
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Машиналық рафика
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы — Syllabus
- •Оқытушылар туралы ақпарат:
- •Пән туралы ақпарат:
- •1.6 Тапсырмалардың түрлері, олардың тізімдері және оларды орындаудың кестесі
- •Тапсырманың түрлері мен оларды орындау кестесі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді тексеру жүйесі
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік баллдардың бөлінуі
- •1.8 Модульдер мен аралық аттестация (емтихан) бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен әрекеттері
- •2. Берілетін материалдың мазмұны
- •2.1 Пәннің тақырыптық жобасы.
- •2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі.
- •2.1 Нүкте (Точка - Point).
- •2.2 Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
- •2.4 Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
- •2.5 Шеңбер (Круг - Circle)
- •2.7 Түзу (Прямая - xline)
- •2.9 Эллипс (ellipce)
- •2.10 Сплайн (Spline)
- •4.1 Сызықпен түрлеу (Штриховка -Hatch)
- •4.2. Өлшемдер
- •5.1 Объектілерді өшіру (кетіру)
- •5.2 Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау
- •5.3 Объектілердің орнын ауыстыру
- •5.4 Объектілердің көшірмесін жасау
- •5.5 Объектілердің айналы кескіні
- •6.1 Объектілерді бұру
- •6.2 Фаскаларды орындау
- •6.3 Түйіндесулерді орындау
- •6.4 Объектілерді «қасиеттер» терезесінде редакциялау
- •6.5 Объектілерді масштабтау.
- •7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
- •7.2 Мультисызық (млиния - мline)
- •7.3 Растрлық кескіндер
- •- Үшөлшемді полисызықтар;
- •10.1 Көрініс экрандары
- •10.2 Үшөлшемді полисызықтар
- •11.1 Параллелепипед
- •AutoCad-та шарды салу үшін арнайы Sphere командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.3 Цилиндр (Cylinder) AutoCad-та цилиндрді салу үшін арнайы Cylinder командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.4 Конус (Cone) AutoCad-та конусты салу үшін арнайы cоne командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары:
- •11.6 Пирамида (Pyramid)
- •4 Сторон Описанный
- •Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]:
- •12.1 Айналу денелері
- •12.2 Cығу денелері
- •12.4 Ығыстыру (Сдвиг - Sweep)
- •12.5 Қималары бойынша (По сечениям - Loft)
- •13.1 Денелерді біріктіру
- •13.2 Денелерді алу
- •13.3 Массив
- •13.4 Фаска салу
- •13.5 Түйіндесу
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
- •Студенттің оқытушы басшылығымен (соөж) жүргізілетін өздік жұмысы
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары.
- •Сөж жоспары
- •Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
7.1 Полисызық (Полилиния - pline)
Полисызық - кесінділер мен доғалар сегменттерінен тұратын үздіксіз сызық, ол жүйемен тұтас объект ретінде қабылданады.
Полисызықты
сызу үшін қажетті команданы Рисование
құлама мәзірінен
Полилиния пунктін таңдап немесе аспаптар
тақтасынан пиктограммасын басу арқылы
шақыруға болады. Кесінділерден тұратын
полисызықтың мысалы 7.1 – суретте
көрсетілген.
7.2 Мультисызық (млиния - мline)
Мультисызық деп AutoCAD жүйесінде саны 1-ден 16-ға дейін болатын бірге сызылатын параллель сызықтардың жиынын айтады. Мультисызықты Млиния (mline) командасының көмегімен сызады. Команданы шақырғаннан кейін жүйе келесі сұрау қояды:
Specify start point or [Justification/Scale/Stale]:
(Начальная точка или [Расположение/Масштаб/Стиль]:)
Бастапқы нүктені енгізгеннен кейін, жүйе келесі нүктелерді енгізуді сұрайды. Команданы аяқтау үшін Enter батырмасын басу керек.
Мультисызықтың әр элементінің өзіне тән түсі мен сызықтың түрі болуы мүмкін. Мультисызықтың элементтерінің арасындағы қашықтықты қалауынша алуға болады. Мультисызықты сызу кезінде оның Standard атты бір стилі орнатулы болады. Мультисызықтың стилін өзгерту үшін Формат құлама мәзірінен Стили мультилиний диалогтық терезесін шақырту керек (7.2 – сурет). Бұл терезеде Создать батырмасын бассаңыз жаңа стиль жасауға мүмкіндік аласыз. Егер орнатулы стильді өзгерткіңіз келсе Изменить батырмасын басасыз. Одан кейінгі шығатын диалогтық терезелерде мультисызықтың өз осіне қатысты орналасуын, сызықтарының арасындағы қашықтықтарын, сызықтарының түрлерін және түстерін, шеткі жиектерін тұйықтау түрлерін (түзу немесе доға түрінде) өзгертуге болады. 7.3 – суретте Мультисызықтың әр түрлі стильде сызылуы көрсетілген.
7.3 Растрлық кескіндер
Растрлық кескіндер – нүктелерден (растрлардан) тұратын кескін, нүктелердің түстерінен сурет пайда болады. Жүйе растрлық сурет файлын оқып, оны сызбада түрлі-түсті төртбұрыш ретінде қояды.
Негізгі әдебиет: 1 нег.53-60, 2 нег. 83-93.
Қосымша: 1 қос.[463-509].
Бақылау сұрақтары:
Полисызық дегеніміз не?
Мультисызық дегеніміз не?
Сызбаға растрлық кескінді қалай кірістіреді?
Мультисызықтың стилін қалай өзгертуге болады?
Тізбектеліп сызылған кесінділерді, доғаларды қалай полисызыққа біріктіруге болады?
Дәріс 8. Блоктар мен атрибуттар.
Блоктар. Блокты құру. Блокты кірістіру. Атрибуттары бар блокты құру. Блок атрибуттарын редакциялау. Блокты файлға жазу. Блоктар кітапханасын құру.
Блок деп AutoCAD объектілерінің бір немесе бірнеше тобын айтады, олардың ортақ бір аты болады және олар бір объект ретінде қарастырылады.
Бұл объектілер AutoCAD-тың стандартты объектілерінен тұрады және келесі мақсаттарда қолданылады:
Бөлшектердің, олардың түйіндерінің, сызбада жиі қолданылатын элементтердің кітапханасын (қажетті элементтер жиналатын орынды кітапхана деп атау қабылданған) жасау. Оларды кейін жаңа сызбаларға қоюға болады.
Сызбаларды жедел және тиімді орындау үшін оларға дайын блоктарды қою. Блоктарды жылжыту, көшіру.
Диск кеңістігін үнемдеу және сызба файлын кішірейту мақсаты. Блокты адресті түрде сызбадағы орындарына қою арқылы күрделі сызбаларды өңдеуді жылдамдату;
Сызбаның графикалық элементтерінің мәтіндік түсініктемелерімен байланысы үшін, әр түрлі сипаттізімдерді жасау үшін.
Блок
жасау үшін Блок
(Block)
командасын қолданамыз. Оны пернетақтадан
енгізуден бөлек, Рисование
(Draw)
құлама мәзірінен
Блок/Создать
(Block/Make)
пунктін таңдау арқылы немесе Рисование
(Draw)
аспаптар панелінде
пиктограммасын басу арқылы шақыруға
болады. Команданы шақырғаннан кейін
экранда Описание
блока (Block
Definition) диалогтық
терезесі пайда болады (8.1 – сурет). Бұл
терезеде блокқа ат қою керек. Блоктың
аты 255 символға дейін болуы мүмкін. Ол
әріптерден, цифрлардан, жүйемен немесе
программамен басқа мақсаттарға
қолданылмайтын арнайы символдардан
құралуы мүмкін. DIRECT,
LIGHT, AVE_RENDER, RM_SDB, SH_SPOT және
OVERHEAD деген
атаулар блоктың аты бола алмайды.
Блок жасау үшін Блок (block немесе bmake) командасы қолданылады.
Блоктың базалық нүктесі болады және ол сызбада блокты қою нүктесін анықтайды.
Диалогтық терезенің жолдарын толтырғаннан кейін ОК батырмасын басамыз. Бұдан кейін бұл блок қойылған атпен компьютердің жадында сақталады.
Ал
енді блокты қою операциясын қарастырайық.
Бұл команданы Вставить
(Insert)
құлама мәзірінен
Блок
(Block)
пунктін таңдау арқылы немесе Рисование
(Draw)
аспаптар панелінде
пиктограммасын басу арқылы шақыруға
болады.
Бұл команда экранға Вставка блока
диалогтық терезесін шақырады (8.2 –
сурет). Жүйе қойылатын блоктың атын
сұрайды. Алдында жасалғанблоктың атын
жазып ОК батырмасын басамыз. Енді жүйе
блокты экранның кез келген жеріне қоюға
дайын болады. Экранда блок жіңішке
сызықтармен көрінеді, тышқанның көмегімен
блоктың орнын анықтаймыз да, тышқанның
сол батырмасын шертіп, блокты қажетті
орынға қоямыз.
Негізгі әдебиет: 1 нег.74-76, 2 нег. 351-412.
Қосымша: 1 қос.[550-652].
Бақылау сұрақтары:
Қандай команданың көмегімен блоктардың атрибуттарын құруға болады?
Блокты құрғанда атрибуттардың қандай параметрлерін беруге болады?
Атрибут мәтіні символдарының стилі мен өлшемдерін қалай тағайындауға болады?
Блокты сызбада қалай қояды?
Блоктар мен атрибуттар қандай ретпен жасалады?
Блокты файлдан қалай кірістіруге болады?
Дәріс 9. Тетікбөлшектің изометриялық кескінін құру.
Изометриялық кескінді баптау. Изометриядағы көріністер және қималар. Жанасу сызығын алу.
Изометриялық кескін геометриялық объектінің кеңістік пішіні туралы мәлімет бергенімен екі өлшемдік сызба болып табылады.
Изометриялық режимді қосу үшін Tools(Сервис) панелінен Drafting Settings (Режимы рисования) диалогтық терезесін шақырады. Snap and Grid (Шаг и сетка) парағында Grid snap (Тип привязки) бөлімінде Изометриялық режимін қосу керек (9.1-сурет).
F5 пернесінің көмегімен изометриялық жазықтықтарды ауыстырып отыруға болады. Изометриялық жазықтықтар сол жақ, оң жақ және үстіңгі болады. Изометриялық жазықтықтар ауысқанда меңзер қиылысының пішіні және көмекші тор бағыт бұрыштары бойымен өзгереді. Х осінің бұрышы 30, Y осінің бұрышы 150, Z осінің бұрышы 90.
9.2-суретте үш жағы кескінделген (сол жақ, оң жақ және үстіңгі) классикалық изометриялық куб көрсетлген. Бұл суретте меңзер қиылысының сызықшалары кубтың оң жағына сәйкес орналасқан.
Изометриялық режимде осьтерге параллеь түзулерді сызу қиын емес. Ал шеңберлер мен доғалар эллипстер мен эллипстік доғалар түрінде сызылу керек. ELLIPSE (ЭЛЛИПС) командасында Isocircle (Изокруг) параметрі шеңберлерді изометрияда салуға көмектеседі.
Негізгі әдебиет: 4 нег. 186-190.
Қосымша: 1 қос.[198-201].
Бақылау сұрақтары:
Изометриялық режимді қалай қосады?
Изометриялық жазықтықтарды қалай ауыстырады?
Шеңбердің изометриялық проекциясын салу жолы қандай?
Цилиндрдің изометриялық проекциясын салу жолы қандай?
Объектінің изометриялық кескіні кеңістік денесі бола ма?
Дәріс 10. Кеңістік примитивтері. Үш өлшемді модельдердің элементтері
Кеңістік примитивтеріне келесі примитивтер жатады:
- Көрініс экрандары;