Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.85 Кб
Скачать

47. Кіші жүз ханы Әбілхайыр – жеке тұлға және саясаткер.

Әбілқайыр - (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы.

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 

48. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы.

1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы  саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойғаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты.Абылай хан Қытаймен бейбіт келісімге келіп, сауда–саттықа жол ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал–қалалар салып, оларды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысты.

XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп отырады. 1779 жылы Абылай әскерлері қырғыздарды талқандайды. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары босатылады.

Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді.

49. Қазақ билері. Олардың XVI- XVIII ғғ. Қоғамдық өміріндегі орны.

Қазыбек би Келдібекұлы (1659-1765 жж.) Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан зандарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласьш жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты. Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.

Төле би Әлібекұлы (1657-1756 жж.) Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңіңде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын қуғын-сүргінге ұшыратқысы келді, Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге бітұгас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.

50.XV- XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті

Қазақ халқы бірыңғай көшпелі мал шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, жартылай мал шаруашылығымен де шұғылданған. Қысқы көште қыстауда, көктемгі көште – көктеуде, жазғы көште – жайлау, күзгі көште – күзеуде болатын. Қыстау қазақ халқының негізгі тұрақты қоныстарының бірі. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, қазақтар егін шаруашылығымен де айналысқандығын дәлелдейтін арық-тоғандардың іздері табылған.Қазақ егіншілері бидай, арпа, тары, сұлы екті. Жер жырту саймандары тесе, кетпен, соқа, қол орақ күрек болды.

Материалдық мәдениетке мыналар жатады: тұрғын үй, құрал-сайман, қару-жарақтар т.б.

 Сәулет өнері

XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыстар салына бастады.

  1. Арыстан баб кесенесі – орналасқан жері: Сырдария өзеніне жақын, Отырар қаласының батыс жағы. Кесенені қайта салғызған Әмір Темір.

  2. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі – орналасқан жері – Түркістан қаласының ортасы. 1397 жылы Әмір Темір салдырған.

  3. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – орналасқан жері – Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шығысы. Бегім 1485 жылы қаза тапқан.

Тұрғын үй: Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды: жаздық киіз үй, қыста тұратын жер үйлер (ағаш, тас, кірпіш). Киіз үй үш бөлімнен тұрды - шаңырақ, уық, кереге. Сықырлауық –есігі.Үйді жауып тұратын киіздер –туырлық, үзік, түндік деп аталды.

51.XV- XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениеті.

Тіл және жазу

ХУ-ХУІІ ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасты.Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір – біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты.

  • ХУ ғасыр – қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XIV-XV ғасырларда ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама» туындылары.

  • Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.)- 1546 жылы парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» еңбегі.

 Ауызша әдебиеті

Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХУ-ХУІІ ғасырларда өркендеді. Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын» т.б.

Музыка өнері

Қазақ халқының музыка өнері бірнеше салаға бөлінеді – айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнері. Аспаптық музыка туындылары да осы, ғасырларда дамыды. Олар: «Ескендір», «Қамбар батыр» т.б. күйлер және Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Сағыныш» сияқты күй – аңыздар.

Діни наным – сенімдер: XIVғасырда Өзбек хан мен Моғол ханы Тоғылық – Темір ислам дінін мемлекеттік дін дәрежесіне жеткізді. Қазақстанға ислам дінінің сопылық (суфизм) бағыты тарады. Ислам дінінің  сопылық бағытын қазақтар бұрын табынып келген «Көк тәңірі» дінімен байланыстырып, қалыптасуына негіз жасаған Қожа Ахмет Йассауи болды.