Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс банк жүйесі 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Кіріспе

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсім мен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша массасында тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.

Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады.

Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің рөлі ерекше. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.

Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық. Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Ал біз осымен тоқтамай, банктік жүйені одан әрі дамытуымыз керек. Ол үшін банктік жүйе қызметтері туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында банк ісін дамыту мен мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылған. Тіпті соңғы уақытта біздің еліміздің банктік жүйесінен ТМД елдері тәжірибе алып жүр. Бұл әрине үлкен жетістік деуге болады. Міне, сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасының банк жүйесі” деп таңдалды.

Бұл тақырыптың өзектілігі - әлемдік тәжірибе көрсеткендей экономикада нарықтық қатынастардың дамуы міндетті түрде мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына байланысты болады.

Ол саясаттың құрамына мемлекеттің ақша-несие саясаты, бюджеттік және валюталық саясаттары жатады. Ал бұл саясаттарды мемлекет банк жүйесі тарапынан атқарып отырады.

«Қазақстан Республикасының банк жүйесі» тақырыбындағы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшелігін анықтау, банк жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу арқылы оларды шешу жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • банк жүйесіне теориялық тұрғыдан сипаттама беру;

  • банктің экономикадағы роліне тоқталу;

  • Қазақстандағы банк жүйесін талдау;

  • Қазақстанның банк жүйесінің дамуындағы мәселелерді анықтау.

Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк жүйесінің мәні мен мазмұны, банк жүйесінің даму тарихы, екінші бөлімде ҚР-ның банк жүйесінің ерекшелігіне жан-жақты талдау жасалады, ал, үшінші бөлімде банк жүйесін дамытудағы мәселелер мен даму перспективалары қарастырылады.

  1. Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

    1. Банктің пайда болуы , қалыптасу тарихы мен дамуы.

Банктер немесе сондай-ақ институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. ХІІ ғасырда Италияда алғашқы вексель пайда болды.

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.

  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.

  2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.

  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.

  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.

  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

  6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр

түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттердің басқа банктердің барлығын да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.

Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда кеш қалыптаса бастады, өз дамуы жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы банктер XVІІІ ғ. екінші жартысында мемлекеттік банк түрінде пайда болып, XІX ғ. аяғы және XX ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:

  • Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған);

  • Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;

  • Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіптестіктері (729) және т.с.с.

Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды.

1917 ж. қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер құрыла бастады. 1922 ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банктері құрылды.

1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк (Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.

1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің “Несие жүйесін құру принцптері туралы” қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегі дербестік құқы жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылады. 1928 ж. Өнеркәсіп банкі мен Электро банкі бірыңғай өнеркәсіп пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа мерзімдік несиені басқа шаруашылық салалардың бәріне олардың тоқсандық жоспарларына сай Мемлекеттік банк беру тиіс болды. Жалпы 1927-1929 жж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.