
- •Кредит 1. Тема 1. Оба
- •Оба: алдын-алуы және ошақта күресу шаралары.
- •Кредит 1. Тема 2. Туляремия
- •Туляремия алдын алу және ошақтағы шаралары.
- •Кредит 1. Тема 3. Сібір жарасы
- •Сібір жарасы.Алдын алу және ошақтағы күресу шаралары.
- •Кредит 1. Тема 4. Ддұ бағдарламасы бойынша обамен,туляремиямен сібір жарасымен күресу шаралары
- •Кредит 2.Тема1.
- •Кредит №2. Тема 2. Тырысқақ
- •Кредит 2. Тема 3. Ддұ бағдарламасы бойынша ботулизммен, тырысқақпен күресу шаралары.
Кредит 2.Тема1.
Ботулизм: алдын- алуы және ошақтағы шаралары.
«Инфекциялық аурулардың (обаның,тырысқақтың,ботулизмнің) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитария лық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №32 қаулысы .
ТЖМ ақпаратына сәйкес, 18 қаңтарда сағат 16.00-де Алматы облысының Жамбыл ауданы Қайназар ауылынан Ұзынағаш аудандық ауруханасына кәдіден (баклажан) жасалған салатты жеуден кейін "ботулизм" деген алдын-ала диагнозбен ауруханаға 12 адам жатқызылды.
Емдеу принциптері.
Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты нәтижелі ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшық етке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейін сәйкес сарысу енгізіледі. Поливалентті сарысудың А, Е, С типтері 10000 ХБ тен В типі 5000ХБ енгізіледі. Сарысулармен қатар белсенді антитоксикалық иммунитет қалыптасуы үшін 3 рет 0,5 мл ботулизм анатоксині−жасалынады. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер жасалады.
Алдын-алу шаралары :
1.Ботулизмнің негізгі алдын-алу шаралары қоздырғыштың шикізатқа түсуінен қорғауға, дұрыс жылумен өңдеуге дайын консервіленген өнімде қоздырғыштың көбеюі мен уыт бөлуін ескертуге бағытталу керек.
2.Айқын бұзылыс көріністері бар банкідегі сұйықтың лайлануы, қақпағының томпаюы, қақпағын ашқан кезде өнімнің бетінің ақ қара көгеру көріністері бар консервілерді тағамдық мақсатта қолдануға болмайды .
3. Үй жағдайында дайындалған консервілерді пайдаланар алдында 15-20 минут қайнатып немесе қуырып алған жөн.
4.Ерекше технологиялық, санитарлық назарда консервілеу кәсіп орындарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақылау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі т.б. ұсталады.
Кредит №2. Тема 2. Тырысқақ
Әлемдегі жағдай. Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген: Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола; Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.
Тырысқақпен ауыратын науқасты немесе оған күдіктіні анықтаған медициналық ұйым осы Санитариялық қағидаларға көрсетілген адамдардың обамен және тырысқақпен сырқаттануы немесе күдіктену туралы шұғыл хабарлаудың үлгілік схемасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына, обаға қарсы күрес ұйымдарына тез арада хабар береді. Ақпаратта мыналар көрсетілуі тиіс: 1) науқастың анықталған орны; 2) оның анықталған уақыты; 3) диагнозы – клиникалық немесе бактериологиялық; 4) байланыста болған адамдардың саны; 5) қабылданған шаралар (науқастарды және байланыста болған адамдарды оқшаулау орны, тырысқаққа зерттеу үшін олардан материал алу уақыты). Байланыста болған адамдардың тізімі үй мекенжайын және телефонын көрсете отырып, туристер үшін – саяхатты ұйымдастырушы фирманың атауын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттары көрсетілгенде жасалуы тиіс. Алдын алу іс-шаралары:
Науқастардан немесе клиникалық дені сау адамдардан тырысқақ вибриондары анықталған жағдайда: 1) тырысқақ вибриондарының өсірінділері бөлінген адамдарды емдеуге жатқызу және емдеу; 2) бөлінген өсірінділердің қасиеттері нақтыланады. Штаммдардың эпидемиялық маңыздылығы анықталғанға дейін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізіледі; 3) ЖІИ-мен ауыратын науқаста тырысқақтың клиникалық диагнозы нықталған кезде іс-шаралар көлемі бөлінген өсіріндінің қасиетіне (тырысқақ уытын – холерогенді бөледі немесе бөлмейді) байланысты жүргізіледі. ЖІИ-мен ауыратын науқастардан тырысқақ уытын бөлетін O1, O139 немесе non O1 тырысқақ вибриондары (холероген «+», гемолиз «-») анықталған жағдайда, ұйымдастыру іс-шаралары жүргізіледі. Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалу керек:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.
эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,
емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,
арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,
этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,
халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
Жеке қорғаныс шаралары: Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:
Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.
Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.
Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.
Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз.
Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.
Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.
Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.
Ошақта күресу шаралары:
Тырысқақтың эпидемиялық ошағын таратпау және жою жұмыстары белгіленген тәртіппен бекітілген ҚР тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша кешенді жоспарға сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі. Іс-шаралардың көлемі мен сипаты тырысқақтың жағдайы анықталғаны туралы қорытынды алынғаннан кейін тез арада жүргізілетін эпидемиологиялық тексерудің деректерімен айқындалады. Жоспарда мыналар көзделеді: 1) тырысқақпен ауыратын науқастарды және оған күдікті адамдарды тырысқақ ауруына арналған госпитальға емдеуге жатқызу; 2) тырысқақтың, вибрион тасымалдаушылықтың әрбір жағдайын эпидемиологиялық тексеру; 3) тырысқақты анықтау, оқшаулау, үш рет бактериологиялық тексеру және жұқтыру тәуекелі бойынша бірдей жағдайларда болған адамдарды және байланыста болған адамдарды (отбасы мүшелерін және жақын туыстарын) профилактикалық емдеу; 4) диарея және құсу белгілері бар ЖІИ-мен ауыратын барлық науқастарды белсенді анықтау және оларды провизорлық госпитальге емдеуге жатқызу, бір сағат ішінде үш рет бактериологиялық тексеру; 5) ЖІИ-нан қайтыс болған адамдарды ашып қарау және тырысқаққа бактериологиялық тексеру; 6) қоршаған орта объектілерін, оның ішінде сарқынды суларды, сондай-ақ су және су жанындағы биоценоздың өкілдерін тырысқаққа бактериологиялық зерттеу көлемдері мен жиілігін арттыру;
7)ошақтарда ағымдық және қорытынды дезинфекциялау; Ошақ соңғы науқасты емдеуге жатқызғаннан және қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін 10 күннен соң жойылды деп есептелінеді.