Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіби қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
856.06 Кб
Скачать

21

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

5В030100 – «Құқықтану», 5в011500 «Құқық және экономика негіздері» (бакалавриат)

мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Кәсіби қазақ тілі

(пәннің атауы)

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс –2,3

Семестр – 3,5

Кредит саны - 2

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 15 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 15 сағат

Емтихан – 3,5 семестрде

Барлығы – 90 сағат Орал қаласы

2013 ж.

Курс бағдарламасы «Кәсіби қазақ тілі» жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. Құрастырушы – заң ғылымдарының мангистрі, құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Базаргалиева

Құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

“____” ________________20 __ ж. № ___хаттама

Кафедра меңгерушісі___________ т.ғ.к. Серикова Л.С.

(қолы) (аты-жөні)

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

“___” ___________ 20___ ж. № __ хаттама.

Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ Б.М.Мырзабаева

(қолы)

2. Курс бағдарламасы (sillabus).

2.1 Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушының аты-жөні: Базарғалиева Жазира Әкімғалиқызы

Офис: Құқықтық пәндер кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34

Жұмыс телефоны: 51-20-39

2.2. Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Кәсіби қазақ тілі

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір апта 2 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит сағат екі байланыс сағаттан (практика) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.

Кредиттің аптаға бөліну кестесі:

Сабақтар

Өткізу уаќыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1 (1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ,

СӨЖ

50 мин.

Байланыс сағаты 2 (2 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ,

СӨЖ

50 мин.

Кредит саны: 2

Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит

Практикалық

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

2,3

3,5

2

30

30

30

90

емтихан

Кіріспе

Кәсіби қазақ тілі курсы мамандарды дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады. Силлабуста заманауи қазақ тілінің стильдік жүйесі туралы теориялық мағлұматтар беріледі, түрлі процессуалдық құжаттардың ерекшелігі ашылады.

Курсты оқыту мақсаты. Болашақ мамандардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіру, сондай-ақ құқықтық саладағы ауызша және жазбаша дағдыларды дамыту, заңгерлердің жалпы тіл мәдениетін арттыру пәннің мақсаты болып табылады.

Курсты оқыту міндеттері. Терминологияны тереңірек ұғыну мен бекітуге, тілдің ғылыми және публицистикалық стильдерге тиесілі құрылымдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін арнайы лексиканы іріктеу арқылы мамандандыруға қол жеткізіледі.

Пәннің пререквизиттері: Қазақ тіліндегі мәтіндерді тез оқу, жалпы бағдарламаның грамматикалық материалдарын білу, еуызекі сөйлеу дағдылары.

Пәннің постреквизиттері: Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін ақпаратты алу мақсатында мамандық бойынша дағдыларды қалыптастыру және ғылыми әдебиеттерді пайдалана білу; ғылыми мәтінді құрылымдық-семантикалық және мазмұнды-лингвистикалық талдаудың тәсілдері мен құралдарын меңгеру; оқу-кәсіби қарым-қатынас үрдісінде қолдану мақсатында мәтіннен қажетті ақпаратты ала білу.