
- •Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.
- •Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
- •Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
- •Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
- •Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
- •Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
- •Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.
- •Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қаңлы мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының орны. Халықтың ұлы қоныс аударуы.
- •Түркі тайпалар одағының құрылуы. «Түрік» этнонимі.
- •Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
- •Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
- •Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.
- •Қарақытай мемлекеті.
- •Оғыз мемлекеті.
- •Қазақстан территориясындағы қимақтар.
- •Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
- •Наймандар мен керейіт ұлыстары.
- •21.Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.
- •22. Түркілердің діни нанымдары.
- •24. Түркі тайпаларының әлеуметтік ұйымдасуы. Ру-тайпалық құрылымы, басқару мен билік институттары.
- •25. Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық, Орта Азия және Қазақстандағы саяси жағдай.
- •26.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы.
- •27.Алтын Орда.
- •28. Ақ Орда.
- •29. Моғолстан:этникалық құрамы және саяси тарихы.
- •30. Әбілхайыр хандығы.
- •31. Ноғай Ордасы.
- •32. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
- •33. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.
- •34.Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер).
- •35.Қазақ хандығының құрылуы
- •36. XVғ. Аяғы –XVI ғ. Басындағы Қазақ хандығы.
- •37. XVI ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақ хандығы.
- •38. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы.
- •39. XVII ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •40.Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы
- •41. Қазақ хандығының мемлекеттік және әкімшілік құрылымы.
- •42. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. XviIғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.
- •43.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •44. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •45. «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама», «Ұлы жұт»-жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру.
- •46. XviiIғ. 40-50 жж. Қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы.
- •47. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер.
- •48. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •49. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. Қоғамдық өміріндегі орны.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
- •53. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •54.1822-1824 Жж. Реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
- •1824 Ж. «Орынбор қырғыздары туралы»
- •55.Хіх ғ. Басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).
- •56.1836-1838 Жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.
- •57.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресейге қарсы Оңтүстік Қазақстан қазақтарының көтерілісі.
- •59.XIX ғ. Қазақстанның өнеркәсібінің, сауда және қалалардың дамуы.
- •60.1867-1968 Жж. Әкімшілік реформалар.
- •61.Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.
- •62.XIX ғ. Қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
- •63.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
- •64. XIX ғ. Қазақстанның әдебиеті мен музыка өнерінің дамуы.
- •65.XIX ғ. Ағарту ісі мен білімнің дамуы.
- •66.XX ғ. Басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
- •67.1916 Жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы.
- •68.Қазақстан қос үкімет кезеңінде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
- •70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
- •71.Жэс жылдарындағы Қазақстан. Жэс нәтижелері.
- •72.Қазақ асср-нің құрылуы. XX ғ. 20-шы жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер.
- •73.Қазақстандағы индустрияландыру.
- •74.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •76.XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •77.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
- •Қазақстандықтар Москва үшiн шайқаста
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •78.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •79. XX ғ. 70-80-ші жылдарындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
- •80.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт.
- •81.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы.
- •82.Ксро-ның ыдырауы.
- •83.XX ғ.40-80жж Қазақстандағы ғылым мен мәдениет. (Кеңес кезеңінде).
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының кезеңдері
- •85.Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері.
- •86.Қазақстанның әлеуметтік мәселелері.
- •87.Тәуелсіз Қазақстан жастарының рөлі.
- •88.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері
- •89.Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары мен қозғалыстары: мәні,функциясы,типтері.
- •90.Халықаралық келісімнің Қазақстандық моделі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •Ассамблеяның негізгі міндеттері
62.XIX ғ. Қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
XIX ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қарым-қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылық өміріне, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Мал шаруашылығы мен отырықшы жер шаруашылығының етек ала бастады. Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы Сырдарияға жақын аудандарда, Орталық Қазақстанда, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында сақталды. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған еді. Қапиталистік қатынастардың біртіндеп етек алуы және орталық губерниялардан орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең тарауына себепші болды. Егін шаруашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, дәнді дақылдар мен тұқыммен тұрақты қамтамасыз етіп отырды. Сырдария, Жем, Ырғыз өзендері алқаптарында егін шаруашылығы маңызды орын алды, 15 мың десятина жерді суландыру әдісімен өңдегенде қазақ шаруалары 1 миллион пұтқа дейін астық өндіретін.
Тағы бір мәселе бұл, сол кездегі Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Алғашында 45 мыңнан астам ұйғып, 5мыңдай дүнгеннің көшіп келуі жалпы демографиялық өзгерістерге әкелді. Ал, 1897 жылғы жалпы санақ бойынша дүнгендердің саны – 14136, ұйғырлар – 55999 адамға көбейді. Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.
63.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.
І кезең - ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
ІІ кезең - ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
ІІІ кезең - 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірледі. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болды. Қоныс аудару салдарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке дейін азайды.