Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.разр.семинара на каз.яз. по эк.т.1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
825.86 Кб
Скачать

1.Тақырып №9: Экономикалық тепе- теңдік және экономикалық өсім.

2. Мақсат: Жиынтық сұранымды және жиынтық ұсынымды оқу. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі мен танысу. Экономикалық өсім мәнін, көрсеткіштерін және факторларын анықтау және де экономикалық өсудің жаһандық тенденцияларын талдау. Қазақстан экономикасының дамуының басымды бағыттарын көрсету.

3. Оқыту міндеттері:

макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілері мен мәнін, жиынтық сұраныс және жиынтық ұсынымды білу. Экономикалық өсім мәнән, факторларын анықтай білу. ҚР-ның экономикасының артықшылық бағыттарын сараптай білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Макроэкономикалық тепе- теңдік: түсінігі, үлгілері.

2. Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері және факторлары. Экономикалық өсудің жаһандық тенденциялары.

3. Қазақстан экономикасының дамуының басымды бағыттары.

5. Оқыту және оқыту әдістері: Сабақ бірігіп жұмыс жасау тәсілі бойынша өткізіледі, әрбір жұптарға тақырып бойынша тапсырма беріледі. Студенттер берілген тапсырмаларға өздерінің түсініктемелерін және айтылғандарға мәліметтер ұсыну қажет. Сонымен қатар кейін топ мүшелерінің арасында пікір- талас жүргізу. Олар өз сұрақтарын тьюторға және жұптарға қояды. Содан кейін жауап беру кезегі келесі студенттерге ұсынылады.

5.Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Астана, 1997г.

  2. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана

  3. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана-Астана, 2005г.

  4. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана-Астана, 2006г.

  5. Назарбаев Н.А.- Новый Казахстан в новом мире. Астана-28 февраля 2007г.

  6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономика»-Алматы, 2003ж.

  7. Шеденов Ғ.Қ., Сағындыков Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин: жалпы экономикалық теория- Оқулық, 2004ж

  8. Экономическая теория. Учебник под ред. Видяпина В.И., А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, М., 2007г.

  9. Борисов Е. Основы экономической теории. М., 2000.

  10. Мамедов О.Ю. Современная экономика- Ростов н/Дону. 1996г.

6. Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Макроэкономикалық тұрақтылық дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсімге анықтама беріңіз.

  3. Қандай экономикалық өсу түрі үлкен халықшаруашылық нәтиже береді?

  4. Қоғамдық экономикалық өсудің жаңа жүйесі қандай түсінік береді?

  5. егер ЖҰӨ көлемі тұрғындар санына қарағанда қарқынды өссе, онда жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі қандай болады? Түсіндіріңіз.

  6. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды атаңыз.

  7. Экономикалық өсудің позитвті және негативті жақтарын анықтаңыз.

  8. ҚР–ң экономикалық саясатының артықшылық бағыттарын көрсетіңіз.

  9. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу қалай жүргізіледі?

Семей мемлекеттік медициналық академиясы Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: жалпы медицина

Пән: экономикалық теория

Қазақстан тарихы және саясаттану кафедрасы

Жоғары базалық медициналық білім. 1 курс

Тақырып №10. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық

Құрастырған: Хайралиев И.З.

Қазақстан тарихы және

саясаттану кафедрасының доценті

Семей 2007ж.