
- •Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.
- •Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
- •Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
- •Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
- •Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
- •Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
- •Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.
- •Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қаңлы мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының орны. Халықтың ұлы қоныс аударуы.
- •Түркі тайпалар одағының құрылуы. «Түрік» этнонимі.
- •Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
- •Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
- •Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.
- •Қарақытай мемлекеті.
- •Оғыз мемлекеті.
- •Қазақстан территориясындағы қимақтар.
- •Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
- •Наймандар мен керейіт ұлыстары.
- •21.Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.
- •22. Түркілердің діни нанымдары.
- •24. Түркі тайпаларының әлеуметтік ұйымдасуы. Ру-тайпалық құрылымы, басқару мен билік институттары.
- •25. Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық, Орта Азия және Қазақстандағы саяси жағдай.
- •26.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы.
- •27.Алтын Орда.
- •28. Ақ Орда.
- •29. Моғолстан:этникалық құрамы және саяси тарихы.
- •30. Әбілхайыр хандығы.
- •31. Ноғай Ордасы.
- •32. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
- •33. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.
- •34.Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер).
- •35.Қазақ хандығының құрылуы
- •36. XVғ. Аяғы –XVI ғ. Басындағы Қазақ хандығы.
- •37. XVI ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақ хандығы.
- •38. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы.
- •39. XVII ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •40.Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы
- •41. Қазақ хандығының мемлекеттік және әкімшілік құрылымы.
- •42. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. XviIғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.
- •43.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •44. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •45. «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама», «Ұлы жұт»-жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру.
- •46. XviiIғ. 40-50 жж. Қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы.
- •47. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер.
- •48. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •49. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. Қоғамдық өміріндегі орны.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
- •53. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •54.1822-1824 Жж. Реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
- •1824 Ж. «Орынбор қырғыздары туралы»
- •55.Хіх ғ. Басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).
- •56.1836-1838 Жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.
- •57.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресейге қарсы Оңтүстік Қазақстан қазақтарының көтерілісі.
- •59.XIX ғ. Қазақстанның өнеркәсібінің, сауда және қалалардың дамуы.
- •60.1867-1968 Жж. Әкімшілік реформалар.
- •61.Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.
- •62.XIX ғ. Қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
- •63.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
- •64. XIX ғ. Қазақстанның әдебиеті мен музыка өнерінің дамуы.
- •65.XIX ғ. Ағарту ісі мен білімнің дамуы.
- •66.XX ғ. Басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
- •67.1916 Жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы.
- •68.Қазақстан қос үкімет кезеңінде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
- •70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
- •71.Жэс жылдарындағы Қазақстан. Жэс нәтижелері.
- •72.Қазақ асср-нің құрылуы. XX ғ. 20-шы жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер.
- •73.Қазақстандағы индустрияландыру.
- •74.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •76.XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •77.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
- •Қазақстандықтар Москва үшiн шайқаста
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •78.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •79. XX ғ. 70-80-ші жылдарындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
- •80.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт.
- •81.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы.
- •82.Ксро-ның ыдырауы.
- •83.XX ғ.40-80жж Қазақстандағы ғылым мен мәдениет. (Кеңес кезеңінде).
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының кезеңдері
- •85.Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері.
- •86.Қазақстанның әлеуметтік мәселелері.
- •87.Тәуелсіз Қазақстан жастарының рөлі.
- •88.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері
- •89.Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары мен қозғалыстары: мәні,функциясы,типтері.
- •90.Халықаралық келісімнің Қазақстандық моделі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •Ассамблеяның негізгі міндеттері
67.1916 Жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы.
Көтерілістің қозғаушы күші :ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; Орыстандыру саясаты
3. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып,көтеріліске түрткі болды.
Жетісудағы көтеріліс:
1916 жылы көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді.Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Торғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Қостанай қамтыды. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, болыстарды өлтірді.1916 жылы Төрғайда болған көтерілісті танымал халық батыры Аманкелді Иманов басқарды. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Көтеріліс кейін партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерлік көрсетті. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
2. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды
3. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды.
68.Қазақстан қос үкімет кезеңінде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.
Қазақстанда құрылған үкімет органдары мен партиялар:
1)Иттифок-и-муслимин партиясы:
Мұсылмандар
Ресей құра-мындағы аймақтық автономияны, парла-менттік үкімет құруды ұсынды.
Сыртқы шекараны күзету, телеграф, почта, ресей үкіметінің құзыретіне берілуді жақтады. 8 сағаттық жұмыс, ана тілде білім, шариғат заңдарын қорғау.
2)Большевиктік партия:
Асылбеков, Б.Серікбаев, С.Меңдешев, Т.Бокин, М.Жәнібеков, С.Арғыншиев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ә.Майкөтов, т.б.
Кеңестер-дің өкімет бірлігі негізінде күресті.
1917 жылы қыркүйекте Уақытша үкімет органда-рын таратты.
Кеңес ұйымдарын, жастар ұйымын құрды. 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, байлардың малын, жерін ала бастады.
3)1917 жылы көктемде эсерлер ұйымы құрылды:
Ұсақ буржуазиялық топтар
Ұсақ буржуазиялық партия - Ұсақ буржуазияның мүддесін қорғады.
«Жер –халықтың меншігі», «жер -өңдегендікі» деген ұран көтерді.
4)«Алаш» - 1905 жылы қозғалыс, 1917 жылы саяси партия. Газеті – «Қазақ»:
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев,
Демокра-тиялық федерация-лық республика құру
Автономия, жер, халық ағарту, салық, жұмысшы, азаматтардың құқықтары туралы мәселені қарады.
69. XX ғ.басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы.
XX ғ.басында 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына халық бірден наразы болды. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында екі түрлі идеология құрылып, ұлт зиялылары екіге бөлінді. Революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин,С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин сияқты өкілдері ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты. Ал, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған демократиялық зиялы қауым тыл жұмысына емес қазақ халқының қару-жарақ асынып мемлекетті қорғасын деген оймен болды. Олар бұл жерде егер де жеңіске жетсе, ұлттық автономия құрудан үміттенді, халықтың амандығын ойлады. Мысалға, Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады. Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, "Маса" жинағын халыққа жеткізеді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады. Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.