жағдай, АҚШ 5 жағдайдың 3-уі тіркелген. Мариуполода 2011 жылдың тамыз айына дейін 24 жағдай тіркелген.

Тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың кешенді жоспары мыналарды қамтиды:

-тырысқақты, басқа да ішек инфекцияларының берілу жолдары мен факторларының іске асырылуының әлеуетті қауіптілік (әкеліну) дәрежесін ескере отырып, тырысқақты тұрақты эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етуді.

- тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді.

- тырысқақ ошақтарын таратпау және жою үшін ашылатын мамандандырылған жасақтардың медицина персоналының дайындығын.

- сыртқы орта объектілерінің тырысқақ вибриондарымен ластануына және осы микроорганизмдерді адамдардың жұқтыру жағдайларына сапалы қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жұмыстардың барлық түрлерін орындауды.

Тырысқаққа зерттеудің бағыттылығымен оған жататын объектілер орын алған эпидемиялық жағдаймен айқындалады.

  1. сусыздану белгілері болатын құсу, сұйық диареясы бар ЖІИ-мен ауыратын науқастар

  2. этиологиясы белгісіз ЖІИ-дан қайтыс болғандар тырысқаққа тексерілуге жатқызы тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген босқындар;

  3. осы инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтар және келген уақыттан бастап бес күн ішінде ауырған адамдар; Эпидемиологиялық және санитариялық-гигиеналық айғақтарды ескере отырып, жерүсті су қоймалары мен ауыз су көздерінің суында тырысқақ вибриондарының болуына бактериологиялық зерттеу жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген.