
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Машиналық рафика
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus
- •Оқытушылар туралы ақпарат:
- •Пән туралы ақпарат:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі
- •Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру жүйесі
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі
- •1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен әрекеттері
- •2. Берілетін материалдың мазмұны
- •2.1 Пәннің тақырыптық жобасы.
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі.
- •2.1 Нүкте (Точка - Point).
- •2.2 Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
- •2.4 Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
- •2.5 Шеңбер (Круг - Circle)
- •2.7 Түзу (Прямая - xline)
- •2.9 Эллипс (ellipce)
- •2.10 Сплайн (Spline)
- •4.1 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch)
- •4.2. Өлшемдер
- •5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)
- •5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау
- •5.3 Объектілердің орнын ауыстыру
- •5.4 Объектілердің көшірмесін жасау
- •5.5 Объектілердің айналы кескіні
- •6.1 Объектілерді бұру
- •6.2 Фаскаларды орындау
- •6.3 Түйіндесулерді орындау
- •6.4 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау
- •6.5 Объектілерді масштабтау.
- •7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
- •7.2 Мультисызық (млиния - мline)
- •7.3 Растрлық кескіндер
- •- Үшөлшемді полисызықтар;
- •10.1 Көрініс экрандары
- •10.2 Үшөлшемді полисызықтар
- •11.1 Параллелепипед
- •AutoCad-та шарды салу үшін арнайы Sphere командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.3 Цилиндр (Cylinder) AutoCad-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.4 Конус (Cone) AutoCad-та конусты салу үшін арнайы cоne командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.6 Пирамида (Pyramid)
- •4 Сторон Описанный
- •Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
- •12.1 Айналу денелері
- •12.2 Cығу денелері
- •12.4 Ығыстыру (Сдвиг - Sweep)
- •12.5 Қималары бойынша (По сечениям - Loft)
- •13.1 Денелерді біріктіру
- •13.2 Денелерді алу
- •13.3 Массив
- •13.4 Фаска салу
- •13.5 Түйіндесу
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Студенттің оқытушы басшылығымен (соөж) жүргізілетін өздік жұмысы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары.
- •Сөж жоспары
- •Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
2.7 Түзу (Прямая - xline)
Түзуді салу үшін Прямая (XLINE) командасын қолданады.
Екі бағытта да шексіз сызықтарды түзу дейміз. Шексіз түзулерді көбінесе объектілерді салу кезінде қосымша сызықтар ретінде пайдаланады.
Шексіз түзулердің болуы сызбаның шекарасына әсер етпейді. Сондықтан түзулер зумдау процесіне немесе көрінісі экрандарына да әсері жоқ. Түзулерді жылжытуға, бұруға және көшірмесін жасауға болады.
Команданы шақыру тәсілдері:
1.
Прямая
(XLINE)
пиктограммасын
басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар
панелінің Рисование
(Draw)
бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Прямая командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға Прямая (XLINE) сөзін жазу арқылы.
2.8 Сәуле (Луч - Ray)
Жазықтықтың бір нүктесінен басталатын және бір жағына қарай шексіз бағытталған геометриялық элементті сәуле дейміз. Бұл примитивті салу үшін Луч (Ray) командасы қолданылады.
2.9 Эллипс (ellipce)
Эллипс
– фокус деп аталатын екі нүктеден
қашықтықтарының қосындысы тұрақты
болатын нүктелердің геометриялық орны.
AutoCAD жүйесінде математикалық дәл
эллипстерді де, эллипстік доғаларды да
салуға мүмкіндік бар. Ол үшін Эллипс
(ellipce)
командасы
қызмет етеді.
2.10 Сплайн (Spline)
Сплайн
– берілген нүктелер арқылы өтетін тегіс
тұтас сызық. Нүктелер кез-келген мүмкін
тәсілмен беріле береді. Сплайн салу
үшін Сплайн
(Spline)
командасы қолданылады. Бұл команданы
Рисование құлама мәзірінен Сплайн
(Spline)
пуктін таңдап немесе аспаптар тақтасында
пиктограммасын басу арқылы
шақырылады. Одан бөлек командалар
жолында Сплайн
(Spline)
деп жазу арқылы шақыруға болады.
Негізгі әдебиет: 1 нег.3-52, 2 нег. 5-33
Қосымша: 1 қос.[138-348].
Бақылау сұрақтары:
Тік төртбұрышты қандай тәсілдермен сызуға болады?
Шеңберді қандай тәсілдермен сызуға болады?
Полисызық дегеніміз не?
Доғаны салу тәсілдерін атаңыз?
Нүктелерді енгізу тәсілдерін атаңыз?
3-дәріс. Сызбадағы мәтін.
Мәтіндік стильді қабылдау және оны өзгерту Стиль текста (Text style) диалогтық терезесінде жасалды. Ол құлама мәзірдің Формат бөлімінен шақырылады. (3.1 - сурет).
Бір жолдық мәтін.
Қысқа және өзіне ғана тән өзгертулері жоқ жазуларды Однострочный текст (Dtext және Text) командасының көмегімен жазады. Ол AutoCAD-тың құлама мәзірінің Рисование бөлімінен шақырылады. Бір мәтіндік жолды жазу үшін Text командасы, ал бірінің астында бірі орналасқан жолдардан тұратын мәтінді жазу үшін Dtext командасы қолданылады.
Бірінші жолдан екінші жолға өту Enter пернесін басу арқылы іске асады. Мәтіннің әрбір жолы жеке объект болып табылады. Оларды жеке жылжытуға және форматтауға болады. Text командасы жазуды командалық жолда жазуға мүмкіндік береді, бұл жазу графикалық алаңда жазуды аяқтағанша көрсетілмейді. Келесі жазуды бастау үшін команданы қайта шақыру қажет.
Көпжолдық мәтін (Многострочный текст). Mtext - көпжолдық мәтінді жазу командасы. Бұл MText командасы құлама мәзірдің Рисование бөлімінен немесе аспаптар панелінің пиктограммасын тышқанмен шерту арқылы шақырылады.
Ұзақ күрделі жазулар көпжолдық мәтін ретінде жазылады. Мұндай мәтін абзацтың берілген еніне шақталып жазылады, оны керекті жерге дейін созуға да болады. Көпжолдық мәтінде жеке сөздер мен символдарды өзгертуге, форматтауға болады.
Көпжолдық мәтін мәтін жолдары мен абзацтардан тұрады. Жолдардың саны шектелмейді. Көпжолдық мәтін түгелімен бір объект ретінде есептеледі, оны жылжытуға, бұруға, жоюға, көшірмесін жасауға, айналық кескінін жасауға, созуға және масштабын өзгертуге болады.
Көпжолдық мәтінді редакциялау мүмкіндігі бір жолдық мәтіндікінен анағұрлым көп. Мысалы, көпжолдық мәтін үшін жеке сөздердің, сөйлемдердің астын немесе үстін сызып қоюға болады, өздеріне тән қарыпты, түсін және биіктігін белгілеуге болады.
Негізгі әдебиет: 1 нег.49-53, 2 нег. 94-110, 283-286.
Қосымша: 1 қос.[348-379].
Бақылау сұрақтары:
Біржолдық мәтін мен көпжолдық мәтіндердің айырмашылығы неде?
Мәтіннің меншікті стилін қалай жасауға болады?
Екі нүктенің арасына берілген биіктік бойынша мәтін жолын жазу үшін қандай опцияны қолданады?
Екі нүктенің арасын қамтитын мәтін жолын жазу үшін қандай опцияны қолданады?
Шеңбер диаметрінің символын жазу үшін қандай басқарушы код қолданылады?
Autocad қаріптері үшін қолданылатын қандай басқарушы кодтарды білесіз?
Дәріс 4. Сызбаларды безендіру. Қабаттармен жұмыс істеу.
Сызықшалау (штрихтау), өлшемдерді қою. Өлшемдерді редакциялау командалары. Жеке өлшемдер салу командалары. Өлшемдер тобын салу командалары. Параметрлер және жаңа қабатты құру. Қабатта өлемдік сызықтар салу. Қабат түсін өзгерту. Қабатты жою.