Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 5B071200 МашГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.8 Mб
Скачать

5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)

Объектілерді өшіру (кетіру) үшін Стереть (Erase) командасы қолданылады.

Стереть (Erase) командасын құлама мәзірдің РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) бөлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.

5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау

Объектілерді таңдаған кезде, оларды анықтайтын нүктелерде тұтқалар пайда болады (5.2 – сурет).

Бұл жерде арнайы Редакциялау командаларын шақырусыз таңдау керек. Тұтқалар пайда болуы үшін курсорды объектіге апарып, тышқанның сол батырмасын басып қалу керек.

Тұтқалардың көмегімен объектілердің геометриялық қасиеттерін өзгертуге болады. Редакциялауды бастау үшін тұтқаның біреуін таңдап алу керек. Ол үшін тышқанның сол батырмасымен тұтқаның ішіне шерту керек. Бұдан кейін таңдалған тұтқа базалық болады. Оның түсі өзгереді немесе түгелдей бір түске боялады.

Егер бірнеше тұтқаны таңдау керек болса, алдымен Shift пернесін басып тұрып, тұтқаларды бірінен соң бірін таңдау керек. Қажет болған жағдайда тұтқаны таңдауды қайтаруға болады, ол үшін Shift пернесін басып тұрып, қайтадан сол тұтқаны шертіп қалу керек.

5.3 Объектілердің орнын ауыстыру

Объектілердің орнын ауыстыру Перенеси (Move) командасының көмегімен жүзеге асырылады. Перенеси (Move) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.

5.4 Объектілердің көшірмесін жасау

Копируй (Copy) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар панеліндегі пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.

5.5 Объектілердің айналы кескіні

Объектілердің айналы көшірмесін салу үшін Зеркало (Mirror) командасын қолданады (5.5 - сурет).

Зеркало (Mirror) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар панеліндегі пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.

5.6 Массив (Array)

Массив (Array) командасы тік бұрышты немесе дөңгелек массивтер жасауға мүмкіндік береді. Массив (Аrray) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.

Егер тік бұрышты массив жасау керек болса, массивтің Rectangular (Прямоугольный массив) түрін қабылдаймыз. Содан соң көбейтілетін объектіні таңдаймыз. Ол үшін Выбор объектов деген сөздің қасындағы батырманы басамыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң қатарлар мен бағандардың сандарын енгіземіз. Қатарлардың арасындағы қашықтықты, одан соң бағандар арасындағы қашықтықты енгіземіз. Қажет болған жағдайда бұрылу бұрышын енгізуге болады. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап бергенде, оның оң жақ бөлігінде нәтиженің кескіні көрсетіледі. Егер нәтиже дұрыс болса, ОК батырмасын басамыз. Экранда берілген объектіден массивтің жасалғанын көреміз. Тік бұрышты массивтің мысалы 5.6 – суретте көрсетілген.

Егер дөңгелек массив жасау керек болса, массивтің Polar (Круговой массив) түрін қабылдаймыз. Содан соң көбейтілетін объектіні таңдаймыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң массив центрін енгіземіз. Оны координаталармен немесе сызбада нұсқау арқылы енгіземіз. Содан соң массив элементтерінің санын енгіземіз. Толтыру бұрышы енгіземіз. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап берген кезде терезенің оң бөлігінде массивтің алдын-ала көрінісі бейнеленеді. Егер нәтижемен келісетін болсақ, ОК батырмасын басамыз. Дөңгелек массивтің мысалы 5.7 – суретте көрсетілген.

Негізгі әдебиет: 1 нег.78-85, 2 нег. 161-206.

Қосымша: 1 қос.[203-241].

Бақылау сұрақтары:

  1. Нысанның симметриялық бейнесін қандай команданың көмегімен жасауға болады?

  2. Объектінің көшірмесін қандай команданың көмегімен орындайды?

  3. Массив түрлерін атаңыз.

  4. Қандай команданың көмегімен объектінің орнын ауыстырады?

  5. MIRROR (ЗЕРКАЛО) командасын мәтіннің айналы кескінін алу үшін қолдануға бола ма?

  6. Объектілерді өшіру үшін қандай команда қолданылады?

Дәріс 6. Редакциялау командалары

Ұқсас объектілерді жасау. Объектілерді бұру. Фаскаларды орындау. Түйіндесулерді орындау. Объектілерді ұзарту. Объектілерді кесу. Объектіні үзу. Объектіні бөлшектеу. Объектіні бөліктеу. Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау. Объектілерді масштабтау.