- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Машиналық рафика
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus
- •Оқытушылар туралы ақпарат:
- •Пән туралы ақпарат:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі
- •Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру жүйесі
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі
- •1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен әрекеттері
- •2. Берілетін материалдың мазмұны
- •2.1 Пәннің тақырыптық жобасы.
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі.
- •2.1 Нүкте (Точка - Point).
- •2.2 Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
- •2.4 Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
- •2.5 Шеңбер (Круг - Circle)
- •2.7 Түзу (Прямая - xline)
- •2.9 Эллипс (ellipce)
- •2.10 Сплайн (Spline)
- •4.1 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch)
- •4.2. Өлшемдер
- •5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)
- •5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау
- •5.3 Объектілердің орнын ауыстыру
- •5.4 Объектілердің көшірмесін жасау
- •5.5 Объектілердің айналы кескіні
- •6.1 Объектілерді бұру
- •6.2 Фаскаларды орындау
- •6.3 Түйіндесулерді орындау
- •6.4 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау
- •6.5 Объектілерді масштабтау.
- •7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
- •7.2 Мультисызық (млиния - мline)
- •7.3 Растрлық кескіндер
- •- Үшөлшемді полисызықтар;
- •10.1 Көрініс экрандары
- •10.2 Үшөлшемді полисызықтар
- •11.1 Параллелепипед
- •AutoCad-та шарды салу үшін арнайы Sphere командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.3 Цилиндр (Cylinder) AutoCad-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.4 Конус (Cone) AutoCad-та конусты салу үшін арнайы cоne командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.6 Пирамида (Pyramid)
- •4 Сторон Описанный
- •Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
- •12.1 Айналу денелері
- •12.2 Cығу денелері
- •12.4 Ығыстыру (Сдвиг - Sweep)
- •12.5 Қималары бойынша (По сечениям - Loft)
- •13.1 Денелерді біріктіру
- •13.2 Денелерді алу
- •13.3 Массив
- •13.4 Фаска салу
- •13.5 Түйіндесу
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Студенттің оқытушы басшылығымен (соөж) жүргізілетін өздік жұмысы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары.
- •Сөж жоспары
- •Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
11.6 Пирамида (Pyramid)
AutCAD программасында пирамиданы Пирамида (pyramid) командасының көмегімен тұрғызуға болады. Бұл команданы шақыру жолдары:
Моделирование аспаптар панелі
батырмасы;
Рисование мәзірі Моделирование Пирамида;
Командалық жолда Пирамида немесе Pyramid сөзін енгізу;
Басқару пульті 3D Make (3D построения) Пирамида.
Команданы шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады:
Команда: _pyramid
4 Сторон Описанный
Центральная точка основания или [Кромка/Стороны]:
Бұл жазу пирамиданың 4 бүйір жағы болатынын хабарлайды. Егер осымен келісетін болсаңыз, онда пирамида табанының центрін нұсқайсыз.
Радиус основания или [Вписанный]:
Пирамида табанына іштей сызылған шеңбердің радиусын енгізу керек (11.16,а – сурет). Егер пирамида табаны берілген шеңбердің ішіне іштей сызылсын (11.16,ә – сурет) десеңіз В әрпін енгізесіз. Немесе тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді шақырасыз. Контекстік мәзірдің ішінде Вписанный пунктін таңдайсыз.
Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
Пирамиданың биіктігін енгізесіз.
Егер команданы шақырғаннан кейін Кромка опциясын таңдасаңыз, пирамида табанының бір қабырғасының ұзындығын енгізесіз.
Егер Стороны опциясын таңдасаңыз, пирамида бүйір жақтарының санын өзгерте аласыз. Бұл жерде 3-тен 32-ге дейінгі санды енгізе аласыз. Программада бастапқыда орнатылған саны 4 болады. Жұмысты орындау барысында пирамиданы тұрғызу кезінде бұл сан алдында енгізілген санға тең болады. 11.17 – суретте пирамиданың бүйір жағының саны 8 болған кездегі каркастық моделі мен Концептуальный стиліндегі кескіні көрсетілген.
Пирамиданың биіктігін енгізетін кезде 2Точки опциясын таңдасаңыз, пирамиданың биіктігін екі нүктемен бересіз. Программа биіктік ретінде екі нүктенің арасындағы қашықтықты қабылдайды.
К
онечная
точка оси
опциясын таңдасаңыз, пирамида осінің
шетк інүктесін енгізесіз. Бұл нүкте
пирамиданың төбесі болып табылады.
Осьтің шеткі нүктесі 3D кеңістіктің кез
келген жерінде орналасуы мүмкін. Бұл
нүкте пирамиданың ұзындығын және оның
кеңістікте орналасуын анықтайды.
Қиық пирамиданы салу үшін Радиус верхнего основания опциясын таңдайсыз. Әрі қарай пирамиданың үстіңгі табанының радиусын енгізу керек болады. Содан соң биіктігінің мәнін енгізесіз (11.18-сурет).
Негізгі әдебиет: 1 нег. 102-111, 2 нег. 501-510.
Қосымша: 1 қос.[763-770].
Бақылау сұрақтары:
Қатты денелі объектілерді салу командаларын қалай шақыруға болады?
Цилиндрді берілген бағытта қалай салуға болады?
Үшөлшемді полисызықтар қандай команданың көмегімен сызылады?
Изосызықтардың санын қалай өзгертуге болады?
Қиық пирамиданы салу жолы қандай?
12-дәріс. Үш өлшемдік модельдерді салу.
Айналу денелері. Денелерді сығу арқылы жасау. Тор. Ығыстыру. Денелерді қималары бойынша жасау.
12.1 Айналу денелері
Айналу денелері – тұйық контурдың белгілі бір осьтің төңірегінде айналуынан пайда болатын қаттыденелі объект.
Айналу объектісі ретінде тұйық сызықтар: полисызықтар, көпбұрыштар, тік төртбұрыштар, эллипстер және облыстар болуы мүмкін. Ұштарымен жалғасқан бөлек кесінділер мен доғаларды облысқа немесе тұйық полисызыққа түрлендіру керек, содан соң алынған объектіні айналу денесін жасау үшін қолдануға болады.
Айналу осі ретінде (axis of revolution) X немесе Y осьтерін алуға болады. Сонымен қатар, айналу осі ретінде кесінділер мен полисызықтарды да алуға болады. 12.1-суретте айналу осі ретінде үзілмелі нүктелі сызықпен сызылған қызыл түсті кесінді қолданылған.
Айналу бұрышы (angle of revolution) – қатты денені жасау кезінде бастапқы объектіні айналу осі төңірегінде айналу бұрышы. Ол бұрышы 360 болуы мүмкін, немесе толық бұрыштың бір бөлігі болуы мүмкін. 12.2-суретте айналу бұрышы 270 айналу денесін жасау мысалы көрсетілген.
AutoCAD-та айналу денесін салу үшін арнайы Вращать (Revolve) командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
Моделирование аспаптар панелі
батырмасы;
Рисование мәзірі Моделирование Вращать;
Командалық жолда Вращать немесе Revolve сөзін енгізу;
Басқару пульті 3D Make (3D построения) Вращать.
Вращать командасын шақырғанда командалық жолда келесі жазу шығады:
Команда: _revolve
Текущая плотность каркаса: ISOLINES=4
Выберите объекты для вращения:
Айналдырылатын объектіні нұсқайсыз.
