
- •Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.
- •Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.
- •Қазақстан тарихының негізгі деректері мен тарихнамасы.
- •Қазақстан территориясы тас дәуірінде.
- •Қазақстан территориясы қола дәуірі кезеңінде.Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы және әлеуметтік ұйымдасуы.
- •Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениеттері.
- •Сақ тайпалары. Саяси тарихы.
- •Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениеті.
- •Үйсін мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қаңлы мемлекеті. Шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық ұйымдасуы.
- •Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының орны. Халықтың ұлы қоныс аударуы.
- •Түркі тайпалар одағының құрылуы. «Түрік» этнонимі.
- •Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
- •Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
- •Қарахандар мемлекеті. Ислам дінін қабылдау.
- •Қарақытай мемлекеті.
- •Оғыз мемлекеті.
- •Қазақстан территориясындағы қимақтар.
- •Қазақстан тарихындағы қыпшақтар.
- •Наймандар мен керейіт ұлыстары.
- •21.Ұлы Жібек жолы және оның көне түрік мемлекеттерінің экономикалық және саяси дамуындағы алатын орны.
- •22. Түркілердің діни нанымдары.
- •24. Түркі тайпаларының әлеуметтік ұйымдасуы. Ру-тайпалық құрылымы, басқару мен билік институттары.
- •25. Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық, Орта Азия және Қазақстандағы саяси жағдай.
- •26.Монғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысханның жорықтары.Ұлыстардың құрылуы.
- •27.Алтын Орда.
- •28. Ақ Орда.
- •29. Моғолстан:этникалық құрамы және саяси тарихы.
- •30. Әбілхайыр хандығы.
- •31. Ноғай Ордасы.
- •32. Ақсақ Темір мемлекеті және оның жорықтары.
- •33. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.
- •34.Қазақ жүздері. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төленгіттер).
- •35.Қазақ хандығының құрылуы
- •36. XVғ. Аяғы –XVI ғ. Басындағы Қазақ хандығы.
- •37. XVI ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақ хандығы.
- •38. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы.
- •39. XVII ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы.
- •40.Қазақ хандығының әлеуметтік және қоғамдық құрылымы
- •41. Қазақ хандығының мемлекеттік және әкімшілік құрылымы.
- •42. Жоңғар мемлекетінің құрылуы. XviIғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.
- •43.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •44. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •45. «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама», «Ұлы жұт»-жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру.
- •46. XviiIғ. 40-50 жж. Қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы.
- •47. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер.
- •48. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •49. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. Қоғамдық өміріндегі орны.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
- •53. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •54.1822-1824 Жж. Реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
- •1824 Ж. «Орынбор қырғыздары туралы»
- •55.Хіх ғ. Басындағы батырлар мен сұлтандардың қозғалыстары (Қаратай, Арынғазы, Жоламан, Саржан, Есенгелді).
- •56.1836-1838 Жж. Бөкей Ордасындағы көтеріліс.
- •57.Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
- •58.Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресейге қарсы Оңтүстік Қазақстан қазақтарының көтерілісі.
- •59.XIX ғ. Қазақстанның өнеркәсібінің, сауда және қалалардың дамуы.
- •60.1867-1968 Жж. Әкімшілік реформалар.
- •61.Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерілістер.
- •62.XIX ғ. Қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтік және демографиялық құрамындағы өзгерістер.
- •63.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.
- •64. XIX ғ. Қазақстанның әдебиеті мен музыка өнерінің дамуы.
- •65.XIX ғ. Ағарту ісі мен білімнің дамуы.
- •66.XX ғ. Басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •XX ғасыр басындағы саяси ахуал.
- •67.1916 Жылғы ұлт- азаттық көтеріліс,оның тарихи маңызы.
- •68.Қазақстан қос үкімет кезеңінде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
- •70.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты.
- •71.Жэс жылдарындағы Қазақстан. Жэс нәтижелері.
- •72.Қазақ асср-нің құрылуы. XX ғ. 20-шы жылдарындағы қоғамдық-саяси процестер.
- •73.Қазақстандағы индустрияландыру.
- •74.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
- •76.XX ғ. 20-30-шы жылдарындағы мәдени құрылыс.
- •77.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
- •Қазақстандықтар Москва үшiн шайқаста
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •78.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •79. XX ғ. 70-80-ші жылдарындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
- •80.Қайта құру қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруға бағыт.
- •81.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы.
- •82.Ксро-ның ыдырауы.
- •83.XX ғ.40-80жж Қазақстандағы ғылым мен мәдениет. (Кеңес кезеңінде).
- •84. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының кезеңдері
- •85.Қазақстан Республикасының Конституциясы және мемлекеттік рәміздері.
- •86.Қазақстанның әлеуметтік мәселелері.
- •87.Тәуелсіз Қазақстан жастарының рөлі.
- •88.Қазақстанның экологиялық мәселелері мен оның адам денсаулығына әсері
- •89.Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары мен қозғалыстары: мәні,функциясы,типтері.
- •90.Халықаралық келісімнің Қазақстандық моделі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •Ассамблеяның негізгі міндеттері
52.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын. 1730 жыл – Кіші жүз билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда хан 1730 жылғы қыркүйекте Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. Патша үкіметінің мақсаты – қазақ- жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу. 1731 жылғы 19 ақпан – елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазан – кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Ал ХҮІІІ ғасырдаың 50-60 жылдарынан бастап Ресей Қазақстанды отарлауда келесі шараларды іске асырды:
1. Есіл, Ертіс, Жайық бойынан қазақтарды ығыстырып, казактарды орналастырды.
2. 1756 жылы Жайық жағасына алғаш рет мал жаюға ресми шек қойылды.
3. 1757 жылы Жайықтан мал айдап өтуге тыйым салынды.
Бұл шаралар қазақ жерін толық отарлаудың бастамасы еді.
53. Сырым Датұлы басшылығымен болған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Көтерілістің себептері:
1. Орынбор губерниясы таратылды да Кіші жүздің көпшілік бөлігі Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды.
2. Қазақтардың Жайықтың сол жағалауына өтуін бақылайтын Орал шекаралық басқармасы құрылды. Хандық билік әлсіреді.
3. Жайық казактарының зорлық-зомбылығы қазақтардың шаруашылығына нұқсан келтірді.
4. Нұралы хан халықтан жайылымдық үшін салық алды.
Көтеріліс аумағы: Еділден Арал теңізіне дейінгі Кіші жүз аумағын қамтиды.
Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары.
Көтеріліс жетекшісі: Сырым Датұлы.
Көтерілістің барысы: Көтеріліс 1783 жылдың күзінде басталды. 1787 жылы 1 мыңнан астам жазалаушы отряд келді. Сырым енді бекіністерді алуға ұмтылды. 1791 жылы Әбілхайырдың ұлдарының бірі сұлтан Ералы хан болып сайланды. 1794 жылы Ералы хан өлгеннен кейін Нұралы ұлы – Есім хан сайланды. Бұған наразы болған Сырым 1797 жылы хан сарайына шабуыл жасап Есімді өлтірді. 1897 жылы Сырым Хиуа хандығына өтіп, 1802 жылы сонда қайтыс болды.
Көтерілістің жеңілу себептері:
Старшындық топтың арасындағы алауыздық
Көтеріліс күшінің әлсіз ұйымдасуы
Рулар арасындағы қайшылықтар
Көтеріліс топтарының арасындағы байланыстың болмауы.
Көтерілістің тарихи маңызы:
Ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
54.1822-1824 Жж. Реформалар. Әкімшілік-территориялық бірлестіктердің құрылуы.
1822 жылы 22 шілдеде Қазақстанда хандық билікті жою туралы Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды. Оның негізгі дайындаушысы – Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский.
Жарғының негізгі мақсаты: Кіші жүзде хандық билікті жою. Жарғы Орта жүз қазақтарының саяси дербестік құқықтарын құқықтарын шектеуді мақсат етіп, орыс шенеуніктерден қазақ сұлтандарына, басшыларына бақылау қойды. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету.
Жарғы Орта жүзде іске асты. Әкімшілік жағынан былай бөлінді:
Округ - 15-20 болыстан тұрды; басқарушысы - аға сұлтан;
Болыс – 10-12 ауылдан тұрды; басқарушысы - болыс;
Ауыл – 50-70 шаңырақтан тұрды. басқарушысы - ауыл старшындары басқарды.
Аға сұлтан – оны тек сұлтандар сайлады, аға сұлтандарға ресейлік әскери майор шені берілді, он жылдан кейін дворяндық атақ берілді, үш жылға сайланды.Болыс – болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Ауыл старшындары – үш жылға сайланды. Ресейлік селолық старосталармен теңестірілді.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді:
Қылмыстық істер
Талап ету
Шағым айту.