Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 5B071200 МашГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.8 Mб
Скачать

1.8 Білімді тексеру жүйесі

3-кесте

Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау тұрлері

%

Емтихан

Қорытынды бақылау

100

Аралық бақылау

100

Ағымдық бақылау

100

4-кесте

«Машиналық графика» пәні бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрлері

З1

З2

ГЖ1

З3

З4

ГЖ2

З5

ГЖ3

З6

З7

ГЖ4

З8

АБ1

З9

ГЖ5

З10

З14

З11

ГЖ6

З12

З13

ГЖ7

З15

АБ2

Бақылау саны

1

2

1

2

2

1

2

2

2

1

1

2

1

2

2

Бақылау түрлері: АБ 1,2 – аралық бақылау

З. –зертханалық, ГЖ – өзіндік жұмыс

5-кесте

Студенттердің білімін бағалау

Баға

Әріптік эквивалент

Рейтингтік балл

(пайызбен %)

Баллмен

Өте жақсы

А

95-100

4

А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттанрлықсыз

F

0-49

0

1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

Модуль №1 бойынша бақылау сұрақтары

  1. Командаларды шақыру тәсілдерін атаңыз.

  2. AutoCAD интерфейсінің базалық компоненттерін атаңыз.

  3. Курсорды таңдау және оның маңызы туралы айтып беріңіз.

  4. Контекстік мәзір командаларының құрамы қандай факторларға байланысты.

  5. Командалық жолдың қызметі қандай?

  6. Кесіндіні қандай команданың көмегімен орындайды?

  7. Кесіндінің ұштарын қандай тәсілдермен көрсетуге болады?

  8. Шеңберді қандай тәсілдермен сызуға болады?

  9. Тік төртбұрышты қандай тәсілдермен сызуға болады?

  10. Бір жолдық мәтінді қандай команданың көмегімен орындайды?

  11. Мәтіннің меншікті стилін қалай жасауға болады?

  12. Блокты қалай жасауға болады?

Модуль 2 бойынша бақылау сұрақтары

  1. AutoCAD жүйесінде қандай қатты денелі объектілерді салуға болады?

  2. Сығу арқылы денелерді жасау жолдарын айтыңыз.

  3. AutoCAD жүйесіндегі үшөлшемді беттерді атаңыз.

  4. Айналу бетін қалай жасауға болады?

  5. Модель кеңістігінен бет кеңістігіне қалай өтуге болады?

  6. Айналу денесін қалай жасауға болады?

  7. Сығу арқылы денені қалай жасауға болады?

  8. Ығыстыру арқылы денені қалай жасауға болады?

  9. Қималары бойынша денені қалай жасауға болады?

  10. Кескіндеу стильдерінің түрлерін атаңыз.

Аралық аттестацияны жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. Мәтіндік терезе мен командалық жолдың қызметін айтып беріңіз.

  2. Курсорды таңдау және оның маңызы туралы айтып беріңіз.

  3. Айналу денелерін жасау жолдарын айтыңыз.

  4. Объектінің бөлігін жою командасын атаңыз.

  5. Сызбадағы объектінің масштабын қалай өзгертуге болады?

  6. Түйіндесуді қандай команданың көмегімен орындауға болады?

  7. Объектіні редакциялау үшін қалай таңдайды?

  8. Объектінің көшірмесін қандай команданың көмегімен орындайды?

  9. Қандай команда объектіні жояды?

  10. AutoCAD графикалық жүйесінің басты терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.

  11. Қандай команда блокты қоюға мүмкіндік береді?

  12. Қандай команда блокты бөлуге мүмкіндік береді?

  13. Объектіні керекті жерге қандай команданың көмегімен жылжытуға болады?

  14. Объектіні қандай команданың көмегімен бұруға болады?

  15. Массивтің қандай түрлерін салуға болады және ол қандай команданың көмегімен орындалады?

  16. Көпбұрышты қандай команданың көмегімен сызуға болады?

  17. Мәтінге қалай өзгеріс енгізуге болады?

  18. Сызықшалауды орындау тәсілдерін атаңыз?

  19. Денелерді біріктіру қандай команданың көмегімен орындалады?

  20. Қабықшаны қандай команданың көмегімен орындайды?

  21. Қатты денелі объектінің қимасын қалай орындайды?

  22. Бұйымдағы фаска мен түйіндесуді қалай жасауға болады?

  23. Қатты денелі объектілерден тұратын дөңгелек массивті қалай жасауға болады?

  24. Принтер немесе плоттерді қалай тағайындайды?

  25. Баспа масштабы мен қағаз пішімін (форматын) қалай таңдайды?

  26. Объектінің үшөлшемді моделі негізінде ортогональ көріністерін қандай команданың көмегімен жасауға болады?

  27. Қандай команда денелердің жазық проекцияларын алуға мүмкіндік береді?

  28. Көпбұрышты салудың негізгі параметрлерін атаңыз.

  29. Редакциялау үшін объектіні қалай таңдайды?

  30. Қандай команда объектіні жояды?

  31. Массив түрлерін атаңыз.

  32. Сыртқы түйіндесуді қандай команданың көмегімен орындайды?

  33. Объектінің бірнеше көшірмесін қалай жасауға болады?

  34. Изометриялық проекцияларды салу реті.

  35. Растрлық кескіндерді кірістіру.

  36. TOOLS (Сервис) мәзірінің құрамы.

  37. Көлбеу өлшемді қою үшін қандай опция қолданылады?

  38. Тізбекті өлшемді қою үшін қандай опция қолданылады?

  39. Блокты қоюдың талаптары.

  40. Көрініс экрандары.

  41. F1, F2, F3, F6, F7, F8, F9, F11 функционалдық пернелердің қызметі қандай?

  42. Қолданушының координаталар жүйесін қалай құрады?

  43. Бұрыштық өлшемді қоюдың ерекшелігі қандай?

  44. Объектілік байластыру дегеніміз не?

  45. Zoom All (Покажи все) командасын белсендіру тәсілдері қандай?

  46. Ассоциативті өлшем термині нені білдіреді?

  47. Атрибут дегеніміз не?

  48. Атрибуттары бар блоктың артықшылығы неде?

  49. Array (Массив) командасын не үшін қолданады?

  50. Fillet (Сопряжение) командасының қандай опциялары бар?

  51. REGION (ОБЛАСТЬ) командасы қандай қызмет атқарады?

  52. Extend (Удлинить) командасын қолданғандағы әрекеттер реті қандай?

  53. Boundary (Контур) командасы қайда орналасқан?

  54. UCS (ПСК) командасының опцияларын атаңыз.

  55. PLINE (Полилиния) командасының Line(Отрезок) командасынан айырмашылықтары мен артықшылықтары қандай?