Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.85 Кб
Скачать
  1. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.

Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".

699-706 жж аралығында елді Үшелік қаған басқарды. Ол Жетісуда өз билігін орнатты. Бас орталықтары Суяб пен Күнгіт қалалары болды.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады.Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. "Сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды.Соның салдарынан 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).

Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

  1. Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.

Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды.

Қарахан мемелекетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан болып есептелінеді. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, яғма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін Билік оның ұлы Мұсаға көшеді, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын Ислам дініне қаратты.Көп кешікпей-ақ, олардың ізін ала арада бес жылдан соң Ислам дінін осындағы 200 000 киіз үй (түтін) қабылдады. Осылайша Ислам бұл мемлекетте, шын мәнінде, ресми дінге және мемлекеттік идеологияға айналды. Алайда біртұтас Қарахан мемлекеті 1032 жылға дейін ғана өмір сүре алды.

  1. Қарақытай мемлекеті.

Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген.

Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.