
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Машиналық рафика
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus
- •Оқытушылар туралы ақпарат:
- •Пән туралы ақпарат:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі
- •Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру жүйесі
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі
- •1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен әрекеттері
- •2. Берілетін материалдың мазмұны
- •2.1 Пәннің тақырыптық жобасы.
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі.
- •2.1 Нүкте (Точка - Point).
- •2.2 Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
- •2.4 Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
- •2.5 Шеңбер (Круг - Circle)
- •2.7 Түзу (Прямая - xline)
- •2.9 Эллипс (ellipce)
- •2.10 Сплайн (Spline)
- •4.1 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch)
- •4.2. Өлшемдер
- •5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)
- •5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау
- •5.3 Объектілердің орнын ауыстыру
- •5.4 Объектілердің көшірмесін жасау
- •5.5 Объектілердің айналы кескіні
- •6.1 Объектілерді бұру
- •6.2 Фаскаларды орындау
- •6.3 Түйіндесулерді орындау
- •6.4 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау
- •6.5 Объектілерді масштабтау.
- •7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
- •7.2 Мультисызық (млиния - мline)
- •7.3 Растрлық кескіндер
- •- Үшөлшемді полисызықтар;
- •10.1 Көрініс экрандары
- •10.2 Үшөлшемді полисызықтар
- •11.1 Параллелепипед
- •AutoCad-та шарды салу үшін арнайы Sphere командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.3 Цилиндр (Cylinder) AutoCad-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.4 Конус (Cone) AutoCad-та конусты салу үшін арнайы cоne командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.6 Пирамида (Pyramid)
- •4 Сторон Описанный
- •Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
- •12.1 Айналу денелері
- •12.2 Cығу денелері
- •12.4 Ығыстыру (Сдвиг - Sweep)
- •12.5 Қималары бойынша (По сечениям - Loft)
- •13.1 Денелерді біріктіру
- •13.2 Денелерді алу
- •13.3 Массив
- •13.4 Фаска салу
- •13.5 Түйіндесу
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Студенттің оқытушы басшылығымен (соөж) жүргізілетін өздік жұмысы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары.
- •Сөж жоспары
- •Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- Үшөлшемді полисызықтар;
- Блоктар.
10.1 Көрініс экрандары
Үш
өлшемді объектіні тұрғызған кезде
графикалық экранды бірнеше бөлікке
(көрініс экрандарына) бөлген қолайлы.
Әрбір көрініс экранында өзінің көру
нүктесін орнатып, қажетті кескіндерді
орындауға болады. Жүйе бірнеше қиылыспайтын
көрініс экрандарының конфигурациясын
жасауға және оларға ат беруге мүмкіндік
береді. Бұл команданы View
(Вид)
құлама мәзірінен немесе Видовые экраны
аспаптар тақтасынан
пиктограммасын
басу арқылы шақыруға болады. Бұл команда
10.1 – суреттегідей диалогтық терезені
ашады
Новое имя (New name) алаңында конфигурацияның атын енгіземіз. Стандартная конфигурация (Standard View ports) алаңында конфигурацияларды Образец (Preview) алаңында көріп, қажетті конфигурацияны қабылдаймыз.
Бұл диалогтық терезеде режимді, көріністі және визуалдық стильді өзгертуге болады.
Егер Стандартная конфигурация (Standard View ports) тізімінде Три справа конфигурациясын таңдағанда Образец (Preview) алаңында экранның үшке бөлінгенін көреміз. Үш экранның әрқайсысы үшін режимді, көріністі және визуалдық стильді қоямыз (10.2 – сурет) .
ОК батырмасын басқаннан кейін экранда графикалық алаңның үш бөлікке бөлінгенін көреміз (10.3 – сурет). Белсенді көрініс экранының рамкасы жуан болып келеді және бұл көрініс экранында курсордың түрі айқас кесінділер болып келеді. Егер басқа көрініс экранын белсенді ету керек болса, тышқанның сол батырмасының көмегімен экранның ішіне шертіп қалу керек.
10.2 Үшөлшемді полисызықтар
Үшөлшемді полисызықтар төбелерінің координаталары үш өлшемдік кеңістікте кез келген болуы мүмкін және бір-бірімен байланысқан түзу сызықты сегменттерден тұрады.
Үшөлшемді полисызықтар 3-Плиния (3D Poly) командасының көмегімен сызылады.
Жүйенің бірінші сұрауы келесі болады:
Specify start point of polyline:
(Начальная точка полилинии:)
Осы кезде полисызықтың бастапқы нүктесі болатын нүктенің үшөлшемді кеңістіктегі координаталарын енгізу керек.
Дәл осылай келесі нүктесінің координаталарын енгізу керек. Жүйенің қайталап сұрайтын сұрауы мынадай болады:
Specify end point of line or [Undo]:
(Конечная точка сегмента или [Отменить]:)
Үшінші нүктені енгізгенде сұрау өзгереді:
Specify end point of line or [Close/Undo]:
(Конечная точка сегмента или [Замкнуть/Отменить]:)
Қажетті нүктелерді енгізгеннен кейін Еnter пернесін басып команданы аяқтаймыз. Экранда полисызықтың кескіні пайда болады. (10.4 - сурет).
3-Плиния (3D Poly) командасы Плиния (Pline) командасымен салыстырғанда мынадай шектеулері бар:
доғалар сызылмайды;
сызықтың ені тағайындалмайды;
үзілмелі сызықтар түрлері қолданылмайды.
Негізгі әдебиет: 1 нег. 72-74, 2 нег. 452-471. 4 нег. 297-308.
Қосымша: 1 қос.[181-189, 663-664].
Бақылау сұрақтары:
Көрініс экрандары қалай жасалады?
Көрініс экранын қалауымызша алынған пішімде қалай жасалады?
Үшөлшемді полисызықтар қандай команданың көмегімен сызылады?
Кеңістік примитивтеріне қандай примитивтер жатады?
3DPOLY командасымен полисызықты доғалармен сызуға бола ма?
11-дәріс. Үш өлшемдік модельдерді салу
Үшөлшемді объектілерді салу құралдары келесі орындарда шоғырланған:
1. Draw (Рисование) құлама мәзіріндегі Modeling (Моделирование) бөлімінде;
2. Modeling (Моделирование) аспаптар панелінде (11.1 - сурет);
3. DASHBOARD (ПУЛЬТ УПРАВЛЕНИЯ) басқару пультінде (11.2 – сурет).
DASHBOARD
(ПУЛЬТ
УПРАВЛЕНИЯ)
басқару пульті – горизонталь сызықтармен
палитраларға бөлінген терезе. Контекстік
мәзірдің көмегімен терезелерді ашуға
немесе жабуға болады. Көрінетін палитралар
толық көрінбейді. Оларды әр палитраның
сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан
нұсқағыштардың көмегімен ашуға болады.
Көлденең орналасқан батырмалар қатары
да қысқартылып көрінеді. Қалған
батырмаларды ашу үшін қатардың оң
жағында орналасқан үшбұрышты белгіні
қолданады. 11.2 – суретте үшөлшемді
объектілерді салу құралдары басқару
пультінің 3D
Make (3M построение) панелінде
орнласқаны көрсетілген.
Суреттерде көрсетілген аспаптардан басқа, жүйеде үшөлшемді объектілерді салу құралдары бар – сплайндар мен полисызықтар. Бұл сызықтар 2-бөлімде қарастырылған және олар екі өлшемді болып берілген еді. Алайда егер сплайн үшін нүктелерді бір жазықтықта жатпайтындай етіп енгізсек, біз үшөлшемдісплайн сызықты аламыз.
ҚАТТЫДЕНЕЛІ ОБЪЕКТІЛЕР – AutoCAD жүйесіндегі күрделі, әрі қызықты үшөлшемді объектілер болып табылады. Мұндай объектілерді модельдеу жоғары біліктілікті, көп уақытты талап етеді. Оның есесіне нәтижесінде алынған объектілер жұмсалған еңбекті толығымен ақтайды. Өйткені, бұл объектілерге көлем, салмақ және басқа да инерциялық қасиеттер тән болады. Сонымен қатар, арнайы аспаптарды қолдана отырып, қатты денелі объектіні салып, оның кез келген проекциясын, тілігі мен қимасын алуға болады. Үш өлшемді қаттыденелі объектілерді салу үшін Modeling (Моделирование) аспаптар панелін қолданған ыңғайлы (11.1-сурет). Осы панельдегі барлық командаларды РИСОВАНИЕ (Draw) құлама мәзірдегі Modeling (Моделирование) бөлімінің көмегімен шақыруға болады. (11.2-сурет).