Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.85 Кб
Скачать

86.Қазақстанның әлеуметтік мәселелері.

Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алып жекешелендіру үдерісінің аяқталуы тұрғындардың әлеуметтік бейнесін өзгертті. Қоғамдық өзгерістердің әсерінен халықтың тұрмысы нашарлады. 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есеп бойынша 1990-1995 жж арасында қазақстандықтардың өмір жасы 4,7 жасқа қысқарған; білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған; ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміген. 1997 жылдың соңында ресми органдардың сараптамасы бойынша, республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте күн кешті. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар пайда бола бастады. Табиғи ортаның ластануынан және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауынан жүрек, қан тамырлары, тері, жүйке аурулары, қатерлі ісік көбейді. Сол кездегі үлкен әлеуметтік келеңсіздіктің бірі – жұмыссыздық болды. Адамдар ереуілге, пикеттерге шықты, аштық жариялады және т.б. түрдегі наразылықтар көрініс тапты. 1997 соңына қарай әр түрлі шаралардың арқасында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгелдей өтеді. Жұмыссыздар үшін шағын несие берілді. Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды. 1995-1998 жылдары маңызды әлеуметтік өзгерістер болды. Жеке меншік сектордың салмағы артты, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері – кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. 1998 жылдың 1 қаңтарынан “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету” туралы заң күшіне енді.

87.Тәуелсіз Қазақстан жастарының рөлі.

Жастар – бұл болашақтың «мәңгі қозғалтқыш күші». Сондықтан да Қазақстанның болашаққа барар жолы жастарымыздың даму деңгейіне, олардың мүмкіндіктері мен құндылықтарға ұмтылысына, мемлекеттің экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне қатысу дәрежесіне тікелей байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім, денсаулық, жаңа ақпараттық технологияларға қолжетімділік, кәсіби және жеке бәсекеге қабілеттілік, патриоттық тәрбие, жас ұрпақтың табысты әлеуметтену мәселелері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың әрдайым назарында болып келді және болып қала береді. Қазақстан жастары – Тәуелсіз елімен бірге өскен ұрпақ.Бұл мемлекет қазақстандық жастардың әлемнің кез келген жерінде тең жүруі үшін мықты іргетас қалады. Тәуелсіздіктің 20-жылындағы жеткен жетістіктерді орнықтыра отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші онжылдығында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуды көздеп отыр. Бұл ретте, жастарға аға буын бастаған эстафетаны жалғастыру, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ХХІ ғасырда Қазақстанның өркендеуі мен әлемге танылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай міндет елжанды, білімді, кәсіби, жаны мен тәні сау, рухы асқақ, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі биік жастардың ғана қолынан келеді.

88.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері

Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шашырап жатқан теңіз, бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналып барады. Осы өңірде тіршілікке, адам өміріне қауіп туғызатын неше түрлі аурулар пайда болуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері көбеюде. Осыдан температураның мөлшері 0,8-3 градусқа артты. Аралға құятын өзен суының 10 пайызынан астамы шаруашылық пен тұрмыс қажетіне жұмсалады. Жыл сайын атмосфераға бір миллиард тоннадан астам толық жанбаған заттар тасталады. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күні 20 мың шаршы шақырымға жуығы ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Тұздың құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, гексохлоран сияқты адам денсаулығына аса қауіпті химикаттар бар.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді.