
- •Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.
- •Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
- •Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
- •Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
- •Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
- •Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
- •Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.
- •Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қаңлы мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының орны. Халықтың ұлы қоныс аударуы.
- •Түркі тайпалар одағының құрылуы. «Түрік» этнонимі.
- •Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
- •Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
- •Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.
- •Қарақытай мемлекеті.
- •Оғыз мемлекеті.
- •Қазақстан территориясындағы қимақтар.
- •Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
- •Наймандар мен керейіт ұлыстары.
- •21.Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.
- •22. Түркілердің діни нанымдары.
- •24. Түркі тайпаларының әлеуметтік ұйымдасуы. Ру-тайпалық құрылымы, басқару мен билік институттары.
- •25. Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық, Орта Азия және Қазақстандағы саяси жағдай.
- •26.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы.
- •27.Алтын Орда.
- •28. Ақ Орда.
- •29. Моғолстан:этникалық құрамы және саяси тарихы.
- •30. Әбілхайыр хандығы.
- •31. Ноғай Ордасы.
- •32. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
- •33. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.
- •34.Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер).
- •35.Қазақ хандығының құрылуы
- •36. XVғ. Аяғы –XVI ғ. Басындағы Қазақ хандығы.
- •37. XVI ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақ хандығы.
- •38. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы.
- •39. XVII ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •40.Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы
- •41. Қазақ хандығының мемлекеттік және әкімшілік құрылымы.
- •42. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. XviIғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.
- •43.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •44. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •45. «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама», «Ұлы жұт»-жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру.
- •46. XviiIғ. 40-50 жж. Қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы.
- •47. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер.
- •48. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •49. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. Қоғамдық өміріндегі орны.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
- •53. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •54.1822-1824 Жж. Реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
- •1824 Ж. «Орынбор қырғыздары туралы»
- •55.Хіх ғ. Басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).
- •56.1836-1838 Жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.
- •57.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресейге қарсы Оңтүстік Қазақстан қазақтарының көтерілісі.
- •59.XIX ғ. Қазақстанның өнеркәсібінің, сауда және қалалардың дамуы.
- •60.1867-1968 Жж. Әкімшілік реформалар.
- •61.Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.
- •62.XIX ғ. Қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
- •63.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
- •64. XIX ғ. Қазақстанның әдебиеті мен музыка өнерінің дамуы.
- •65.XIX ғ. Ағарту ісі мен білімнің дамуы.
- •66.XX ғ. Басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
- •67.1916 Жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы.
- •68.Қазақстан қос үкімет кезеңінде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
- •70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
- •71.Жэс жылдарындағы Қазақстан. Жэс нәтижелері.
- •72.Қазақ асср-нің құрылуы. XX ғ. 20-шы жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер.
- •73.Қазақстандағы индустрияландыру.
- •74.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •76.XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •77.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
- •Қазақстандықтар Москва үшiн шайқаста
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •78.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •79. XX ғ. 70-80-ші жылдарындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
- •80.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт.
- •81.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы.
- •82.Ксро-ның ыдырауы.
- •83.XX ғ.40-80жж Қазақстандағы ғылым мен мәдениет. (Кеңес кезеңінде).
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының кезеңдері
- •85.Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері.
- •86.Қазақстанның әлеуметтік мәселелері.
- •87.Тәуелсіз Қазақстан жастарының рөлі.
- •88.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері
- •89.Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары мен қозғалыстары: мәні,функциясы,типтері.
- •90.Халықаралық келісімнің Қазақстандық моделі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •Ассамблеяның негізгі міндеттері
78.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық алу көзделді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, еңбек етті. КСРО-ның алыс түкпірлерінен адамдар ағылып келе бастады.Тың игерудің алғашқы 2 жылында 640 мың адам келді.
Тыңның алғашқы табыстары: тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солт.Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. Қазақстанда 6,5 млн га тың жер жыртылды. Бұл жылы республикада 16 млн т астық жиналды. Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл Ту ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алды. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де ұлғайтылды.
Тың игеру зардабы: Жоғары көрсеткіштерге жету үшін мол аумақтар жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қарашірік қабаты желге ұшты. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткіштеріне менсінбей қарау орын алды. Демографиялық ахуалдың орыс тілді тұрғындардың пайдасына шешілуі қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты. Қазақ мектептерінің саны күрт төмендеді. Қазақша газеттер мен кітаптардың таралымы азайды.
79. XX ғ. 70-80-ші жылдарындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
1970-1980 жылдары республиканың отын-энергетика кешені бірсыдырғы жоғары қарқынмен дамыды. 1970 жылдары Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты салынды. Химия өнеркәсібі де жедел қарқынмен дамыды. Жезқазғанда, Жезкентте, Қашарда, Қарағандыда жаңа кең байыту комбинаттары, Павлодарда алюминий зауыты іске қосылды. Темір кен өндірудің жылдық өнімі 1984 жылы 24 млн тоннаға жетті. Қорғасын, мыс, марганец, шойын, болат, қара металдар прокатын өндіру республика металлургиясының маңызды салаларының бірі болды. 1970 жылдарда республика сары фосфор өндіруден Одақта жетекші орынға шықты, минералды тыңайтқыштар шығару ұлғайды. Ертіс химия-металллургия, Атырау мұнай-химия зауыттары салынды. Резеңке, асбест, фосфор, пластмасса шығаратын, мұнай айыратын қәсіпорындар салу қолға алынды. 1970 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда мұнай өнеркәсібін дамытуға бөлінген қаржы бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан 2 есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің дәстүрлі салалары – қара және түсті металлургия дамыды.
80.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді, алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұл бағыт мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан ірі дағдарыстан құтқара алмады. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. 1987 жылғы маусым Пленумда «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Алайда, республика шикізат көзі ретінде қала берді. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкенде күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.