Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дниежзілік тау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197.62 Кб
Скачать

1 Апта. 2-сабақ грамматика: етістіктің өткен, келер шақтары.

1 -тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы

Ұлы Октябрь революциясының алдында (1917 ж.) бұрынғы советтер одағында (Ресейде-Қазақстанда) бірен-саран ғана ғалымдармен жоғары оқу орындарында шамалы ғылыми жұмыстар атқарылып тұрды. Октябрьден кейін көп өзгерістер болды: табиғи табиғат ғылымдарында (геология, химия, физика, механика жэне с.с. пәндерде).

1890 жылдан 1900 жылга дейін тас көмір қазылуы 3,5-нан 12,0 млн. т., былайша айтқанда 3,4 есе өсті. Донецк бассейнінің көмірлерінің ең бай жерлері қазыла бастады, Криворожье темір және Никополь-марганец кендері қазыла бастады.

Қара металлургия толық, тас көмір өндірісі жэне түсті металлургия кен байлыктары шетел инвесторларының қолында болды. Шамалы 12 ғана француз банктері шойын құюының 55,8% (ал Ресейдің оңтүстігінде - 83,4% дейін), темір кен байлығының 51,6% (оңтүстікте - 71,5%) билеп түрды. Олар капиталға шабуыл жасап отырды: өйткені мұнда ең арзан жұмыскерлер еңбегі болып барлық байлықты өздері алып отырды. Мұндай табысты бұлар өз елінде таба алмаған!

Петербург өндірістері және Ресей солтүстік-батыс райондары ағылшын көмірін өте қымбат бағамен сатып алып тұрды, ал Ресейдің көмір орындары қазылмай жатты (өйткені, олар шет елден келгендерге керегі жоқ болды!).

Марганец кен байлығы Чиатура мен Никополь райондарында шет елдердің қол астында болды, олар кенді шет елдерге таси бастады.

1913 жылдың аяғында Донецк бассейнінде тек қана 68 үңгірлеу машиналары қолданылды, көмірді көбінесе қайла мен кетпен арқылы қазуға тура келді, арту жұмыстары күрекпен істелді, тасымалдау жұмыстары - жылқы көлігімен тасылды.

Көмір қазуда Ресей дүниежүзінде 6-шы орында, Европада 5-ші орында болды.

Темір кендерін қазуда дүниежүзінде 5-ші, Европада 4-ші орында болды.

Жез қазу жүмыстарында дүниежүзінде 4-ші, Европада 3-ші орында болды.

Жұмыс уақыты 11 сағатқа жетті, ал еңбекақы өте төмен болды. Жұмыскерлердің тұратын жері өте нашар болды: жылынбайтын ба- рактар мен сарайларда (мал қораларына ұқсас) жерлерде түрды. Лена өзенінің бойында құрылған алтын табатын жеке меншік ұйымында жылына 7 млн. рубль пайда тапса, 1916 жылы емдеу жұмыстарына 70 мың рубль, ал оқуға 12 мың рубль ғана шығарылды.

Көмір мен темір кендерін өте алысқа тасығандықтан олардың сату бағасы тым жоғары болды.

1914-1918 жылдардағы Азаматтық соғыстың себебінен халық тұрмысы, оның ішінде тау-кен өндірісінде көп нашарлады.

1920 ж. ҚКП IX съезінде халык шаруашылығын жоспарлап жүргізуге шешім қабылданды: отанымызды түгелдей электрлендіру; транспортты көтеру; жылыту металлургиясын ұлғайту жэне т.с.с. жұмыстар жоспарланды.

I бесжылдықта (1925-30 ж.ж.) Крымда Керчь темір кен орны ашылды; Кривой Рог (қисык мүйіз).

Әдебиет:

Her.: 2, № 8, 2004.

Қос.: 1 [1-17], 1 кітап.

Бақылау сұрақгары:

1. Ресейдегі тау-кен ісінің даму тарихы.

2.Ұлы Октябрь революциясына дейінгі тау-кен ісінің даму тарихы.

3. Ұлы Отан соғысына дейінгі тау-кен ісінің Ресейдегі даму тарихы.

4. Бүгінгі Ресейдегі тау-кен ісінің даму тарихы.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Ұлы Октябрь революциясына дейін Ресей-Қазақстанда ғылым қалай дамыған? XIX ғасырдың аяғында қандай кен орындары қазыла бастады? Қара металлургия, тас көмір өндірісі, түсті металлургия кен байлықтары кімдердің қолдарында болды? Жергілікті кен байлықтарын кімдер билеп тұрды? Марганец кен байлықтары кімдердің қол астында болды? XX ғасырдың басында көмірді немен қазып алып отырған? Көмір, темір, жез қазуда Ресей дүние жүзінде нешінші орында болды?