Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.85 Кб
Скачать

84. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының кезеңдері

1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан демократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолына түсті.

Негізгі мақсаттар айқындалды:

  • Экономикада – нарықтық қатынастарды тұрақтандыру;

  • Саясатта -  азаттық қоғам мен құқықтық мемлекет құру.

 Дата

Оқиғалар

1992 30 қыркүйек

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы

1993 жыл 28 қаңтар

Қазақстан Республикасының І Конституциясы қабылданды. Ол экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап жеке меншік институтының заңдылығын жариялады.

1995 жыл30 тамыз

Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1992жылы  2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰБА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі резолюцияға қол қойылды. 1997 жылы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.  1992 жылдан бері Қазақстан экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына (оған Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіреді) мүше.

85.Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері.

Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.

Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті. Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын қабылдауды талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және т.б.

2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әннің анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:  1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.  2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.