Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК 5B071200 МашГ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15.8 Mб
Скачать

13.1 Денелерді біріктіру

AutCAD программасында екі немесе бірнеше денені біріктіру үшін Объединение (Union) командасы қолданылады. Ол команданы келесі жолдармен шақыруға болады:

  1. Редактирование мәзірі  Редактирование телаОбъединение;

  2. Моделирование аспаптар панелі  батырмасы;

  3. Командалық жолда Объединение немесе Union сөзін енгізу;

  4. Басқару пульті  3D Make (3D построения)Объединение.

Команданы шақырғаннан кейін командалық жолда келесі жазу шығады:

Select objects: (Выберите объекты:)

Объектілерді бір-бірлеп таңдауға болады немесе барлығын бірдей рамкамен таңдауға болады. Команда Enter пернесін басумен аяқталады. Команданың орындалу мысалы 13.3 – суретте көрсетілген.

13.2 Денелерді алу

AutCAD программасында бір денеден екінші бір денені алу үшін Вычитание (Subtract) командасы қолданылады. Ол команданы келесі жолдармен шақыруға болады:

  1. Редактирование мәзірі  Редактирование телаВычитание;

  2. Моделирование аспаптар панелі  батырмасы;

  3. Командалық жолда Вычитание немесе Subtract сөзін енгізу;

  4. Басқару пульті  3D Make (3D построения)Вычитание.

13.3 Массив

Үш өлшемді объектілердің XY жазықтығында массивін жасау үшін Массив (Array) стандарт командасын қолдануға болады. Дөңгелек және тікбұрышты массивтерді жасау жазық объектілердің массивін жасаудан ешбір айырмашылығы жоқ (13.5 - сурет). 3М-массив (3d array) командасы үшөлшемді тікбұрышты және дөңгелеу массивтерді жасауға мүмкіндік береді. Үшөлшемді тікбұрышты массивтер осындай жазық массивтерден айырмашылығы – мұнда қатарлар мен бағандарға қабаттар (этаждар) қосылады. Өкінішке орай, мұнда алғы шарттарды екіөлшемді массивті жасағандағыдай диалогтық терезеде емес, командалық жолда енгізуге тура келеді. Бұл енгізіліп қойған параметрлерді өзгертуді қиындатады, сондықтан бастапқы шарттарды енгізгенде аса мұқият болған жөн.

13.4 Фаска салу

Фаска (Chamfer) командасын қаттыденелі объектіде фаска жасау үшін қолдануға болады.

Базалық бет – қаттыденелі объектінің фаска жасауға болатын, қырлармен шектелген жағы.

Базалық бетті дұрыс таңдау өте маңызды, әсіресе фаска катеттерінің ұзындықтары әр түрлі болса. Фасканың бірінші ұзындығы базалық бетте, ал екіншісі – іргелес жағында орналасады.

13.5 Түйіндесу

Түйіндесу (Fillet) командасын қаттыденелі объектіде түйіндесу орындау үшін қолдануға болады.

Негізгі әдебиет: 1 нег. 118-121, 2 нег. 511-516.

Қосымша: 1 қос.[776-817].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қатты денелі объектілерді редакциялау командаларын қалай шақыруға болады?

  2. Үш өлшемді объектілердің массивін қай жазықтықта орындауға болады?

  3. Қандай команданың көмегімен денелерді біріктіруге болады?

  4. Қандай команданың көмегімен денелерді ажырату орындалады?

  5. Қатты денелі нысанның бір бөлігін қандай команданың көмегімен кесіп алуға болады?

14-дәріс. Визуализация және анимация.

Кескіндеу стильдері. Материалдарды тағайындау. Реңктеу. Жарық беру. Жарық көздері.

Кескіндеу стильдері – көрініс экранында жиектердің кескіні мен көлеңкелерді басқаратын параметрлердің жиыны. Кескіндеу стильдерін қолданған кезде өзгеріс нәтижесі көрініс экранында бірден көрінеді.

Кескіндеу стильдерінің бес түрі қолданылады (14.1 – сурет):

2D каркас. Объектілер кесінділер мен қисықтар түрінде кескінделеді (жақтар мен денелердің жиектері ретінде).

3D скрытые. Объект каркас түрінде кескінделеді. Артқы жақтарға қатысты сызықтар көрінбейді.

3D каркас. Объектілер кесінділер мен қисықтар түрінде кескінделеді (жақтар мен денелердің жиектері ретінде).

Концептуальный. Объектілер боялып, жақтардың арасындағы жиектер тегістеліп көрсетіледі. Бояудың Гуч стилі қолданылады. Бұл стиль бойынша суық түсте жылы түске өту байқалады. Бұл эффект шынайы кескіннен алыстау болғанымен, осылай бояу модельдің айқын кескінделуіне әсер етеді.

Реалистичный. Объектілер боялып, жақтардың арасындағы жиектер тегістеліп көрсетіледі. Объектілердің материалдары кескінделеді.

Реңк беру

Үшөлшемді кескіндер екі өлшемді кескіндерге қарағанда шынайы болып көрінгенімен, оларға шынайы түстер, жарық пен көлеңкелер және т.б. нәрселер жетіспейді. Кескіндерге реңк беру оларды мейлінше шынайы етіп көрсетеді. Визуализацияның бұл түрін үшөлшемді беттер мен қаттыденелі объектілерге қолдануға болады. Реңктеудің жәй бояудан айырмашылығы, бұл едәуір күрделі процедура, әр түрлі оптикалық эффектілердің көмегімен үшөлшемді сахнаның кескінін жоғары дәрежеде шынайы етіп көрсетеді. 14.2 – суретте графикалық жүйенің осындай функционалдық кескіндерінің қолдануымен жасалған сахна көрсетілген.

Реңктеу (Рендеринг) – бірнеше рет қайталап жасап қажетті нәтижеге қол жеткізетін көпсатылы процесс. Реңктеуді орындау үшін Тонирование (Рендеринг) аспатар панелін қолдану керек (14.3 - сурет). Төменде реңктеуді орындаудың жолы көрсетіледі.

  1. Жарық көздерін жасаңыз. AutoCAD жүйесінде төрт түрлі жарық көздері бар: шашыраңқы - рассеянный (ambient), қашықтағы - удаленный (distant), нүктелі - точечный (point) и бағытталған жарық көзі – прожектор (spotlight).

  2. Сахнаны жасаңыз. Сахна – бұл жарық көздерімен берілген көрініс.

  3. Материалдар кітапханасынан материалдарды енгізу керек. Меншікті материалдарды жасауға болады. Материал – бұл беттің қасиеттерінің жиыны. Оның құрамына беттің түсі текстурасының үлгісі, беттен жарықтың ыдырауы, шағылысуы, сынуы, беттің кедір-бұдырлығы, мөлдірлігі және микрорельеф картасы.

  4. Материалдарды сызбадағы объектілермен байланыстырыңыз.

  5. Фон мен туман эффектісін қосыңыз.

  6. Реңктің параметрлерін орнатыңыз.

  7. Модель кескінін реңктеңіз. (Тонирование (Render) батырмасын басыңыз).

AutoCAD графикалық жүйесінде реңктеудің үш түрі бар – жеңілдетілген (Render), фотореалистік (Photo Real) и сәуле трассалау (Photo Raytrace).

14.4 – суретте прожектор (spotlight) – бағытталған жарық көзін пайдалану мысалы көрсетілген. 14.5 – суретте (distant) – қашықтағы жарық көзін пайдалану мысалы көрсетілген. 14.6 – суретте жарық көзінің екеуінің бірге пайдалану мысалы көрсетілген.

Негізгі әдебиет: 1 нег. 122-125, 2 нег. 472-492.

Қосымша: 1 қос.[818-850].

Бақылау сұрақтары:

  1. Визуализацияның (кескіндеудің) қандай стильдері бар?

  2. Жарық көздерінің түрлерін атаңыз.

  3. Рендерингтің визуализацияның басқа түрлерінен айырмашылығы қандай ?

  4. Материалдарды объектілерге қалай тағайындайды?

Дәріс 15. Сызбаларды принтерге немесе плоттерге шығару.

Сызба парағын баспаға дайындау. Параметрлер. Баспа стилі.

Сызбаны баспадан шығару үшін Plot (Печать) командасын шақыру керек. Оны Стандарттық панельдегі батырмасын басу арқылы, немесе Файл мәзірінен Печать пунктін таңдау арқылы шақыруға болады. Сонда 15.1-суреттегідей диалогтық терезе шығады.

Парақ параметрлері. Бұл жерде парақ параметрлерінің бұрын сақталған атаулы жинақтарының тізімі болады және жаңа атаулы жинақты құруға болады

Принтер/плоттер. Аты: қолжетімді РС3 файлдардың немесе жүйелік принтерлердің тізімі беріледі.

Парақ форматы. Таңдалған принтер немесе плоттер үшін тағайындалған стандарттық форматтардың тізімі беріледі.

Баспа облысы. "Что печатать" опциясы сызбаның қандай бөлігін басылатынын анықтайды:

Display (Экран) – берілген мезетте графикалық экранда көрініп тұрған нәрсені баспаға шығарады;

Extents (Границы) – шекара аумағы шығарылады, яғни сызбаның барлық элементтерін қамтитын тіктөртбұрышпен шектелген ең кіші аумағы шығарылады;

Limits (Лимиты) – лимит аумағы шағарылады;

Window (Рамка) – сызбаның диагоналінің шеткі екі нүктесі арқылы анықталатын тіктөртбұрышты бөлігі шығарылады.

Window (Рамка) опциясын таңдағанда диалогтық терезе жабылады, сол кезде сызбаның қажетті бөлігін қамтитын тіктөртбұрышты рамканың екі бұрышын көрсету керек, содан соң диалогтық терезе қайта оралады.

Егер баспаны Модель кеңістігінен емес Парақ кеңістігінен орындайтын болсақ, онда Plot (Печать) командасын шақырғанда What to plot (Что печатать) тізімінде Limits (Лимиты) опциясының орнына Layout (Лист) опцияcы пайда болады.

Сызба файлын бөтен ұйымдарға, кейде тапсырушыға да көрсететін кезде оны арнайы DWF форматында сақтауға болады. Оны Publish (Публикация) арқылы орындауға болады. Бұл форматта сызбаларды оқуға болады, бірақ редакцияланбайды. Оны оқу үшін арнайы программа - Autodesk DWF Viewer қолданылады. Бұл программа көбінесе AutoCAD программасымен бірге орнатылады. Publish (Публикация) командасын Стандарттық панельдегі батырмасын басу арқылы, немесе Файл мәзірінде Публикация в DWF пунктін таңдау арқылы шақыруға болады. Сонда шыққан диалогтық терезеде публикация параметрлері және баспаға шығатын парақтардың тізімі болады. Қажетті парақтарды тізімге қосуға немесе керек емес парақтарды алып тастауға болады. Ол үшін контекстік мәзірді қолданған ыңғайлы.

Сонымен қатар бұл жерде сызбаларды PDF форматында да сақтауға болады.

Негізгі әдебиет: 1 нег. 158-167, 2 нег. 325-350.

Қосымша: 1 қос.[538-548].

Бақылау сұрақтары:

  1. Сызбаны баспадан шығару үшін қандай команданы шақыру керек?

  2. Принтерді немесе плоттерді қалай тағайындайды?

  3. Сызбаның белгілі бір бөлігін баспадан шығару үшін қандай опция қолданылады?

  4. Publish (Публикация) арқылы сызбаларды қандай форматта сақтауға болады?

  5. Publish (Публикация) арқылы шығару үшін сызбалардың тізімін қалай реттеуге болады?