Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 5B071200 МашГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.8 Mб
Скачать

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары

Тапсырма 1. AutoCAD графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары.

Негізгі әдебиет: (1 нег. [8-20]), (2 нег. [4-30])

Қосымша әдебиет: 2 қос. [7-14].

Бақылау сұрақтары:

  1. AutoCAD графикалық жүйесіндегі бас терезенің негізгі элементтерін атаңыз.

  2. Кескіндерді сақтау файл форматтарын атаңыз?

  3. Анықтамалық ақпараттарды қалай алуға болады?

  4. Мәтіндік терезені шақыру үшін қай пернені басу керек?

  5. Мәтіндік терезе мен командалық жолдың қызметін айтып беріңіз.

Тапсырма 2. Примитивтерді тұрғызу. Мәтіндер.

Негізгі әдебиет: 1 нег.208-233 , 2 нег. 176-200 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[205-219].

Бақылау сұрақтары:

  1. Тік төртбұрышты қандай тәсілдермен сызуға болады?

  2. Шеңберді қандай тәсілдермен сызуға болады?

  3. Полисызық дегеніміз не?

  4. Доғаны салу тәсілдерін атаңыз?

  5. Нүктелерді енгізу тәсілдерін атаңыз?

  6. Autocad қаріптері үшін қолданылатын қандай басқарушы кодтарды білесіз?

Тапсырма 3. Қабаттар. Қабаттардың қасиеттері. Өлшемдер. Өлшемдер стилі.

Негізгі әдебиет: 1 нег.21-22 , 2 нег. 31-34 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[15-17].

Бақылау сұрақтары:

  1. Түйіндесуді қандай команданың көмегімен орындайды?

  2. Ассоциативтік және ассоциативтік емес сызықшалаудың айырмашылықтары неде?

  3. Quick Dimension командасының қандай мүмкіндігі бар?

  4. Тізбекті өлшемдерді қою жолын айтып беріңіз?

  5. Шеңбердің немесе доғаның центрін қалай белгілеуге болады?

Тапсырма 4. Екі өлшемді примитивтерді редакциялау (түзету) командалары. Түйіндесу элементтері бар жазық сызбаны сызу.

Негізгі әдебиет: 1 нег.35-42 , 2 нег. 40-49 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[19-20].

Бақылау сұрақтары:

  1. Объектінің көшірмесін қандай команданың көмегімен орындайды?

  2. Массив түрлерін атаңыз.

  3. Қандай команданың көмегімен объектінің орнын ауыстырады?

  4. Объектілерді өшіру үшін қандай команда қолданылады?

  5. Кесіндіні қандай команданың көмегімен керекті жерге дейін ұзартуға болады?

Тапсырма 5. Құрастыру сызбасын бөлшектеу. Ось, төлке тетікбөлшектерінің жұмыс сызбаларын орындау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.43-62 , 2 нег. 40-66 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрастыру сызбасында кескіндерді қандай әдіспен алады және кескіндердің түрлерін қалай атайды?

  2. Ось тетікбөлшегін үзіп кескіндеу қалай орындалады?

  3. Тетікбөлшектердің тілігінде сызықшалауды қалай орындайды?

  4. Өлшем мәтінінде  белгісін қалай қояды?

  5. Тізбектік өлшем қалай қойылады?

Тапсырма 6. Құрастыру сызбасын бөлшектеу. Қақпақ, фланец тетікбөлшектерінің жұмыс сызбаларын орындау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.95-116 , 2 нег. 111-146 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[37-57].

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрастыру сызбасындағы тілік пен қимада тетікбөлшектерді қалай сызықтайды?

  2. Тетікбөлшектерді бір-бірінен олардың қимадағы немесе тіліктегі сызықтарына қарап ажыратуға бола ма?

  3. Сызбада тетікбөлшектердің тіркеу нөмірлерін қалай көрсетеді және құрастыру сызбасында қандай өлшемдер түсіріледі.

  4. Сипаттізімнің бөлімдері қандай ретпен орналасады?

Тапсырма 7. Құрастыру сызбасын бөлшектеу. Корпус тетікбөлшегінің жұмыс сызбасын орындау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.27, 60-62 , 2 нег. 40-56 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

  1. Техникалық мінездеме не үшін керек және онда не туралы айтылады?

  2. Құрастырылған бұйым сызбасын бөлшектеуін қалай түсінесің және тетікбөлшектердің жұмыс сызбасындағы өлшемдерді қайдан алады?

  3. Сипаттізім (спецификация) дегеніміз не? Сипаттізім және оның негізгі жазулары.

  4. Дәнекерлеудің, желімдеудің және тігудің шартты белгілеудің шартты белгілерін көрсетіңіз.

Тапсырма 8. Изометриялық кескіндер.

Негізгі әдебиет: 1 нег.27, 60-62 , 2 нег. 40-56 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[20-29].

Бақылау сұрақтары:

  1. Изометриялық проекцияларды салу реті қандай?

  2. Изометриялық режимді қалай қосады?

  3. Изометриялық жазықтықтарды қалай ауыстырады?

  4. Шеңбердің изометриялық проекциясын салу жолы қандай?

Тапсырма 9. Үш өлшемді қатты денені модельдеу, редакциялау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.65-95 , 2 нег. 94-110 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[29-37].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қатты денелі объектілерді салу командаларын қалай шақыруға болады?

  2. Цилиндрді берілген бағытта қалай салуға болады?

  3. Үшөлшемді полисызықтар қандай команданың көмегімен сызылады?

  4. Изосызықтардың санын қалай өзгертуге болады?

  5. Қиық пирамиданы салу жолы қандай?

Тапсырма10. Қатты денелі модельдерді сығу арқылы жасау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.117-162 , 2 нег. 67-93 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[57-84].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай команданың көмегімен қатты денелі модельдерді сығу арқылы жасауға болады?

  2. Кесінділер мен доғалардан тұратын жазық фигураны сығу арқылы қатты денені модельдеуге бола ма?

  3. Region командасының қызметі қандай?

  4. Ығыстыру денесін жасау үшін траектория ретінде қандай объектілерді қолдануға болады?

Тапсырма11. Айналу денелерін модельдеу.

Негізгі әдебиет: 1 нег.117-162 , 2 нег. 67-93 

Қосымша әдебиет: 1 қос.[57-84].

Бақылау сұрақтары:

  1. Айналу денесін қандай команданың көмегімен жасауға болады?

  2. Айналу бұрышы 360-тан кем болғанда айналу бағытын қалай анықтайды?

  3. Ығыстыру арқылы модельдеу үшін қандай команданы қолданады?

  4. ISOLINES командасының қызметі қандай?

Тапсырма 12. 3D операциялар.

Негізгі әдебиет: 1 нег.191-200, 2 нег. 131-145

Қосымша әдебиет: 1 қос.[103-116].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қатты денелі объектілерді редакциялау командаларын қалай шақыруға болады?

  2. Үш өлшемді объектілердің массивін қай жазықтықта орындауға болады?

  3. Қандай команданың көмегімен денелерді берілген жазықтық бойынша кесуге болады?

Тапсырма 13. Көрініс экрандары. Сызбаны парақ кеңістігінде орналастыру.

Негізгі әдебиет: 1 нег.201-207, 2 нег. 105-110

Қосымша әдебиет: 1 қос.[117-123].

Бақылау сұрақтары:

  1. Көрініс экрандары қалай жасалады?

  2. Көрініс экранын қалауымызша алынған пішімде қалай жасалады?

  3. Үшөлшемді полисызықтар қандай команданың көмегімен сызылады?

  4. Кеңістік примитивтеріне қандай примитивтер жатады?

Тапсырма 14. Парақ кеңістігінде тіліктерін орындау.

Негізгі әдебиет: 1 нег.290-300, 2 нег. 148-152

Қосымша әдебиет: 1 қос.[317-318].

Бақылау сұрақтары:

  1. Модель кеңістігінен парақ кеңістігіне қалай өтеді?

  2. Парақ параметрлерін қалай тағайындауға болады?

  3. Берілген модельдің көріністері мен тіліктерін парақ кеңістігінде орналастыру үшін қандай командалар қолданылады?

  4. Section опциясының қызметі қандай?

Тапсырма 15. Сызбаларды рәсімдеу.

Негізгі әдебиет: 1 нег.301-321, 2 нег. 152-175

Қосымша әдебиет: 1 қос.[319-324].

Бақылау сұрақтары:

  1. Сызбаларды баспадан шығару үшін принтер немесе плоттерді қалай тағайындайды?

  2. Сызбаны баспадан шығару үшін қандай команданы шақыру керек?

  3. Баспа масштабы мен қағаз пішімін (форматын) қалай таңдайды?

  4. Сызбаларды басқа форматқа қалай экспорт жасайды?