Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 5B071200 МашГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.8 Mб
Скачать

1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus

    1. Оқытушылар туралы ақпарат:

Дәріс жүргізетін оқытушылар: Қарымсақов У.Т., доц.., т.ғ.к., Абилдабекова Д.Д., доц., п.ғ.к., Маубекова А.Ш., оқытушы.

Байланыс телефондары: 257-70-86. 257-72-49

Кафедрада болу уақыты: 715 ауд., уақыты 900 – 1800.

    1. Пән туралы ақпарат:

Атауы: Машиналық графика

Кредиттер саны: 2

Жүргізілу орындары: «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасы, БОҒ 723, 1033б аудиториялары.

1-кесте

Оқу жоспарынан алынған көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

Академиялық сағат аптасына

Бақылау

түрі

Дәрістер

Зерт.

сабақтар

Практикалық

сабақтар/

семинар сабақтар

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы

1

2

3

1

2

-

2

1

6

Емтихан

    1. Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді білу қажет:

- математика,

- информатика,

- сызба геометрия.

    1. Постреквизиттер

«Машиналық графика» пәнін оқығаннан кейін алатын білім мен дағды, техникалық және арнайы пәндерді меңгеруге негіз болып табылады:

- машина жасаудың ақпараттық технологиясы;

- конструкторлық және технологиялық жобалауды автоматтандыру.

  1. 5 «Машиналық графика» пәнінің мақсаты мен міндеттері

1.5.1 «Машиналық графика» пәнін оқыту мақсаты:

– студенттердің инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандырудың әмбебап ортасын;

– КҚБЖ стандарттарын қанағаттандыратын құжаттарды орындау сапасы бойынша да, стандарттардың талаптарын сақтау бойынша да конструкторлық құжаттаманы алу үшін машиналық графиканы;

  • қатты денелі кеңістіктік модельдеу мүмкіндіктерін меңгеру болып табылады.

1.5.2 Пәнді оқудың міндеттері:

- машина жасау сызбаларын автоматты түрде орындауға, редакциялауға және безендіруге қажетті білім алу мен үйрену;

- сызбалар файлдарын құру және оларды баспаға шығаруды үйрену.

«Машиналық графика» пәнін зерделеу нәтижесінде студенттің:

әмбебап графикалық жобалау жүйесі ортасында іске асырылған инженерлік-графикалық жұмыстарды автоматтандырудың жаңа технологиясы туралы түсінігі болуы тиіс;

графикалық редактордың негізгі командаларын, жүйенің графикалық примитивтерін, сызба элементтерін түрлендіруді, жүйеде сызбалар жасау әдістемесін, қатты денелі модельдерді жасауды білуі тиіс;

сызбаларды жасауда, сақтауда, қолданылып жүрген сызбаларды редакциялауда, сызбаларды плоттерге немесе принтерге шығаруда, қатты денелі кеңістіктік модельдеу әдістемесін зерделеуде ептілігі болуы тиіс;

сызбаларды сауатты безендірудің тәжірибелік дағдыларын иеленуі тиіс;

технологиялық және конструкторлық құжаттаманы жобалау кезінде компьютерлік графиканы прогаммалық қамтамасыз етуді пайдалануда және қолдануда құзіретті болуы тиіс.

1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі

Оқылатын пәнді толық меңгеру үшін студент өз бетінше өзіндік жұмыстарды (ӨЖ) және зертханалық жұмыстарды (З) орындап, ағымдық және қорытынды бақылаулардан (ҚБ) сүрінбей өтуі тиіс. Сондықтан, оқу жылының басында оқушылардың назарына тапсырмалардың түрлері мен оларды орындау мерзімінің тізімі беріледі, оның пішімі 2-кесте бойынша құрылған.

2-кесте