Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.экзамен тарих 2013 жауаптарымен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.85 Кб
Скачать

44. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.

XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы территориясына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді.

45. «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама», «Ұлы жұт»-жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыру.

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Екпіні қатты жаудың қалың қолы Қазақстанның оңтүстігінен елге ішкерілей ене берді. Жолында кездескен бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылынан қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Қорғануға мұршасы келмеген ел қырылды, тірі қалғандары атамекенін тастап, үдере қашты. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп, Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, Бұхараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ халқының тарихындағы қасірет, Отан басына күн туған бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атаумен қалды.

46. XviiIғ. 40-50 жж. Қазақ –жоңғар қатынастары. Жоңғарияның құлауы.

Қазақ жеріне қауіп төндірген Жоңғар хандығы XVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ жеріне сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырған, Жоңғарияның мақсаты қазақ елінің бар байлығын жаулап, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен белгілі сұлтан Абылай және Әбілпайыздың ұлыстарын талқандаған жоңғарлар қазақтарды Ор бекінісіне дейін ығыстырды. Осы кезде Ресей қазақтарды қорғауға дайын екендігін көрсетіп, 1742 жылы мамырдың 20-сы қазақтарды және шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады. 1742 жылы қыркүйектің 2-сі күні Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н.Неплюев Қалдан-Серенге жолдаған хатында қазақтарға қысымды тоқтатуды талап етті. Алайда, жоңғар билеушілері бұл талапқа құлақ аспайды. Тіпті, сұлтан Абылайды тұтқынға алады. Бірақ, 1745 жылы қалмақтардың билеушісі қолбасшы Қалдан-Серен қайтыс болады, және олардың жағдайы нашарлайды. 1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұны пайдаланғысы келген Пекин сарайы, биліке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун қолдап, 1755 жыл көктемінде Әмірсана бастаған орасан зор қолды Жоңғарияға аттандырды. 1758 жылы Жоңғария толық талқандалып, халқы қайыршылықтан қырылып, Ресейге де қашты, басқа бөлігі қандастары – қалмақтарға қашты. Бұны пайдаланған қазақтар шабуылдарын үдетіп, олардың берекесін кетіреді. Сонымен, 1758 жылы Жоңғария тарихи сахнадан біржолата жоғалды.