
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •1 Апта. 2-сабақ грамматика: етістіктің өткен, келер шақтары.
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Етістіктің өткен шақ категориясы
- •Етістіктің келер шағы
- •Өмір деген кен екен
Етістіктің келер шағы
Келер шақ қимылдың сейлеушінің хабарлаған кезінен кейін бола- тынын білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.
Келер шақтың 3 түрі бар:
Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ: а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М: ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз.
ә)-атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын(екен), кел+етін сияқты, қайт+атын көрінеді.
Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары: -ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен кел+ер+мін.
Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бак+пыз, кел+мек+сіз т.б.
7-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ қатегориясының жұрнақтарын тауып, олардын түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Көліктің барлық түрі ғарыш техникасы тэрізді басқа да салаларды дамытудағы ғылыми-техникалык прогресс негізі болып табылмақ. Кен жұмыстары технологиясы мен ұйымдастыру жұмыстарын экономикалық негіздеу арқылы таңдамақ. Кенді қазу технологиясы мен тәсілі тау-кен саласы бойынша шығарылатын арнаулы ережелермен реттелмек. Кәсіпорын қызметкерлері мен маңайдағы елге қатер тудырмайтын тәсілдерді қолданар. Табиғаттың қауіпті құбылыстарын үнемі бақылап жэне одан сақтандырар.
8- тапсырма. Өленді мүқият оқып, мағынасын түсініп, жаттаңыздар.
«Кен - руда өнеркәсібі» деген тақырыпқа эссе құрастырыңыздар.
Өмір деген кен екен
Өмір деген кен екен, Арман деген кұс екен,
Алтыны бар, мысы бар. Төмені бар, өрі бар;
Дүние деген кең екен, Жастығың көрген түс екен,
Неше түрлі кісі бар. Басып кеткен мөрі бар.
Өткен-кеткен көп екен,
Әрқайсысының парқы бар:
Адамгершілік дегеннің,
Салмағы бар, нарқы бар.
(М.Нұрпейісова)
9-тапсырма. Төмендегі етістіктерді болымсыз формаға қойыңыздар.
Өндіру, қопару, бұрғылау, байыту, қалыптастыру, анықтау, пайдалану, енгізу.
10-тапсырма. «Кен байлықтарынын елдін экономикасындағы ролі» деген тақырыпқа оқытушы мен студенттің арасында шағын әңгіме құрастырыңыздар.
11-тапсырма. Зат есімнен етістік тудыратын -ма, -ме, -6а, -бе, -па, -пе жүрнақтарымен сөйлемдер кұрастырып, олардың сойлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
Ү л г і:
Жастарды балалықты тастап, білім алыңдар, дүниенің кілті білімде, оқу керек, надандықпен күресу керек, - деп сендіреді Абай.
Тас - камень (зат есім), -та етістік тудыратын жұрнағының жалғануы арқылы зат есімнен етістік жасалып тұр, -та жұрнағы жаңа мағыналы сөз тудырушылық қызмет атқарып тұр.
12-тапсырма. Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жезқазған комбинатының кұрылысы да тез қарқынмен салынып жатыр, оның бірінші кезегі бір-екі жылдан кейін-ақ пайдалануға беріл... . Өзінің көлемі мен қуаты жөнінен бұл комбинат Одақта бірінші орын ал... . Қияқты көмір кені Қазақстанның Қарағандыдан кейінгі екінші көмір бассейніне айнал... . Жезқазған Қазақстанның, бүкіл Совет Одағының өте ірі индустриялы орталығына айнал....
13- тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктердің қай шақта түрғанын қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.
Жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Криворожье темір жэне Никополь-марганец кендері қазыла бастады. Түсті металлургия кен байлықтары шетел инвестерлерінің қолында болды. Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында болып шет елдердің қол астында болды да, олар кенді шет елдерге таси бастады. Азамат соғысы жылдары халықтың тұрмысы, оның ішінде тау-кен өндірісі көп нашарлады.
3
ГРАММАТИКА: ЕТІСТІКТІҢ ОСЫ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ.
1 АПТА. 3-САБАҚ
1-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
30